Көрермендер алғаш рет «Мен, Тонямын» фильмінің серпінін байқай алады
Австралиялық актриса Марго Робби экранда танымал американдық мәнерлеп сырғанаушы Тоню Хардинг образын сомдады.
Фильм тұсаукесері Торонтодағы фестивальде өткен, сол жерде Марго Роббидің «Оскар» жүлдесін де иеленіп қалуы мүмкін деген сыбыстар тараған болатын.
Тоня Хардинг — кедей отбасынан шыққан қыз, оны анасы да, күйеуі де жақсы көрмейді, бірақ мұзда үштік аксельді орындаған алғашқы әйел әрі үздік спортшы атанған.
Тоняны көпшілігі нашар мінезі үшін аса жақтырмайтын, алайда спорттағы жетістігінен соң оны барлығы мойындай бастады.
Бірақ, бұрынғы күйеуі бәсекелесіне қарсы қастандық жасағаны үшін Тоняның мансабы да құлдырай бастайды.
Фильм көркем әрі деректі көріністермен толықтырылған, ал барлық актерлар көрермендермен тікелей тілдеседі.
«Мен, Тонямын» фильмінің тұсаукесері 8 желтоқсанда болады.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін