È

«Жұлдыз дүниеге келді»: Брэдли Купер мен Леди Гага бірге ән айтады

«Жұлдыз дүниеге келді»: Брэдли Купер мен Леди Гага бірге ән айтады

Warner Bros. студиясы «Жұлдыз дүниеге келді» музыкалық фильмінің алғашқы трейлерін ұсынды, бұл танымал актер Брэдли Купердің («Қарулы жігіттер», «Джой») режиссерлік дебюті болады. Сюжет бойынша Купер бар өмірі сахнада өткен тәжірибелі музыкант Джексон Мэйнді сомдайды, ол роликте қара халықтың алдында «Қорытынды шығарып, тыныштыққа кету керек сияқты», - деп мысқылды-лирикалық баллада орындайды.

Осы кезде ол кейіпкері, өз күшіне сенбейтін әнші Аллиді байқайды, оның рөлін Леди Гага («Гага: 155 см», «Кінәлілер қаласы 2: Сол әйел үшін өлтіруге болады») сомдады. «Мен өз әндерімді орындамаймын. Себебі, өзімді ыңғайлы сезіне алмаймын. Әр адам менің дауысымды ұнататынын айтады, бірақ менің қандай жол таңдағанымды олар білмейді», - дейді Алли Брэдли Купер кейіпкеріне.

Трейлерде Брэдли Купер мен Леди Гаганың бірігіп ән айтқаны көрсетіледі. Бұл 1937 жылдан бастап санағанда, «Жұлдыз дүниеге келді» фильмінің үшінші ремейкі. 1976 жылғы нұсқасында басты рөлдерді Барбра Стрейзанд пен Крис Кристоферсон сомдаған. Соларға ұқсау үшін Купер мен Леди Гага Коачелл мен Гластонберидегі музыкалық фестивальдерде өнер көрсетті, мұның алдында сол сахнада Крис Кристоферсон де шырқаған болатын.

«Жұлдыз дүниеге келді» музыкалық фильмі 2018 жылдың 4 қазанынан бастап айналымға шығады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Санұржан Сүлейменов

Актер

Жанель Әлікова

Актриса