È

Ерлан Нұрмұхамбетов

Фильмография рейтингі :

5.29 (13 фильмдер )

Амплуа
Кезең
с по
  • Нұрмұхамбетов Ерлан Маратұлы - режиссер, сценарист, дыбыс режиссері.

    1974 жылы 23 шілдеде Оңтүстік-Қазақстан облысының Абай ауылында дүниеге келген.

    Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Кино және ТВ» факультетін, «Кинодраматургия» мамандығы бойынша бітірген (бакалавр, 1996-2000); өнертану (магистр, 1996-2002).

    «Аsau art films» ЖШС Бас директоры.

    Ұлттық өнер академиясында ұстаз (Алматы, 2008-2013); Қазақ Ұлттық өнер университетінде ұстаз (Астана, 2013 - ...).

     

    Режиссер:

    • 2014 – Жаңғақ тал / Ореховое дерево («Қазақфильм» АҚ және «Қадам» ЖШС)
    • 2014 - Асу арманы (хикая, «Қазақстан» ТРК)
    • 2013 - Базарбаевтар (хикая, ситком, «31 арна» ТРК)
    • 2012 - Аңшы бала | Мальчик охотник («Қазақфильм» АҚ және «Asau Art films» ЖШС) – Голливудтағы International Family Film Festival Халықаралық кинофестивалінде «Үздік шетел драмасы» (2012, АҚШ); Египеттегі Каир балалар кинофестивалінің ресми қатысушысы (2012); Анападағы «Киномалышок 2012» XI балалар кинофестивалінде «Үздік балалар киносы» үшін Гран-при (Ресей);
    • «ҚҰЛАГЕР-2012» Ұлттық киножүлдесінде 2012 жылғы үздік Қазақстандық балалар киносы;
    • 2012 – Елес аңшылары / Охота за призраком - (MG Production) - екінші режиссер
    • 2011 – Найзағай алдында / Перед грозой (к/к) -  сценарийдің қосалқы авторы және қоюшы-режиссер – 2011 жылы Қазақстандағы VII «Еуразия» ХКФ Гран-при; 2011 жылғы Токио халықаралық кинофестивалінің қатысушысы; 2012 жылы Мәскеудегі халықаралық кинофорумның қатысушысы; «Коттбус» халықаралық кинофестивалінің қатысушысы (Германия); «HEIMATFILM FESTIVAL» in Freistadt халықаралық кинофестивалінің қатысушысы  устрия) 2013 жыл; Инсбрук қаласындағы 23 халықаралық кинофестивалінің Гран-при иегері устрия).
    • 2010 – «А» қаласында / В городе «А» (MG Production) - екінші режиссер
    • 2010 - 999 (MG Production) - екінші режиссер
    • 2010 – Серпіліс / Рывок («Қазақфильм» АҚ және «Қанайдар продакшн» ЖШС) – сценарийдің қосалқы авторы, екінші режиссер
    • 2009 – Жаңалық / Прорыв («Хабар» АҚ)
    • 2009 - Тыныштық (деректі)
    • 2008 - Увертюра (қ/м)
    • 2007 – Қош бол, Гүлсары! / Прощай, Гульсары! («Қазақфильм» АҚ және  «Ардфильм» ЖШС) - сценарийдің қосалқы авторы, режиссер (стажер) -  Астанадағы «Еуразия» ХКФ Гран-при (Қазақстан).
    • 2003-2006 – Қызғалдақ / Тюльпан (реж. С. Дворцевой, Қазақстан, Ресей Германия, Швейцария) - екінші режиссер
    • 2003 - Шиза (реж. Г. Омарова, Қазақстан, Ресей, Франция, Германия) – режиссердің көмекшісі
    • 2002 – Кішкентай адамдар / Маленькие люди (реж. Н. Төребаев, Қазақстан, Франция) - екінші режиссер
    • 2002 - Қыз ұрлау (қ/м) – Оберхаузен қаласындағы кинофестивальдің ресми қатысушысы (Германия); Берлиндегі арнайы көрсетілімдердің қатысушысы (Германия), Вашингтон қаласы (АҚШ)
    • 2001 – Жұма / Пятница (қ/м) – Алматы қаласындағы «Жаңаша қара» кинофестивалінде үздік режиссура үшін жүлде алған (Қазақстан).
    • 2000 – Парижге / В Париж (қ/м, 35 мм) – Визуль қаласындағы кинофестивальдің ресми бағдарламасының қатысушысы (Франция)
    • 2000 – Жексенбі / Воскресенье (қ/м) – Алматы қаласындағы (Қазақстан) «Жаңаша қара» кинофестивалінде қазылар алқасының арнайы жүлдегері және Визуль қаласындағы кинофестивальдің ресми бағдарламасының қатысушысы (Франция); Оберхаузен қаласындағы кинофестивальдің ресми қатысушысы (Германия).
    • 2000 – Жол / Дорога (реж. Д. Өмірбаев, Қазақстан, Франция) – режиссердің көмекшісі
    • 1999 – Махаббат пен бәтеңкелер / Любовь и ботинки - Котбус қаласындағы кинофестивальдің қатысушысы (Германия)
    • 1997 - Киллер (реж. Д. Өмірбаев, Қазақстан, Франция) – режиссердің көмекшісі

     

    Дыбыс режиссері:

    • 2008 – Афалиннің секіруі / Прыжок Афалины («Қазақфильм» АҚ және «Медетфильм» ЖШС) – дыбыс операторы
    • 2005 – Мұстафа Шоқай / Мустафа Шокай (реж. С. Нарымбетов) - дыбыс операторының ассистенті
    • 2004 – Күндізгі бақылау / Дневной дозор (реж. Т. Бекмамбетов, Ресей) – дыбыс режиссерінің ассистенті
    • 2001 – Ләйләнің зары / Молитва Лейлы (реж. С. Нарымбетов) - дыбыс режиссерінің ассистенті
  • Жыл Фильмнің атауы
    2002 Ләйләнің зары Дыбыс режиссёрі
    2008 «А» қаласында Режиссер
    2008 Қош бол, Гүлсары! Сценарист
    2008 Қош бол, Гүлсары! Режиссер
    2010 Серпіліс Сценарист
    2010 999 Режиссер
    2010 Серпіліс Режиссер
    2012 Аңшы бала Сценарист
    2012 Аңшы бала Режиссер
    2014 Елес аңшылары Режиссер
    2016 Айман мен Шолпан Режиссер
    2020 Барымташылар Сценарист
    2020 Барымташылар Режиссер
  • «Еуразия» ХКФ-і жайында қызықты 13 дерек

    Әсерлі кино мейрамның ерекшеліктері

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Асан Жасымбеков

7 января 2018, 23:04

Доброго времени суток Ереке Мое имя Асан внук Алихана Букейхана Выставил ролик про Чингизидов Сижу и думаю может в каком нибудь историческом кино снятся ? ролик можно посмотреть здесь https://www.youtube.com/watch?v=2NffhNRumkg&t=653s С уважением, Асан jochi@list.ru

Қазір талқыланып жатқандар
Пролетая над ласточкиным гнездом

Nestled in the heart of the city, Adessobistro is a charming coffee shop that offers a warm and inviting...

adessobistro Coffee

30 Маусым 12:40

Едоки картофеля

Cупер!

ivan.dalmatov.88

09 Февраля, 2025

КарЛАГ в Бильбао: начало съемок казахстано-испанского фильма для Netflix

Liga788 serves as a specializing in comprehensive coverage of sports events.

songakare

26 Января, 2025