È

Жастарға арналған отандық 10 фильм

Жастарға арналған отандық 10 фильм

«Қазақстан киносы» деген кезде, көрерменнің көпшілігі ата-бабаларымыздың батырлығы дәріптелетін тарихи киноны көз алдына елестететіні анық. Ал ерекше шығармашылық адамдары танымал фестивальдерде жүлдеге ие болған, қарапайым жанның көруі қиын авторлық фильмдер деп ойлайды. Соңғы онжылдықта тізімге дәстүрге қарама-қайшы келетін, заманауи өмірді бейнелейтін ситуациялық комедиялар қосылды. Дегенмен, қазақ киносын түрлі әдістермен «жасартуға» тырысатын режиссерлар да баршылық.


«Қызғылт қоян»

Фархат Шәріпов дебютті картинасында заманауи өмірдің шындығын көрсете білді. Сондықтан, режиссер басты кейіпкер ретінде Ерланды емес, ауылға жақын алматылық «алтын жастар» қауымының өкілін алған. Фильмде байлықтың әлсіз адамдарды да күшті қылып көрсететіні айтылады. Картина авторлары сенімді оқиғаны түсіргендіктен, «Қызғылт қоян туралы хикая» табысты болды.

 

«Ғаламшарлықтардың түк қатысы жоқ»

Фархат Шәріповтың екінші фильмі жігерлі, нақтырақ айтқанда ақымақ әрі қуғынбай жастар туралы. Картина ресейлік «Шыршалар» («Елки») фильмінің нұсқасы секілді. Жаңа жыл, сансыз кейіпкерлер, тәртіпсіздік, мәселелер, ішімдіктер мен есірткілер және біртүрлі әзілдер мен елестер... «Қызғыл қоян» жанкүйерлерінің өкінішіне қарай, «Ғаламшарлықтар» түсініксіз сюжетімен және күлкілі емес әзілімен ерекшеленді. Нәтижесінде, картина айналымда сәтсіз болып, көрермендерді қанағаттандыра алмады.

 

«Тиым салынған билер»

Заманауи қазақстан киносының ішіндегі жастарға арналған ең әдемі фильм. Би. Субмәдениет. Бояулар легі. Күш-жігер. Картина қартаймауға, берілмеуге үндейді. Пиццерияда жұмыс істейтін «Қарақұрт» жетекшісі 40 жаста секілді, бірақ өкініштерін ысырып тастаса, көз алдыңда жасарып шыға келеді. «Тиым салынған билер» фильмі жастарға бағытталғандықтан, табысты боламыз деп үміттенген еді. Бірақ, сценарийі мен актерлік ойыны және режиссурасы картинаны тірідей көміп тастады.

 

«Ұстаз»

Фильм жастық мен махаббат туралы. Бір қызығы, «Ұстазда» кейіпкерлер арасында ешқандай сүйісу болмайды, бар романтика бейнебаян үзілістерімен беріледі. Картинада әдемі жас актерларды, Батырхан Шүкеновты, музыкалық әрлеуді және көңіл-күйдің жеңілдігін ерекше атап өтуге болады, ал кемшіліктеріне мүлдем тоқталмаймыз.

 

«Жел қыз»

Алматылық сәнді бикешті ұрлап кеткен Шымкенттік үш жігіт туралы ерекше роуд-муви. Мінезді жас актерлардың арқасында фильм жақсы шыққан. Оңтүстіктің бұзақы жігіттері мен әпкесін ұрлап кеткен алматылық қылмыс беделі бір-бірімен қақтығысып қалады. Фильмде басқа да кейіпкерлерге орын табылды. Сонымен қатар, «Жел қыз» туындысында әзіл арқылы барлық кейіпкерлердің түрлі ділі жақсы көрсетілген.

 

«Ауылдан қашу: «Махаббат» операциясы»

Бұл ауыл жігіттерінің үлкен қалаға бейімделуін баяндайтын фильм. Егер жоғары жалақы төленетін жұмыс болмаса, учаскелік полицияны алдап, аядай ғана бөлмеде тұру керек болса, түскі ас пен кешкі асқа тек Роллтон жейтін болса не істеу керек? Бұл жағдайлардан шығудың жолы аяқ асты табыла кетеді. Кейіпкерлер сәнді журналдың мұқабасынан ұзатылатын байдың қызын көріп қалады. Есеп бойынша қиылатын неке достарды кедейліктен құтқара алады. Тек бір ғана нәрсе – бай жігіт болып көріну қажет.

 

«Қазақша тонау»

Жастық шақта бостандық пен ақшаны аңсайсың, тіпті сол бостандықты да ақшаға сатып алуға болады емес пе?! Әсіресе, сүреңсіз банк қабырғасында жұмыс істейтін кеңсе қызметкері болсаң... Енді зейнетке шыққанға дейін бір айлыққа қарап отыра беру керек пе? Осы кезде достармен бірге алаңсыз өмір сүру үшін Қытай банкінен 10 миллион евро көлеміндегі қаржыны жымқыру ойға сап ете қалады. Сонда қауіпті әрі қызықты шытырман оқиғалардың арқасында іш пысуға да уақыт табылмайды.

 

«Желіде»

Өмірден ләззат алып жүрген «алтын жастардың» өкілдері желі арқылы бір-бірімен қарым-қатынастарын реттей бастайды. Басты кейіпкер Карла – өз ортасында нағыз ханшайым. Ол жас әрі сұлу, қалаған нәрсесінің барлығына қол жеткізе алады. Белгілі бір уақытқа дейін...

 

«Аудандар»

Алматы. 80-жылдардың соңы. Елдегі жағдай шектен шығып барады, жастар қанында бостандыққа деген ұмтылыс көп. Қаланың түрлі аудандарындағы жігіттердің өзара қақтығыстары бірте-бірте нағыз қылмыстық хикаяға айналады. Есею, нақты шешім таңдау мен қабылдау туралы оқиға.

 

«Мажорлар»

Фильм экранға 20 шілде күні жол тартады. Бұл жас режиссер Жәнібек Ғұсмановтың дебюті. Басты ер адам рөлін Марсель Махмуди сомдайды. Әпкесі Сиви де актерлік құрамда бар. Ал біз үйірімпаз Бахтияр Байсеріктің шығуын күтіп жүрміз. Авторлар махаббат, достық, сатқындық секілді жиынтықты көрсетуге уәде беруде. Жалпы, аталмыш фильмнің «Қызғыл қояннан» қалай ерекшеленетінін жақын арада білетін боламыз.

Жастар киносы – бұл бөлек жанр емес, оны белгілі бір топқа бөлуге де болмайды. Бұл жәй ғана жастардың жүрегінен орын ала білген қарапайым кино. Біздің кинематографымызда мұндай кинолар аз, дегенмен болашақта олардың көбейетініне сенеміз.

 

Варвара Литвинова

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

12 наурыз 2018, 23:58

есть фильмы, которые можно пересмотреть, а некоторые не стоит даже просмотра.

Таныс бейне

Әмір Қарақұлов

Режиссер

Бибігүл Ақтан (Сүйіншәлина)

Актриса