È

«Мажорлар» атты отандық фильмнің шығу күні нақтыланды

«Мажорлар» отандық фильмнің шығу күні нақтыланды. Қазақстан киносы

15 маусым күні еліміздің кинотеатрларында «Мажорлар» фильмі көрсетіле бастайды. Картинаның қоюшы-режиссері - Жәнібек Гусманов. Драма оның толық метрдегі дебюті болды.

Отандық өндірісіміздегі картина «алтын» жастар туралы баяндайды. Сюжет барысында ешқашан қиындық көрмей өскен бай балаларының өмірі көрсетіледі. Бірақ, бір күні кейіпкерлер ақша да, билік те көмектесе алмайтын мәселелерге жолығады. Жігіттерге керегі – ақыл тоқтатып, өз әрекеттеріне жауап беруге үйрену.

Көрермендер отандық жаңа кинодан Марсель Махмудиді, Айым Сейтметованы, Ануар Талгатовты және т.б. актерларды көре алады.

Жобаның бас продюсері - Анар Рүстемова, атқарушы продюсері - Қымбат Кеңесбай.

Бастапқыда, түсірілім тобы «Мажорлар» фильмінің 2016 жылдың қараша айында жарыққа шығатынын айтқан болатын. Алайда, картина тұсаукесері 2017 жылдың жаз мезгіліне ауыстырылды.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Аян Өтепберген

Актер

Құралай Анарбекова

Актриса