È

Люк Бессонның үздік 10 картинасы

Люк Бессонның үздік 10 картинасы

10 тамыз күні Люк Бессонның «Валериан және мыңдаған ғаламшардың қаласы» атты кезекті туындысы кинотеатрлардан көрсетіледі. Картинада кейіпкерлер қазақ пен орыс тілдерінде сөйлейтін болады. Тұсаукесердің алдында француз режиссерінің үздік картиналарын еске түсіріп көруді жөн санадық.


«Леон»

Бессонның режиссерлік қызметіндегі ең үздік картиналардың бірі «Леон» фильмі шығар. Драма аяусыз, қатігез киллер Леон туралы баяндайды. Тағдыр қалауымен ол әдемі бойжеткен Матильдамен танысады. Қыздың ата-анасын есірткі сатқаны үшін полицейлер өлтіріп тастайды. Леонның сол қызға сезімі ояна бастайды.

 

«Бесінші элемент»

Фильм әр бес мың жыл сайын әлемді жаулап алу үшін шығарылатын қара күштердің арасындағы портал туралы баяндайды. Бұл жолы Әлемді зұлым күштерден қорғайтын қорғаушы қажет болады. Ақыры, Нью-йорктің такси жүргізушісі Корбен Даллас қорғаушы атанады. Кейіпкер зұлымдықты жеңу үшін төрт күш пен жұмбақ бесінші элементті біріктіруі тиіс.

 

«Көгілдір тұңғиық»

Энцо Молинари мен Жак Майоль – грек аралында бірге өскен достар. Уақыт өтеді, балалар ержетеді. Бірнеше жылдан кейінгі кездесуде екеуі бір жұмысты атқарып жүргендерін біледі. Яғни, оттегісіз тұңғиыққа сүңгиді. Осы кезден бастап екі достың арасында қарсылық басталады.

 

«Періште-А»

Андре қарызға белшесінен батты. Ол Париж қарақшыларына он мыңдаған евро төлеуі тиіс. Бірақ, қарыздан құтыла алмайтындығын сезген кейіпкер өмірмен қош айтысуға бел байлайды. Кенеттен Андре көпірден Сенаға батып өлгісі келген сұлу қызды көреді. Кейіпкер ойланбастан қызды құтқаруға кіріседі. Сәтсіз суицидтен соң Андре бойжеткенге өз мәселесі туралы айтып береді. Белгісіз бойжеткен оған көмектесуге тырысады. Осылайша, кейіпкер қыздың айтқаны бойынша қарыздарынан құтылады. Бірақ, Андре неліктен жаңа танысқан қыздың өзіне көмектесіп жатқанын түсінбей дал болады.

 

«Никита»

Никита есімді жас нашақор достарымен бірге тонауға барып, біреуді өлтіріп қояды. Қыздың соттағы шешімі орындалмайды, оның орнына бойжеткен құпия агенттер мектебіне тап болады. Кейіпкердің өмірі күрт өзгереді, енді ол бірінші санаттағы барлаушыға айналуы тиіс. Кейіпкердің ішкі әлемінде жалғыз өзі көтере алмайтын жүк болады.

 

«Жанна Д’Арк»

Көңілсіз визуалы, ұрысқа толы көріністері және алаңдатушылық музыкасы бар тарихи драма. Люк Бессонның әйел батыры Жанна Д’Арк туралы кинотаспасы осындай. Картина Англия мен Франция арасындағы соғысты баяндайды. Соңғысы көршілерінен жеңіліп қалады. Осы кезде өз-өзіне сенімді Жанна пайда болады да, Францияны ағылшындардың жаулап алуынан қорғауға тырысады.

 

«Ханым»

Картинадағы оқиға Бирмада, заманауи Мьянмада болады. Ол жақта басты кейіпкер Аун Сан Су Чжи есімді бойжеткен тұрады. Ол өз еліндегі диктатураны жойып, демократия орнатуы тиіс. Фильм Люктың басқа жұмыстарының қасында ақ қарға секілді, дегенмен картина көрермен назарына тұрарлық.

 

«Соңғы шайқас»

Фильм ақырзаманнан кейінгі атмосфераға апарады. Бейбітшілік пен тәртіптің жалғыз қорғаны психиатриялық аурухана болып келеді. Ол жақта терең ойлай алатын адамдар ессіздермен күрес жүргізеді. Бұл шайқастан жеңілмеу керек.

 

«Люси»

Бұл аяқ-астынан қажетсіз уақытта, керексіз жерде болып қалған қарапайым қыз туралы хикая. Кейіпкерге қоққан-лоқы көрсетіп, есірткі дилері болуға көндіреді. Оның құрсақ қуысына есірткінің жаңа түрін тігіп жібереді. Қатты соққы алған кезде, есірткі бойжеткеннің ағзасына түсіп кетеді. Сол кезден бастап кейіпкер асқан күшке ие болады.

 

«Валериан және мыңдаған ғаламшардың қаласы»

Әйгілі режиссердің жаңа туындысы. Картина болашақ туралы, екі ғарыштың арнайы агенттері Валериан мен Лорелин жайында баяндадайды. Кейіпкерлер аяқ-астынан Альфа ғаламшарындағы галактикааралық қастандықтың куәсі болады. Ендігі кезекте олар шиеленісті шешулері тиіс.

Еске сала кетсек, картина қазақ тіліне дубляждалған болатын.

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Болат Кисамбаев

12 тамыз 2017, 14:45

Делевинь таки смотрелась вполне норм, были большие опасения насчет нее)

Таныс бейне

Игорь Бабичев

Актер

Максим Митрофанов

Актер

Джон О’Нил

Актер

Талас Бойченко

Актер

Сәбит Мұстафа

Актер