È

2017 жылдың 15 дебютант-актрисасы

2017 жылдың 15 дебютант-актрисасы

Көптеген режиссерлер фильмдеріне жаңа әрі қызықты бейнелерді таңдауға тырысады. Бұл біз осыған дейін жазған жігіттерге ғана емес, сондай-ақ қыздарға да қатысты. Салыстыратын болсақ, тіпті, осы жылы әйелдер бейнесі көбірек шықты. Биылғы жылы толықметражды көркем фильмдерге түскен 15 актрисаның тізімін назарларыңызға ұсынамыз.


Ғазиза Таңшолпан Тілеубай

Қызғылт шашты, көк көзді Ғазиза көгілдір экранға Рүстем Әбдрашовтың «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» жобасы арқылы шықты. Тарихи кинодағы эпизодтық рөл жас актрисаның бағын ашты, енді оны фотосессиялар мен жарнамалық түсірілімдерден жиі көретін болдық. Ғазиза-Таңшолпан Тілеубай көгілдір экраннан өзін шынайы көрсете білгендігін ескерсек, оның болашақтағы актерлық мансабына ешбір шүбә келтірмесіміз анық.

 

Нағима Ахметова

Режиссер Асқар Бисембин өзінің «Кинодан да артық» фильмінде жаңа әрі көрерменге қызықты бейнелердің топтамасын ұсынды. Сондай рөлдердің бірін, яғни керемет дәмханашының рөлін вайнер Нағима Ахметова сомдап, қалтқысыз алып шықты. Өзінің кинодағы жолын көрермен көзайымына айналған белгілі фильмдердің режисерімен бірге жұмыс істей бастағаннан артық актриса үшін бақыт бар ма?

 

Камилла Нұғыманова

Аты аңызға айналған оператор Мұрат Нұғымановтың қызы, әйгілі «Ине» фильмінің режиссерінің сыр-сымбаты келіскен жиені қашаннан-ақ көгілдір экранға сұранып тұрған бейне. Міне, енді біз Камилланың мінсіз бейнесін Нариман Төребаевтың «Үлкен шаһардағы былық» фильмінен көрдік. Ал келесі жылы актрисаны Әлішер Сүлейменовтың «Шатырдағы бұлт» фильмінен тамашалай аламыз.

Анастасия Вострова

Ақан Сатаевтың «Она» атты жаңа триллерінде бар болғаны екі актриса ойнайды: Айсұлу Әзімбаева және Анастасия Вострова. Мектеп оқушысы Настяға фильмнің тең жартысын ойнау оңайға соқпаса да, ол өз рөлін Айсұлудан кем сомдаған жоқ.

 

Альбина Болатқызы

«ZOR» атты спорттық драма - BN тобының мүшесі Альбинаның көркем фильмдегі алғашқы қадамы. Аталмыш фильм жеткілікті деңгейде көрермен жинай алмағанымен, актрисаның болашақ мансабының бастамасы ретінде құптарлық.

 

Адина Бажан

Адина Бажанның да BN тобына қатысы бар, ол топтың бейнебаянына түсу арқылы жанкүйерлерін көбейткен еді. Оның көп ұзамай киноға түсуге ұсыныс алуының өзі таңқаларлық жағдай.

 

Эльдана Қансейітова

«Махаббат жайлы 100 минут» фильмінің басты кейіпкері Мика өзіне сенімді, әдемі әрі ұзақ жылдар бойы отбасылық міндеттерін қалтқысыз орындап келген мейірімді қыз. Бұл - Эльдана Қансейітованың актерлік дебюті. Өкінішке орай, фильм қызықсыз болғандықтан, басты кейіпкердің де рөлі (басқа кейіпкерлер сияқты) сенімсіз шықты. Жас актрисаның болашақта кино саласында жолы болады деп үміттенеміз.

 

Жұлдыз Айдарбекова

Бұл жыл Қайрат Нұртастың жанкүйерлері үшін әншінің әйелін көгілдір экраннан көруімен ерекшеленді. Ол «Арман, періштелер ұйықтап жатқанда» драмасынан бой көрсетті. Әдемі әрі нәзік Жұлдыз зорланған қыздың бейнесін жоғары деңгейде сомдап, көпшіліктің көңілінен шықты.

 

Айлин Елеукенова

Фото: 1mag.kz
Фото: 1mag.kz

Блогер Айлин әнші Бүркіттің өз қаржысына түсірілген «Апан» фильміне түсті. Әрқашан әдемі болып жүретін нәзік қызға кепіл болып, түрлі эмоцияларды ойнауға тура келді.

 

Айым Алтынбекова

Айым да бьюти-блогер, ол Айлинмен бірге «Апан» фильміне түсті. Айымға да орманда іш киіммен жалаң аяқ жүгіру оңай болмады.

 

Арна Мақұлбек

Фото: Paparazzi.kz
Фото: Paparazzi.kz

Салмақты, қырсық қыз Ибалының рөлін Арна Мақұлбек өз деңгейінде сомдап шыққан. «Танысып қойыңыз, Ибалы» фильмі сәтті шықпаса да, Арнаны алдағы уақытта комедиялық жанрдан көруіміз әбден мүмкін.

 

Наталья Наумова

Фото: Today.kz
Фото: Today.kz

Наталья «Барлығы да еркектердің кесірінен» комедиясында Тима есімді такси жүргізуші жігітке қырыңдап, оның қыр соңынан қалмайтын жол полициясының рөлін сомдады. Фильм экраннан көрсетіле бастағаннан-ақ Наташаны Ольга Картунковамен салыстыра бастады. Бізде мұндай қайсар мінезді актирасының типажы әлі де аз болғандықтан, бұл фильм отандық кинематографиядан өз орнын алады деп сенеміз.

 

Әмина Малғаждар

Фото: Voxpopuli.kz
Фото: Voxpopuli.kz

Қазақстандықтарға вайнер ретінде таныс сүп-сүйкімді Әмина осы жылы Әсел Сәдуақасова мен Данияр Алшыновтың қыздарының рөлін сомдап, көрерменді тәнті етті. Асқар Ұзабаевтың «Келін де адам баласы» комедиясында енесі мен келінін татуластыратын рөлі сәтті шықты.

 

Светлана Фортуна

Фото: Weproject.kz
Фото: Weproject.kz

Светлана - Астана қаласы М. Горкий атындағы академиялық драма театрының актрисасы, сондай-ақ «Светлана Фортунаның табысқа жету шеберханасының» жетекшісі. Ол осы жылы Қазақстанның бес бірдей қаласында көрсетілімі өткен «Алжир» драмасында ойнады. Бұл - халық жауының әйелдеріне арналған лагерь жайлы баяндайтын картина.

 

Мөлдір Мекенбай

Енді ғана кинодағы жолын бастап келе жатқан Мөлдір Мекенбай үшін 2017 жыл табысты болды. Ол биыл «Мұрагерлікке қалған махаббат» фильміне және Асқар Ұзабаевтың «Батырлар жолы» хикаясына түсті.

2017 жылды қорытындылай отырып, Қазақстандық кинематография үшін табысты жыл болды деп айтуға негіз бар: жаңа актрисалар, жаңа есімдер, жаңа идеялар пайда болды. Қазақстандық жас актрисаларға жаңа жылда жаңа табыс және қызықты рөлдер көбірек бұйырсын деп тілейміз!

 

 

Варвара Литвинова

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Нұржұман Ықтымбаев

Актер