È

Қазақстандықтарға кеңестік лагердегі тұтқын әйелдер туралы баяндайтын «Алжир» фильмі көрсетіледі

Қазақстандықтарға кеңестік лагердегі тұтқын әйелдер туралы баяндайтын «Алжир» фильмі көрсетіледі. Қазақстан киносы

7 мамыр күні «Алжир» көркем фильмінің тұсаукесері болады. Кинотаспаны еліміздің бес қаласында: Астанада, Алматыда, Ақтөбеде, Қарағандыда және Шымкентте көрсетеді.

«Алжир» драмасы ең ірі лагерьдің бірі«АЛЖИРге» («Отанын сатқандардың әйелдерін орналастыратын Ақмоладағы лагерь») түскен әйелдердің тағдырын баяндайды. Фильм оқиғасы бүгінгі күнімізді көрсетуден басталады. Света апасының қалауымен Әлихан есімді бір кісіге жолығып келуді жөн санайды. Ол кісі кезінде лагерьде жұмыс істеп, әйелдер мен бала-шағаларға көп көмектескен екен. Қарт кісінің естеліктері арқылы көрермендерге өткен жылдардың оқиғасы көрсетіледі.

Толықметражды фильм «Қазақстан» телеарнасының тапсырысы бойынша Қарағанды облысы, Теміртау қаласының маңында түсірілген. Түсірілім жұмыстары 2016 жылдың қараша айында өткен. Белгілі болғандай, кейбір көріністер 30-жылдардағы ІІХК бас ғимаратының сақталған жертөлелерінде түсірілген.

Кинотаспаның бас кейіпкерлерінің рөлдерінде актерлар: Светлана Фортун, Андрей Марычев, Қобыланды Болат, Алтынай Нөгербек және т.б. төбе көрсетеді.

Туындының сценарийін Бахытжан Шарманов жазған, ал режиссерлікпен Әнуар Райбаев («Жамбыл») айналысты. Продюсерлік міндетті Рашит Аманжолов атқарды.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ғабит Мұстафа

Актер

Ерлан Хайрушев

Актер

Никита Казанцев

Актер

Елхан Аманқұлов

Актер

Рүстем Түрікбенбаев

Актер

Қуат Исаев

Режиссер

Нұржан Рүстенов

Актер