È
Кіру
Парольді ұмыттыңыз ба?

или войти

  • через Фейсбук
  • через Твиттер
  • через Вконтакте

Аккаунт жоқ па?Тіркелу

Қолданушы келісімі

Келісім шарттарымен таныстым

Тіркелу
+7
Пожалуйста, оставляйте реальные данные, чтобы мы могли помочь вам в случае возникновения проблем работы сайта.

или войти

  • через Фейсбук
  • через Твиттер
  • через Вконтакте

Аккаунтыңыз бар ма?Кіру

Парольді қалпына келтіру

Жоқ, рахмет.Мен парольді есіме түсірдім

Казахстанский Бродвей
Кинотеатр
Қазақстан киносы
  • Әлемдік кино
Онлайн қарау
Жаңалықтар
  • Қазақстан кино жаңалықтары
  • Әлемдік кино жаңалықтар
  • Тұлға жаңалықтары
Кастингтер
Мақалалар
  • Сұхбат
  • Пікірнамалар
  • Пікірлер
  • Бағандар
  • Бродвей таңдауы
Рейтинг Афиша Тұлғалар Тесттен өту
Ру
Бродвей
  • Онлайн қарау
    • Қазақстан киносы
    • Әлемдік кино
  • Киноөндіріс
  • Тест
  • Тұлғалар
  • Рейтинг
Кастингтер Дүкен Кинотеатр Афиша
Жаңалықтар
  • BrodLive
  • Қазақстан кино жаңалықтары
  • Әлемдік кино жаңалықтар
  • Тұлға жаңалықтары
Мақалалар
  • Сұхбат
  • Пікірнамалар
  • Пікірлер
  • Бағандар
  • Бродвей таңдауы
  • Өткенге шолу
  • Тесттен өту
  • Cтатьи
  • Сұқбат
  • Ержан Жұмабеков: «Елімізде кинотану саласы даму кезеңін бастан өткеруде»

Ержан Жұмабеков: «Елімізде кинотану саласы даму кезеңін бастан өткеруде»

  • 20 Февраля
  • Brod.kz
  • 702
  • 0
Ержан Жұмабеков: «Елімізде кинотану саласы даму кезеңін бастан өткеруде»

Кинотанушы, киносыншы, «Кино тарихы мен теориясы» кафедрасының меңгерушісі Ержан Жұмабековпен сұхбат.


Кинотану саласына қалай келдіңіз? Бұл бағытты таңдауыңызға не әсер етті?

Мектепте жоғарғы сынып оқып жүргенде орыс әдебиеті деген пән болатын. Мұғалім мен үшін орыс әдебиетінің көрнекті шығармаларын ашты. Бұл пән менің ең сүйікті пәнім еді. Сондай-ақ, сабақ барысында орыс суретшілерінің картиналарына шығарма жазатынбыз. Яғни, белгілі бір суретшінің картинасына оқиға құрастырып, пікір білдіретінбіз. Осылайша бұл пән менің шығармашылық ойлау қабілетімді дамытты. Әдебиетке, сурет өнеріне деген қызығушылығым мені киноға әкелді. Мектеп бітірген соң Алматы қаласында орналасқан Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына «кинотанушы» мамандығына түстім. Кәсіби түрде киноға мақала, пікір жазуым осы студенттік кезден басталды.

Алғашқы көрген фильмдеріңіз есіңізде ме?

Алғашқы көрген фильмдерім танымал, сол кездегі теледидар арқылы көптеп көрсетілетін үнді фильмдері болатын. «Зита және Гита» (1972), «Диско бишісі» (1983), «Кек пен заң» (1975) сынды фильмдер маған әсер етті. Болливудтық фильмдер Қеңес одағы кезінде де және Қазақстан Тәуелсіздік алған жылдардан кейін де сұрасқа ие болды. Біздің ауылда барлық үйде теледидар бола бермейтін, сондықтан теледидары бар үйге барлық көршілер жиналып үнді фильмдерін көретінбіз. Бұл – шағын бір кинотеатр іспеттес сияқты болды. Көршілер фильмнен кейін шай ішіп, талдау жасайтынбыз.

Ал ең алғашқы көрген қазақ фильмдерім – Шәкен Аймановтың комедиялық фильмдері, Абдолла Қарсақбаевтың балалар, тарихи-революциялық тақырыбындағы туындылары болды. «Менің атым Қожа», «Даладағы қуғын», «Алты жасар Алпамыс», «Тақиялы періште». Десе де, бала кезімде көрген фильмдердің қатарынан қазақстандық режиссер Болат Шәріптің «Заман-ай» (1998) фильмінің орны ерекше болды.

Сіз үшін қазақ киносында қай режиссерлердің орны ерекше?

Қеңес уақытындағы қазақ киносы өзіндік бейнелеу поэтикасымен ерекшеленді. Мәжит Бегалин, Сұлтан Қожыков, Шәріп Бейсембаев фильмдері және осы бағытты жалғастырушы келесі буын өкілдері Қалықбек Салықов, Сатыбалды Нарымбетов сынды режиссерлер. Ерекше атап өтетін 1988 жылы режиссер Қалықбек Салықов түсірген «Балкон» фильмі. Фильм екі кезең (өткелі тұрған Қеңес кезеңі және тәуелсіз Қазақстан) буынында түсірілген. Мен үшін ол фильм өткен тарихты қорыту және жаңа кезеңнің сипатын көрсеткен туынды. Қазақстандық «жаңа толқынның» ұшқыны да осы фильмнен бастау алады. Ал Рашид Нұғмановтың «Ине» фильмі жаңа кейіпкердің, жаңа шынайлықтың келгенін хабарлады. Қазақстандық фильмдердің эстетикасы өзгерді.

Бүгінде Қазақстандағы кинотану саласы қандай жағдайда?

Қазақстанда кинотанушыларды даярлайтын екі жоғары оқу орны бар. Алматы қаласындағы Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы және Астана қаласындағы Күләш Байсейтова Қазақ ұлттық өнер университеті. Осы оқу орындарынан жыл сайын 8-12 шамасында түлектер оқу бітіріп шығады. Әрине, барлығы кинотану саласында қалмайды. Көпшілігі телевизия, киноөндіріс саласына кетеді.

Тәуелсіздік жылдарынан бері ұлттық кино тарихын қайта қарастыру, кеңестік кезең мұрасын жаңаша бағалау және қазіргі қазақстандық фильмдерді ғылыми тұрғыда талдау бағытында жұмыстар жүргізіліп келеді.

2015 жылдан бастап белгілі кинотанушы Гүлнар Әбікеева негізін қалаған Казақстан киносыншылар Ассосациясы жұмыс жасайды. Бүгінде мүшелігінде 29 адам бар. Жыл сайын «Киносыншылар таңдауы» кинематографтық жүлдесін өткізеді. Бұл шараның қазақ фильмдеріне сараптама жасауға, саралауға және деңгейін анықтауда маңыздылығы зор.

Жалпы алғанда, елімізде кинотану даму кезеңін бастан өткеруде. Кадр даярлау жүйесі мен ұйымдар жұмысы, ғылыми зерттеулер жүргізілуде. Дегенмен іргелі еңбектер санын арттыру, халықаралық ғылыми байланыстарды кеңейту және жас зерттеушілерді қолдау – алдағы уақыттағы басты міндеттердің бірі болып қала бермек.

 

Рахат Тәңірберген

Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА,

Кинотану мамандығының 3 курс студенті

  • 20 Февраля
  • Brod.kz
  • 702
  • 0

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Интервью

27 Тамыз, 2019

Фариза Танаева: «Дәрежан Өмірбаевтың кейіпкер түсімен жұмыс істеуі жаныма жақын»

Кинорежиссер Фариза Танаевамен сұхбат

Brod.kaz

Интервью

26 Тамыз, 2019

Шұғыла Сержан: «Мен қазіргі кезге дейін қызығатын тақырып – отбасы махаббаты»

IV Baiqonyr SFF жеңімпазы Шұғыла Сержанмен сұхбат

Brod.kaz

Интервью

26 Тамыз, 2019

Алдияр Байрақымов: «Бізге керегі – нарықты дүр сілкіндіретін қызықты, сапалы сценарий»

I Baiqonyr SFF «Үздік сценарий» номинациясы жеңімпазы Алдияр Байрақымовпен сұхбат

Brod.kaz

Интервью

24 Тамыз, 2019

Шарипа Оразбаева: «Қазақ киносының өткені ол классика. Ал бүгіні ізденіс»

І Baiqonyr SFF бас жүлдесінің иегері Шарипа Оразбаевамен сұхбат

Brod.kaz

Смотреть онлайн

Старик

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер

  • Фейсбук
  • Инстаграм
  • Вконтакте
  • Твиттер
Бродвей

«Бродвей» кинопорталы - қазақстандық кино қайраткерлерді және олардың шығармашылығын насихаттайтын, киносүйер қауымды біріктіретін Казнеттің бірегей жобасы

  • info@brod.kz (барлық сауалдар бойынша)
Ракетті фирма

© 2012–2026 Бродвей

  • Жарнама