È

Әділхан Ержанов: «Мен үшін шығармашылық - әрдайым қараңғылықтан шығар жол, себебі сен көрмей жатып, кездейсоқ әрекет жасайсың»

Әділхан Ержановпен сұхбат

2017 жылы 23 қарашада Квинсленд штатының астанасы Брисбенде Азия-Тынық мұхиттық киноакадемиясының 11-ші жүлдесін салтанатты түрде табыс етті. 2017 жылы Азия-Тынық мұхиты аймағынан және жиырма бес елден қырық бір фильм номинацияға ие болған.

Жеңімпаздарды құрамы аустралиялық монтажер Джилл Билкок («Мулен Руж» «Ромео мен Джульетта, 1996), Филиппин жазушысы әрі режиссері кіші Адольфо Аликс, қытайлық актриса Хе Саифей, Токио кинофестивалінің бағдарламаларын құрастырушы Йоши Ятабе және қазақстандық жазушы, режиссер әрі оператор Әділхан Ержановтан тұратын халықаралық APSA (Asia Pacific Screen Awards) қазылар алқасы анықтады. Киножүлденің ашылу рәсімінен бұрын Әділханмен кездесіп, кино туралы сұхбаттастық.


- Әділхан, сіз сұхбаттарыңыздың бірінде Канн кинофестивалінің қазылар алқасы таңдаған «Қожайындар» фильмін көпшілік аудиторияға немесе кең айналымға емес, тек қана киносыншыларға арналған деп атап өттіңіз. Тек шектеулі адамдарға ғана қол жетімді фильмді түсірудің не қажеті бар?

- «Қожайындар» фильмім барлығына бірдей түсінікті болмағанымен, стандартан тыс нәрсені көргісі келетін көрермен үшін қолайлы.

Мен үшін киноның екі түрі бар: шынайылық тілімен сөйлейтін кино және шындықты автордың көзқарасымен бейнелейтін фильм. Жалпы, суретші Делакруаның сөзімен айтсақ, шындық - бұл барлығының бірдей ойлауы. Мен жалпыға бірдейді емес, өзгеше әрі дара болып келетін шынайылықты нағыз кино өнері деп санаймын.

- Бірдей фильмді түсірген режиссерлар қиялға, жаңалыққа ерік бермей, «не көрдім, соны түсіремін» деген қағиданы ұстана отырып, міндеттерін жеңілдетуді көздейді деп есептемейсіз бе?

- Бірдей фильмді түсіру әрқашан ыңғайлы. Бұл суретшіге, режиссерге, жазушыға барлық адамдар үшін ортақ тілде сөйлеп, көрермендерге жеткізу және сыншылардың қолдауына ие болып, қаржыландыру жағынан ыңғайлы. Бұл үшін ешкімді кінәлауға болмайды, дегенмен бұл шығармашылық еркіндікке кедергісін тигізеді. Егер сіз бұл кедергіден өтсеңіз, шындықты өзгерте отырып өзіңізді жоғалтпайсыз, өз стиліңіз бен аудиторияңызды қалыптастыра отырып, тәуелсіз суретші болып қаласыз.

- Отандық киноны дамыту және насихаттау өте маңызды. Бұл халықаралық қоғамдастық пен Қазақстан үшін тиімді болмақ. Алайда таспаны ілгерілету үшін онда туындайтын сұрақтар айқын және әмбебап болуы керек. Әртүрлі аудиторияларға қол жетімді болатын әмбебап фильмді қалай түсіруге болады?

- Кинода әмбебап архетиптер бар: үй, отбасы, махаббат, өлім, бірақ таяқтың екі ұшы бар. Егер сіз әмбебап нәрсе түсірсеңіз, фильмдерде космополитизмге оңай ауыса аласыз, онда нақты ештеңе болмайды, шынайылық та, қоғам да жоқ. Мен шығармашылық өзімшілдікті қолдаймын. Өзіме қызықты тақырыптар мен кейіпкерлерді ғана таңдап аламын. Мен неге бұл өзімшілдікті ұстанамын? Себебі, көңілімдегі сұрақтардың басқа көрерменге де қызықты болатынына сенімдімін.

Фильмнің қай аудиторияға қызықты болатынын алдын ала болжау мүмкін емес, ал егер режиссер аудиторияны зерттеп, алдын-ала дайындалса, менің ойымша, бұл белгілі бір «стратегиялық» бизнес-жоспар болып табылады, ал мен оны аса түсіне қоймаймын.

Мен үшін шығармашылық - әрдайым қараңғылықтан шығар жол, себебі сен көрмей жатып, кездейсоқ әрекет жасайсың. Бұл танымал ресейлік ақынның «білмейтінге қарай жүр» сөзімен мағыналас.

Әділхан Ержанов және Тимофей Лобов

- Қай киноны жақсы деп ойлайсыз?

- Мен үшін жақсы фильм - философия мен стильдің әмбебаптығы, яғни фильмнің әрбір элементінен автордың даралығы байқалып тұруы керек. Сондай-ақ, жақсы фильм өмірге басқа қырынан қарауға мүмкіндік беретін, адамды кем дегенде бір миллиметрге өсіріп отыратын дүние.

 

Әділхан Ержановқа сұхбат үшін алғыс айтамыз!

 

Әңгімелескен Наталья Наумова

Суреттерді Наталья Наумова ұсынды

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Maxim Bogomolov

23 наурыз 2018, 19:41

Молодец!

Рекомендуем

Интервью

26 Тамыз, 2019

Алдияр Байрақымов: «Бізге керегі – нарықты дүр сілкіндіретін қызықты, сапалы сценарий»

I Baiqonyr SFF «Үздік сценарий» номинациясы жеңімпазы Алдияр Байрақымовпен сұхбат

Brod.kaz

Интервью

24 Тамыз, 2019

Шарипа Оразбаева: «Қазақ киносының өткені ол классика. Ал бүгіні ізденіс»

І Baiqonyr SFF бас жүлдесінің иегері Шарипа Оразбаевамен сұхбат

Brod.kaz

Таныс бейне

Айнұр Ниязова

Актриса

Гүлшат Ахметова

Актриса

Сергей Червяков

Актер

Тимур Бекмамбетов

Режиссер