È

Әділхан Ержанов

Фильмография рейтингі :

6.59 (12 фильмдер )

Амплуа
Кезең
с по
  • Әділхан Ержанов - режиссер, сценарист, оператор.

    1982 жылы 7 тамызда Жезқазған қаласында дүниеге келген.

    1999 жылы байқауда «Қозы-Көрпеш пен Баян-Сұлу» анимациялық фильмінің қойылымы үшін «Үздік сценарий» жүлдесін иеленген («Хабар» телеагенттігі).

    Қазақстандық және әлемдік киножүйесін қорытындылайтын басылымдарда қатар жұмыс істеген.

    2007 жылы «Еуразия» кинофестивалінде Халықаралық бір қауымдастық Әділханды байқап қалады. Сол фестивальде оның «Бақытжамал» фильміне «Үздік режиссура» үшін сыйлық беріледі. Бұл Ержановтың курстық жұмысы болатын. Әділханның «Қаратас» (2009) атты дипломдық картинасы қоғамдағы өзіндік «Менді» талқылауға бағытталды. Алғашқы толықметражды картинасы «Риэлтор» (2011) болды, фильм халықаралық кинофестивальдерде аталып өткен. 2013 жылы Әділхан мен оның курстасы Серік Әбішев екеуі азғантай қана қаржыға (10 мың доллар - Сорос-Қазақстан Қоры әлеуметтік қысқаметражды фильмдерді түсіруге бөлген грантын ұтып алған) «Құрылысшылар» фильмін түсіреді. Картина Висбаден, Эдинбург, Алматы, Бусан, Рим және т.б. қалаларында өткен бірнеше халықаралық кинофестивальдерге қатысады. 2014 жылы Ержановтың «Үкілі кәмшат» картинасы 67-Канн кинофестивалінің арнайы бағдарламасына іріктелініп алынып, көпшілікті мойындатқан. Британ киносы институтының киносыншысы Джефф Эндрю фестивальға қорытынды жасай келе, режиссер Әділхан Ержановтың «Үкілі кәмшат» қазақстандық фильмін үздік ондыққа қосты.

     

    Режиссер:

    • 2014 Үкілі кәмшат / Хозяева (Қазақстан)
    • 2013 Құрылысшылар / Строители (Қазақстан)
    • 2011 Риэлтор / Риэлтор (Қазақстан)
    • 2009 Қаратас / Каратас (қ/м, Қазақстан)
    • 2009 Бақытжамал / Бахытжамал (қ/м, Қазақстан)

     

    Сценарист:

    • 2015 Шлагбаум / Шлагбаум (Ж. Пошановпен бірге, Қазақстан)
    • 2014 Үкілі кәмшат / Хозяева (Қазақстан)
    • 2013 Құрылысшылар / Строители (Қазақстан)
    • 2011 Риэлтор / Риэлтор (Қазақстан)
    • 2009 Қаратас / Каратас (қ/м, Қазақстан)
    • 2009 Бақытжамал / Бахытжамал (қ/м, Қазақстан)

     

    Оператор:

    • 2013 Құрылысшылар / Строители (Қазақстан)

     

    Жүлделері мен марапаттары:

    • Шлагбаум - Күміс «Әулие Георгий» - Үздік ер азамат рөлі (Еркебұлан Дайыров, ХМКФ, 2015)
    • Үкілі кәмшат - NETPAC Asian Film Festival кинофестивалінің жүлдесі; Ливанда өткен ХКФ Гран-при; «Лiстапад» Минск 21-ші ХКФ жүлдесі (2014).
    • Құрылысшылар - Филиппиндегі ХКФ  Гран-при иеленген (2013).
    • Риэлтор - СINDI ХКФ-де White Chameleon жүлдесі (Оңтүстік Корея); «Киноликбез» ХКФ (Ресей) үздік толықметражды фильмі («Алтын Жан-Люк») үшін Гран-при; «Шәкен жұлдыздары» ХКФ (Қазақстан) «Жастар киносы» санаты бойынша Гран-при; «Киношок» (Ресей) және «Дебоширфильм-Тұнық армандар -XIV» кинофестивальдерінде (Ресей, 2012) қазылар алқасының арнайы жүлдесіне ие болған.
    • Қаратас - Үздік студентік жұмыс, Үздік режиссура, Үздік ер азамат рөлі («Дидар» КФ, 2009)
    • Бақытжамал - «Үздік режиссура» үшін жүлде («Еуразия» ХКФ); «Шәкен жұлдыздары» КФ Гран-при.
  • Жыл Фильмнің атауы
    2012 Құрылысшылар Қоюшы-оператор
    2012 Құрылысшылар Режиссер
    2012 Құрылысшылар Сценарист
    2014 Экстрим журналисті Режиссер
    2014 Экстрим журналисті Сценарист
    2015 Шлагбаум Сценарист
    2016 Қаратас ауылындағы оба Режиссер
    2016 Сот орындаушысы Сценарист
    2017 Таңсәрі Режиссер
    2017 Таңсәрі Сценарист
    2018 Әлемнің мейірімді бейжайлығы Режиссер
    2018 Әлемнің мейірімді бейжайлығы Сценарист
  • «Еуразия» ХКФ-і жайында қызықты 13 дерек

    Әсерлі кино мейрамның ерекшеліктері

    «Сот орындаушысы»

    Бүгін 17.00-де Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында режиссер Мұрат Маханның «Сот орындаушысы» атты кинолентасы көрсетіледі.

2 пікір

Пікір қалдыру үшін

Катенька Сидорова

20 наурыз 2017, 13:49

Мне понравились фильмы. интересно смотреть. Но у меня есть пару идей для новых фильмов... и я не знаю куда обратиться что бы их реализовать и может заработать на этом денег.

Асан Жасымбеков

7 января 2018, 23:03

Доброго времени суток Адильхан Мое имя Асан внук Алихана Букейхана Выставил ролик про Чингизидов Сижу и думаю может в каком нибудь историческом кино снятся ? ролик можно посмотреть здесь https://www.youtube.com/watch?v=2NffhNRumkg&t=653s С уважением, Асан jochi@list.ru

Қазір талқыланып жатқандар
Еркек

alert(1)

aaa

12 Февраля 14:48

Старик (Казахстан)

Cупер!

Egor

20 желтоқсан 21:05

Динара Егеубаева

Динара Егеубаева только и занимается пиаром и защитой геев, давно бы уже в голливуд подалась, а не сидела...

Georgy

11 Тамыз 18:53

Динара Егеубаева

https://fishki.net/anti/4383029-dariga-nazarbaeva-i-dinara-egeubaeva-snova-v-dele.html#comments

Denis

05 Мамыр 16:06