È

Анна Меликян: «Маған дарындыларды танытқан ұнайды»

Анна Меликянмен сұхбат

Астанаға XIV Халықаралық «Еуразия» кинофестиваліне көрермендерге «Махаббат жайлы», «Су перісі» фильмдері арқылы таныс режиссер әрі продюсер Анна Меликян шығармашылық кездсуімен келді. «Бродвей» кинопорталына берген сұхбатында Анна «Еуразияда» нені ұнатқанын, «Махаббат жайлы. Тек ересектерге арналған» фильмінің жалғасына қатысты жоспарының қандай екенін және қазақстандық актер Санжар Мәди жайында айтып берді.


- Сізді «Еуразия» кинофестивалі несімен қызықтырды? Қазақстанда бір дүниені түсіруге қатысты идеяңыз бар ма?

- Мен мұнда пайдақорлық оймен келдім. Мен ешқашан Қазақстанда болған емеспін. Фестиваль – сен ешқашан болмаған елді көру мүмкіндігі, өйткені өзіңнің әдейілеп ешқашан келмейтінің анық. Әзірге, көрген дүниелер ұнап жатыр. Осының барлығының қайда барып құятынын бірден айту мүмкін емес. 10 жыл өткен соң немесе Мәскеуге оралғаннан кейін келесі күні шабыт келуі мүмкін. Қандай жағдай болмасын, бұл қозғалыс, өмір – ол қызық, жаңа адамдар, жаңа энергия.

- Сіздің картиналарыңызда аты мен сенімді фильмографиясы қалыптасқан актерлар ойнайды. Сондай жұлдыздарды бір картинаға жинау қаншалықты қиын? Іріктеу кезінде сіз үшін бірінші орында қайсысы тұрады, дарын ба әлде танымалдылық па?

- Менің «Махаббат жайлы» фильмімде ғана барлық жұлдыздар ойнады, себебі тұжырымдама солай құрылған. Қалған фильмдеріме белгісіз актерлар түсті. Мен соны ұнатамын. Маған жаңа есімдерді ашып, белгісіз әртістермен жұмыс істеген ұнайды. Бірақ, «Махаббат жайлы» фильміндегі тәжірибем танымал актерлармен бірге жұмыс істегеннің қызықты екендігін көрсетті. Мен рөлге келетін әртісті таңдаймын. Маған бұрынғы атақтары мен алдыңғы рөлдері қажет емес. Егер ол адам рөлге келетін болса, демек ол маған қажет. Маған дейін не болғаны қызық емес.

eurasiafestival.kz
eurasiafestival.kz

- Егер мүмкін болса, басты рөлді Константин Хабенский сомдаған «Перизат» фильміңіз жайлы айтып беріңізші? Сіз оны түсіріп болдыңыз ба? Ол қандай жоба болады?

- Мен оны түсіріп болдым, қазір монтаждап жатырмын. Менің дәстүрлі ырымым бар: әлі шықпаған кино жайлы ешқашан сөз қозғамаймын.

- «Махаббат жайлы» үшінші фильм бола ма? Егер болса, өзіңіз түсіресіз бе, әлде қайтадан продюсер боласыз ба?

- Сценарий болған, бірақол маған ұнамады, сондықтан жұмысты тоқтаттым. Мен әрдайым келесі фильмнің алдыңғысынан да жақсы болғанын қалаймын. Егер фильмге қатысты қызықты идея туындаса, жалғасы болып қалар.

WDSSPR
WDSSPR

- Қазақстанда да өз елінде ғана емес, шетелде де табысқа жетіп, танылып жатқан әйел режиссерлар мен продюсерлер көбейіп келеді. Солармен «Еуразия» аясында танысып үлгердіңіз бе? Араласу барысында өзіңізге қызықты болар дүние ала алдыңыз ба?

- «Еуразияда» ешқандай әйел режиссерлармен танысып үлгермедім, бірақ актер Санжар Мәдимен кездестім, тамаша жігіт, біз телефон нөмірімізбен алмасып үлгердік.

- Қазір әлемде мынадай үрдіс жүруде: кинода әйелдер өздерін белсенді түрде көрсетіп, табандылық танытып жатыр. Сіздің ойыңызша, бұл толқын қанша уақытқа дейін жалғаспақ? Жалпы, бұл кино әлеміне қаншалықты әсер етеді?

- Ұзақ уақытқа жалғасатынын сеземін. Әлем нәзіктене түскенін сеземін.

 

Анна Меликянға сұхбаты үшін алғыс білдіреміз!

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Интервью

26 Тамыз, 2019

Алдияр Байрақымов: «Бізге керегі – нарықты дүр сілкіндіретін қызықты, сапалы сценарий»

I Baiqonyr SFF «Үздік сценарий» номинациясы жеңімпазы Алдияр Байрақымовпен сұхбат

Brod.kaz

Интервью

24 Тамыз, 2019

Шарипа Оразбаева: «Қазақ киносының өткені ол классика. Ал бүгіні ізденіс»

І Baiqonyr SFF бас жүлдесінің иегері Шарипа Оразбаевамен сұхбат

Brod.kaz

Таныс бейне

Әмір Қарақұлов

Режиссер