Арман Асенов: «Мен ешқашан дайын сценариймен жұмыс істемеймін»
Отандық продюсер, актер және «Республика сарайы» ЖШС директоры Арман Асенов «Оскармен» оралуға сөз беріп, сөзінде тұрды. Арман Тұрсынбаевич спортық «Оскар» алды. Продюсер «Бродвейге» «Аманат» фильмінің шетелде насихатталуы және беделді жүлденің орнына неге спорттық марапат алғандары туралы әңгімелеп берді.
- Өткен жылы «Аманат» тарихи драмасы «Оскар» үміткерлерінің лонг-лист тізіміне енді. Картинаны шетелге таныту үшін қандай жұмыстар атқарылды, жұмыс барысы қаншалықты шығынды қажет етеді?
– Менің екі арманым болды: Кенесары туралы және Томирис патшайым жайлы фильм түсіру. Тіпті «Кенесары» тақырыбымен ауырдым деуге болады. «Аманат» менің арманымның жүзеге асқаны десем, артық айтқандық емес. Тарихтағы ірі көтерілісті басқарған Кенесары тақырыбы өте күрделі. Сондықтан «Аманат» фильмінің түсірілімімен қатар тағы бір фильмнің түсірілімі жүріп жатты, сөйтіп аса жұрттың назарын аударған жоқ, бұл бізге тиімді болды. Түсірілім бірқалыпты, тыныш өтті. Ал фильмді насихаттау мәселесі аса бір шығынды деп айтуға келмес, дегенмен моральдық және физикалық күш салуды қажет етеді. Мен «Аманатпен» бірнеше ай Голливудта жүрдім, өйткені көрсетілімдер ұйымдастыру керек болды. Картинаны барынша көп адамға таныстыру маңызды: шетелдік көрермендер қаншалықты фильмді көп көріп, бағаласа, соншалықты жақсы. Ал аудитория тарту оңай жұмыс емес. Бұл фуршеттен бастап,қ көрсетілімге дейінгі ұзақ жол. Екіншіден сапалы PR-кампаниясыз тағы болмайды, ал жергілікті медиа-консультанттардың қызметі арзан емес. Айта кету керек, «Аманат» тек беледі байқауларға ғана қатысып қоймай, халықаралық кинофестивальдарға қатыстырылды. Мысалы, фильм Лос-Анжделесте Asian World Film Festival, Болгарияда MENAR және басқа да елдердегі байқауларға қатыстырылды.
- «Аманат» америкалық жүлдені ала алмады, есесіне өзіңіз алдыңыз. Қазақстанға спорттық «Оскар» әкелдіңіз. Оған қатысу үшін де алдын ала өтініш беріле ме?
- Спорттық «Оскарды» ұйымдастырушылар – халықаралық төбелес өнері федерациясының қара белбеулілер клубы. Америкадағы актерлердің 90 пайызы спорттан келгендер екені құпия емес. Мен де киноға спорт арқылы келдім, менің де каратэдан қара белбеуім бар. «Қайсар» фильмінің түсіріліміне секіре алатын, төбелесе білетін бала керек болғандықтан мені шақырған болатын. Клуб мүшелері өздері ұсынып, өздері талқылайды. Мен штаттарда «Аманат» фильмін насихаттап жүргенде олардың көзіне түскен болармын. Ең қызығы, мен Қазақстанға «Оскар» әкелуді армандадым. Арманым орындалды емес пе (күлді). Шыны керек, басқа жолмен. Марапаттау салтанатына, өкінішке орай қатыса алмадым. Мен үшін менің жүлдемді қызым - Ариэль Асенова алды.
- Сонымен, «алтын мүсін» - Сіздің өмірлік мақсатыңыз ба?
- Иә, кәсіби тұрғыдан алғанда армандарымның бірі. 1998 жылы біздің президентіміз бізде бірде-бір Нобель сыйлығының иегері, бірде-бір «Оскар» жүлдегері жоқ деген еді. Осы сөздер менің жаныма тиді, мен қайтсем де Қазақстанға «Оскар» әкелемін деп өзіме өзім серт бергенмін. Ал «Аманат» осы арманымның орындалуына мүмкіндік берді. Өкінішке орай, картинамыз жүлделі бола алмады, бірақ мен бұған мойымаймын. Егер мен ешқандай әрекет жасамсам, онда тіпті жаман болар еді. Мүмкіндікті жіберіп алдық деп өзімді өзім кінәлар ма едім. Қазір менің ұйқым тыныш, өйткені мен қолымнан келгеннің бәрін жасадым. Меніңше бәрі әлі алда. Өмірде әр нәрсенің өз баспалдағы бар: спорттық «Оскар», одан кейін алтын мүсін қазір мен үшін басты жүлде емес (күлді).Тағы да екі мақсатым бар - әлемге Томирис патшайым мен атақты Шыңғыс ханның анасын танысту. Зерттеулерге сүйенсек, жер бетіндегі әрбір он алтыншы адамда Шыңғыс ханның қаны бар деседі, ал оның анасы қазақ халқының этникалық құрамына кірген меркіт тайпасынан шыққан ғой. Меніңше, бұл жақсы идея. Қай мәдениетті алып қарсақ та, ананың образы қасиетті ғой. Бұл жобалардың ең аз дегенде 7 жыл уақытты алатынын түсінемін. «Қазақ хандығымен» жолымыз болды: декорация, костюмдр мен атрибутика салыстырмалы түрде дайын болатын. Ал бұл жобаларды нөлден бастап жетілдіріп, эскизден декорацияға дейін қайта жасау қажет.
Арман Асенов және Рүстем Әбдрашев
- «Қазақ хандығына» келер болсақ, бюджеттен бөлінген қаржы жетіңкіремеді емес пе. Дегенмен тарихи жоба үлкен экранға шықты. Қаржылық қиындықтардан басқа қандай мәселелер болды?
- Иә, бюджетпен біршама қиындықтардың болғаны рас. Алайда жомарт азаматтардың, көптеген мекемелердің қолдауының арқасында кинолента түсірілді. Түсірілім тобын, актерлерді ас-сумен қамтамасыз етуге, олардың ары-бері жүріп-тұруына біраз қаражаттың керек екені көпшілікке аян. Түсіріліп жатқан кино да сапалы шығу үшін қомақты қаржы салу қажет, сондықтан кейде бел ортаға келгенде қаржы таусылып қалады. Сонымен қатар «Қазақ хандығы» қыс мезгілінде түсірілді. Қыста, ен далада түсіру өте қиын ғой. Күнді бер-екі сағат қана жарық болады. Аппартураны қойып, түсірілімді бастап үлгергеніңше күн батып қалады. Даланы жасанды жолмен жарықтандыру мүмкін емес. Ақша да, уақыт та жеткіліксіз болды. Білесіз бе, ерегескендей, менің соңғы жобаларымның бәрі қыста түсірілді. Халықтың қаржысына біз картинаның орыс тіліндегі дубляжын жасадық және картинаның толықметражды нұсқасын прокатқа шығардық.
- Кезекті жобаға кірісер кезде Сіз ең алдымен неге көңіл бөлесіз?
- Мен продюсер ретінде ең алдымен мақсат қоямын. егер бір жобаны қолға алсаң, бәрін таза парақтан бастау керек. Мен ешқашан дайын сценариймен жұмыс істемеймін. Өйткені дайын сценарий әкелген кезде оны оқып танысасың, сөйтіп 12-інші бетіне келгенде бюджеттің бітіп қалатынын түсінесің. Біздің драматургтеріміздің қателігі осында: олар шындықтың аясынан шығып кетеді де, жеме-жемге келгенде олардан кез келген режиссердың, продюсердің бас тартатынын түсінбейді. Барлығына шынайы көзқараспен қарауымыз керек, өйткені біздің елімізде Голливудтағыдай киноға көп бюджет бөлінбейді. Сондықтан мен өзім жүзеге асырғым келген жобаға режиссер, драматург және композитордан құрылған команда жасақтаймын. Осыдан кейін бәріміз бірігіп сценарий жазамыз, фильмнің жалпы концепциясын жасаймыз, түсірілімнің әрбір ұсақ-түйегіне дейін ойластырамыз. Ұжымдық түрде жұмыс істеген кезде бізде қандай нысандар бар, не жасай аламыз, неден бас тарту керек, осы анық болады. Әдетте осының бәріне 2-3 ай уақыт кетеді. Фильмді ұжыммен бірге жазылған кезде небір қызықты идеялар туатынына сенімдімін.
- Осы жылдың басынан бастап Сіз «Республика сарайы» ЖШС директоры болдыңыз. Бұл кино саласынан жайлап алыстауыңызды білдірмей ме?
- Мен қандай жағдайда да кино саласында қаламын деп ойлаймын. Жүзеге асырғым келетін жобаларыма бар. Біздің тарихымыз әлі толық ашылмай жатқан кезде кино саласынан қалай кетуге болады! Кинематограф арқылы дәстүірімізді, мәдениетімізді, тарихымызды көрсете білуіміз керек. Әзірге мүмкіндігіміз бар кезде мен әрекет ете беремін. Мәдениетте өз ізімді қалдырғым келеді. Қазір мен үшін ең бастысы - имидж. Қазір мен сол үшін еңбектенемін, бәрін жоғалтуға болады, бірақ имиджді емес. Мемлекеттің, инвесторлардың өзіңе деген сенімін арттырған соң, келбетіңді жоғалту ұят. Сондықтан мемлекеттің, халықтың, өзінің үмітіңді ақтау – үлкен жетістік.
- Сіздіңше, біздің киномыздың дамуының келесі кезеңі қандай болмақ?
- Жақында Америкада болған кезімде білгенім, оларда мәдениет министрлігі жоқ екен. Оларда мемлекет гранттар бөлетін қорлар бәрін басқарады. Олар дайын өнімді жасап шығарады. Бізде де жақындай осындай бір трансформация жүретін секілді. Өйткені қазір көптеген фильмдерді жекелеген студиялар мен компаниялар түсіреді ғой. Киноөнімдер мен отандық киноның жанрын кеңейту керек. Бұл киноөндірістің келесі кезеңіне жаңа серпін береді.
Арман Асенов және Рашид Нұғманов
- Алдағы жоспарларыңызбен бөлісе отырсаңыз. Қазір қандай жобалармен айналысып жатырсыз?
- Қазір «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» телесериалы әзірленіп жатыр. Меніңше көрерменнің көңілінен шығады деп үміттенемін. Сериалда тарих барынша баяндалған, кейіпкерлер де жақсы ашылған. Биыл фильмнің жалғасын түсіру жоспарда бар, жалғасы да 10 эпизодтан тұрады. «Көшбасшы жолы» үшін де тағы бір картина түсіруіміз керек. Жаңа фильм елорданың Алматыдан Астанаға көшуіне арналады. Бұл өте маңызды оқиға деп білемін. Қазақстандықтар үшін біраз жылдан бері ұлттық идея болған Астананың құрылысы болды. Француздармен бірлесіп фильм түсіру де жоспарда бар, нақтырақ айтсақ, 1976 жылы Пьер Ришар түскен «Игрушки» фильмінің жалғасын түсіруді ойластырып жатырмыз. Бір кездері картина өте танымал болған, ал оның мазмұны әлі күнге терең, өзекті.
Арман Асеновке сұқбаты үшін алғыс білдіреміз!
Сұқбаттасқан Әйгерім Қасқыр
1 пікір
Пікір қалдыру үшін
Askhat
10 наурыз 2017, 22:59"когда фильм пишется коллективно, рождается много интересных идей" согласен. Ведь одна голова хорошо а две лучше