È

Артур Төлепов: «Толық метрге түскім келеді»

Артур Төлепов: «Толық метрді қалаймын»

Әнші, актер және жай ғана тамаша жігіт – Артур Төлепов сұқбатымыздың бас кейіпкері. Ашық әңгіме барысында ол ең алғашқы кинодағы тәжірибесі және болашақ жоспарлары мен армандары жайлы баяндап берді. Еліміздің қыздар қызығарлық күйеужігіттердің бірі жеке өміріндегі құпияларымен де бөлісті.

- Бала кезіңізде сіз археолог болуды армандапсыз, бірақ таңдауыңыз неге шығармашылыққа түсті?

- Мектепте Гүлшара Есетқызы басқаратын театр үйірмесі болды. Бесінші сыныпта оқып жүрген кезімде ол кісі мені байқап, тоғызыншы сыныпқа дейін спектакльдер мен байқауларға қатыстырып жүрді. Гүлшара Есетқызы менің мамандық таңдауыма әсер етті десем болады. Сол кісінің арқасында мен қазір ән де саламын, киноға да түсіп жүрмін.

- Актер ретінде алғашқы қадамыңыз қандай болды?

- Алғашқы фильмім Рүстем Әбдрашевтің «Балалық шағымның аспаны». Мен ол жерде массовкада болдым. Бүған дейін де камераның алдында жұмыс істеп көргенмін: 2007 - 2008 жылдары жарнамалар мен әлеуметтік роликтерде түстік. Тек 2011 жылы ғана толықметражды «Жау жүрек мың бала» фильміне түстім, осыдан кейін шығармашылық жолым ары қарай жалғасты.

- Қандай түсірілім немесе ойыныңыз есіңізде қалды және неге?

- Үшінші курста оқып жүргенімізде «Махаббат мелодрамасы» деген спектакльді жаңаша қойдық. Мен қыздарға қырындай беретін продюсердің рөлін ойнадым. Осы рөл менің есімде қалды, өйткені мен шынымен жаман адамның рөлін ойнадым. Шындығында мен өзім де сондаймын (күлді). Ата-анам көргенде мені тіпті танымай қалды. Кейіннен: «Сахнадан мүлде басқа адамды көрдік» деп мойындады. Достарым да дәл солай деді. Мен кейіпкерімнің мінезін көрерменге жеткізе алғаныма қуандым.

- Бірде сіз Ақтауда жастарға арнап шеберлік класын өткіздіңіз, сіз үшін кәсіби білім керек пе?

- Ақтауда шеберлік класын өткізуге маған дос қызым ұсыныс жасады. бас кезінде мен бас тартқан едім, өйткені мұндай сабақ беруге дайын емеспін, өзімнің де үйренетінім көп деп санадым. Бірақ ол қояр да қоймады, жасатрдың арасында сауалнама жүргізді. Осыдан кейін : «Болды, жасаймыз» деді. Нәтижесінде тыңдармандар өте көп жиналды. мен өзімнің ол кезде не туралы әңгімелегенім есімде жоқ, бірақ бәрі жақсы болғанын білемін. Меніңше, міндетті түрде білім керек, Бірақ дарынсыз, сәтіліксіз тағы да болмайды.

- Отандық режиссерлер мен актерлердің қайсысымен жұмыс істеуді армандайсыз?

- Маған Ақан Сатаевпен, Жасұлан Пошановпен, және әрине, жас режиссерлермен жұмыс істеген қызық болды. Сондай-ақ Еркебұлан Дайыровпен, Аян Өтепбергеновпен, Асылхан Төлеповпен, Тәуекел Мүсліммен және Саят Әшірбековпен бірге бір алаңда жұмыс істегеніме қуаныштымын.

- Қандай әдеби кейіпкер мен тарихи тұлғаның рөлін ойнағыңыз келеді?

- Алдар Көсенің рөлін ойнағым келеді. Меніңше, өте қызық, жан-жақты персонаж. Тарихи тұлғалардың ішінде мені Сәкен Сейфуллиннің образы қызықтырады.

Фото: Kipyat.com

- Сіз көп жұмыс істейсіз, жеке өміріңізде не жаңалық?

- Әзірге жеке өмірімде айтарлықтай жаңалық жоқ. Өмірлік жарым болар қызды әлі кездестірмедім, іздеудемін.

- Биылғы жылғы жоспарларыңызбен бөліссеңіз?

- Шынымды айтсам, алдын ала жоспарлағанды ұнатпаймын, өйткені жоспарларым тез өзгреді. Дегенмен жаңа клиптер, әндер болатыны анық. Әрине толық метрге түскім келеді.

Артур Төлеповке сұқбаты үшін алғыс білдіреміз!

Сұқбаттасқан Әйгерім Қасқыр

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Интервью

26 Тамыз, 2019

Алдияр Байрақымов: «Бізге керегі – нарықты дүр сілкіндіретін қызықты, сапалы сценарий»

I Baiqonyr SFF «Үздік сценарий» номинациясы жеңімпазы Алдияр Байрақымовпен сұхбат

Brod.kaz

Интервью

24 Тамыз, 2019

Шарипа Оразбаева: «Қазақ киносының өткені ол классика. Ал бүгіні ізденіс»

І Baiqonyr SFF бас жүлдесінің иегері Шарипа Оразбаевамен сұхбат

Brod.kaz

Таныс бейне

Дастен Шәкіров

Актер