È

Арыстан Каунев: «Инстаграмшыл қыз» фильмінде сценарист болдым. Бірақ, кейін маған режиссер болуды ұсынды»

Арыстан Кауневпен сұхбат

«Қазақша кәсіп», «Аға ма әлде неке ме» және «Арманға қарай» фильмдерінің сценарисі Арыстан Каунев енді режиссер атанды. Автордың алғашқы толық метрі - «Инстаграмшыл қыз» комедиясы. Арыстан қандай жаңа кәсіби міндеттерге жолыққанын, көрермендерді комедияда не күтіп тұрғанын және өзге де жаңалықтарды «Бродвей» кинопорталына айтып берді.


- Режиссерлік дебютіңіз қалай басталды?

Бастапқыда, «Инстаграмшыл қыз» жобасында сценарист едім. Бірақ, кейін режиссер болу туралы ұсыныс түсті. Мен келістім. Келіспесем, ақымақтық болар еді. Себебі, бұл жаңа тәжірибе, жаңа білім. Былтырғы жылы «Мәдениет үйі» продакшн-компаниясымен ситком түсірмек болғанбыз. Жоспарымыз орындалмай қалды. Ал, қазір, міне толық метр түсірдік. Керемет емес пе?!

«Инстаграмшыл қыз» фильмінің түсірілімінен сурет

- Демек, «Инстаграмшыл қыз» сіздің идеяңыз емес қой?

Жоқ. Бұл «Мәдениет үйіндегі» достардың идеясы. Олар танымал «Q-Елі» скетчкомындағы ainurа_official-дың хикаясын толық метр жасау жөнінде ұсыныс білдірді. Сценарий жазуға ұсыныстар көбіне осылайша, сырттан түседі. Тақырып, кейіпкердің образы, оқиғасы беріледі. Менің тапсырмам –сол оқиғаны әрі қарай өрбіту. «Қазақша кәсіп» те дайын идеямен келген. Содан кейін, біз Алишер Утевпен бірге оны толық метрге айналдырдық. «Аға ма әлде неке ме», «Арманға қарай» жобаларымен де дәл солай болған. Өз жобамды әлі жасамадым. Бірақ, ол күннің де ауылы алыс емес.

- Көрермендер аinurа_official аккауынтының иесі жайында қандай жаңалық біле алады?

- Кейіпкер міндетті түрде аздап өзгереді. Біз әлеуметтік желіге тәуелді болғандар туралы комедия түсірдік. Кейіпкеріміз Инстаграм парақшасынан айырылып, виртуалды әлемнен тысқары өмір сүруді үйрене бастайды. Сондықтан, фильмде ол өзін-өз тани түседі.

«Инстаграмшыл қыз» фильмінің түсірілімінен сурет

- Режиссерлік қызмет қандай екен?

- Жалпы, режиссер орыны жайлы екен! Маған ұнады! Бірақ, әрине, барлығы топтың арқасы ғой. Жобамен тамаша адамдар, өз ісінің нағыз мамандары айналысты. Қоюшы-оператор Сергей Поляковтың жұмысын ерекше атап өткім келеді. Түсірілімдерге қатысты жаңа идеяларымыз, тіпті шығармашылық дауларымыз да көп болды(күліп). Топ пен актерлардың барлығы өз тапсырмаларын «өте жақсы» деңгейде орындап шықты. Дегенмен, көрермендер төреші ғой.

- Олай болса, көрермендер «Инстаграмшыл қыз» фильмін қашан бағалай алады?

- Нақты уақытын айта алмаймын. Комедия келесі жылдың көктемінде жарыққа шығатын шығар.

 

Арыстан Кауневке сұхбаты үшін алғыс білдіреміз!

 

Әңгімелескен Әйгерім Қасқыр​

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Интервью

26 Тамыз, 2019

Алдияр Байрақымов: «Бізге керегі – нарықты дүр сілкіндіретін қызықты, сапалы сценарий»

I Baiqonyr SFF «Үздік сценарий» номинациясы жеңімпазы Алдияр Байрақымовпен сұхбат

Brod.kaz

Интервью

24 Тамыз, 2019

Шарипа Оразбаева: «Қазақ киносының өткені ол классика. Ал бүгіні ізденіс»

І Baiqonyr SFF бас жүлдесінің иегері Шарипа Оразбаевамен сұхбат

Brod.kaz

Таныс бейне

Ержан Жарылқасынұлы

Актер

Әмір Қарақұлов

Режиссер