È

Әсел Сағатова: «Районы» фильміндегі менің кейіпкерім - ерекше, өзіме қарама-қайшы»

Әсел Сағатова: «Районы» фильміндегі менің кейіпкерім - ерекше, өзіме қарама-қайшы»

Сұлулығы көз тартар актриса Әсел Сағатова 12 жылдан бері кино әлемінде. Осы уақыт үшінде ол өзінің дарындылығымен тек қазақстандық көрерменді қуантып қана қоймай, шетелдік киноиндустрияны да бағындырды. Біраз үзілістен кейін ол Ақан Сатаевтың «Районы» фильміне түсті. Бұл фильм келесі айда экранға шығады. Сұқбатында Әсел өзінің балалық шағындағы кумирі, сүйікті фильмдері турадлы және соңғы түскен фильмінде дебютант Елтерес Нұржановпен бірге қалай жұмыс істегені жайлы баяндады.

- Сіз ең алғаш актриса ретінде карьераңызды бастаған уақытқа оралайықшы. Алғашқы жобаңыздан алған әсеріңіз, көңіл-күйіңіз қандай болды?

- Бұл біраз жыл бұрын ьболғани еді, 2003 жылы «Плач матери о Манкурте» атты жоба Қрғызстанда түсірілді. Жұмыс барысындағы эмоциямды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, бірақ түсірілім өте ауыр болды. Сол кезде мен не істерімді білмейтінмін, өйткені маған актерлық шеберлікті үйреткен жоқ, ештеңе түсіндірген емес. Тіпті режиссердың өзі қандай көрініс түсіретінінен бейхабар болған секілді. Актердан не талап етерін де білмейтін. Ол ылғи да айқайлай беретін. Мен мұны жасырмаймын, өйткені шынында да физикалық та, рухани жағынан да өте қиын болды. Түсірілм Ыстық көлдің жағасында өтті. Жыл мезгілі – күрең күз болатын, бірақ қыс жақындап қалғандай сезілетін: тіпті қар түсіп, өңменіңнен өтетін жел азынап тұрды. Ауа райының қолайсыздығынан, режиссердың эмоциялық ұстамсыздығынан мен қианлдым, айналамда ылғи бөтен адамдар, бәрі қырғызша сөйлейді. Қазақстаннан тек Саят Исембаев болды, ол екеуміз кейін «Рэкетир» фильміне бірге түстік.

Түсірілім кезінде мен араласып тұрған жақсы адамдар да болды, олар маған қолдау білдірді. Мен «Плач матери о Манкурте» фильмінің продюсеріңне алғыс айтамын, мені жобаға тартқан сол кісі болатын. Бұл маған тәжірибе мен өмірлік сабақ болған алғашқы жобам.

Әрине, картинаның идечсы жақсы болғанымен ойдағыдай шықты депуге келмейді, өйткені аздап қиындықтар болды.

- Қазір сол кезде өзіңізге берілген тапсырманы жақсы орындай алдым деп ойлайсыз?

-Әрине, жоқ. Алайда маған айтарлықтай тапсырма берілді деп айта алмаймын. Өзіңнің жұмысыңа өзің баға беру қиын. Сол кез өзі қиын уақыт еді ғой. Бірақ біз сол фильммен 2015 жылы «Киношок» фестиваліне бардық.

- Өзіңіздің танымал бола бастағаныңызды қашан сездіңіз?

- «Рэкетирден» кейін мені көбі тани бастады, фильмдегі рөлім үлкен болмаса да, маған танымалдық әкелді. Мен экранда 5 минут қана көрінген шығармын. Бірақ көрермендер есінде сақтап, тани бастады. өйткені меніңше, фильмнің өзі есте қаларлық, бұл еліміздегі коммерциялық фильм болды.

«Рэкетир»​ фильмінен кадр

- Ақан Сатаевпен бірге жұмыс істеп келе жатқан біраз жылдың ішінде өзара қалыптасқан дәстүрлеріңіз бар ма?

- Біздің дістүрге айналған қарым-қатынасымыз дауласу. Әзіл ғой! (Күлді.) Мен ақан сатаевпен 2000 жылдардың басында таныстық. Ол жарнамалық роликтер түсіретін, мен солардың біріне қатысқан болатынмын, шәйді жарнамаладым. Содан кейін тұрғын үй кешенінің жарнамасына түстім. Кейін мені «Рэкетир» фильмінің кастингіне шақырды. кездейсоқ сынақтан өтіп, картинаға түстім. Соынмен Ақанның бірнеше фильміне түсудің сәті түсті.

- Бірге жұмыс істеу қалай екен?

- Ол кісімен жұмыс істеу маған өте жайлы, өйткені мен ол кісіні жақсы білемін деп айта аламын. Одан не күтетінімді де білемін. Ол алаңдағы актерлерге өте жақсы қарайды, өзіңді жайлы сезінесің. Ақанның командасында бір жобадан екіншісіне ауысқанда да өзгермейтін ұйымдасқан құрам қалыптасқан. Ол адамдармен жұмыс істеудің өзі керемет. Кино - бұл дегеміз бірге жұмыс істеген адамдарды туыстай етіп жіберетін құдіретті дүние. Түсірілім алаңында бірге болған бір адамды көрсем, туысымды көргендей қуанамын.

- Қатысатын фильміңізді қандай принциппен таңдайсыз?

- Ең алдымен сценарийі қызық болу керек. Менің киноға келгеніме аса көп бола қоймаса да, тәжірибем бар. Ол кезде біздің киноиндустрияның жағдайы мәз емес еді. Мени көптеген жобаларға қатыстым, олардың кейбірі тіпті экранға шықпай да қалды. Олар неге екені белгісіз біреулердің сөрелерінде қалды. Қазір мен өзім қалайтын, өзіме қызық жобаларға қатысуға тырысамын.

Фильм таңдаған кезде мен тек сценарийге ғана емес, бірге жұмыс істецтін ұжымға да қараймын. Алғашқы кездегі амбициялар идеяны жүзеге асыруға келгенде әспен сәйкес келмей жатады. Сондықтан көңілің қалады. Мысалы, жобаның сценарийімени танысасың, бәрі ұнайды, бірақ түсірілім алаңына келгенде фильмнің жүзеге аспайтыннын көргенде көңілің қалады. Бірақ артқа қайтар жол жоқ, амалсыз қатысасың. Сондықтан мен картинаға қатысты барлық нәрсеге мән беріп, танысамын, содан кейін ғана шешім қабылдаймын.

Satai Film кинокомпания өздері жұмыс істеп келе жатқан жылдардың ішінде абыройларын арттырып, беделін өсірді. Олар мені түсірілімге шақырса, ешқандай күмәнсіз берден келісемін, өйткені мен кімдермен жұмыс істейтінімді, нәтижесі қандай болатынын жақсы білемін.

«Районы» фильмінде менің рөлім кішкентай. Бірақ ақан сатаев айтпақшы, рөлдің кішкентайы болмайды. уКейіпкерімнің мені бірден қызықтырғаны, оның ерекшелігі, маған ұқсамайтын қарама-қайшылығы.

- Рөліңіз туралы кеңірек айтып бересіз бе?

- Түсірілм кезінде менің образым 80-жылдарға сәйкестеліп өзгертілді. Рөл туралы айтатын да ештеңесі жоқ, өйткені өте кішкентай рөл. Кейіпкерім менің бұрынғы ойнаған кейіпкерлеріме ұқсамайды, сонсымен қызық. Луиза - районның қарапайым қызы, ол өздерін құдіретті санайтын жергілікті беделді жігіттермен араласады. Белгілі бір кезеңде ол бас кейіпкерді кезіктіріп, оны өзінің бас пайдасы үшін пайдаланғысы келеді.

«Районы» фильмінің түсірілімі

- «Районы» фильмінің түсірілім алаңында жас актерлермен қандай да бір кеңестеріңізбен бөлістіңіз бе?

- Кеңес бердім деп айта алмаймынМен картинанң бас кейіпкерімен жиі кездестім. Ол кадрда және түсірілім алаңында өзін өте жақсы ұстады. Елтерестің өзіне деген сенімділігі соншалық, киноға бұрыннан түсіп жүрген актер секілді.Бұл мені қуантты, о баста өзі жас, алғаш рет киноға түсіп жатқан баламен киноға түсу қалай болар екен деп қобалжығаным да рас. Бірақ мені таңғалдырғаны, ол кадрда өзін сабырлы, сенімді ұстады, онымен бірге жұмыс істеу маған жайлы болды.

- Қазәр Сіз шетелдік жобаларға қатысып жүрсіз бе?

- Соңғы ре салмақты ұсыныс менің жүкті кезімде жасалды, сондықтан қатыса алмадым.

- Хоббиіңіз туралы айтып беріңізші.

- Сәбиім дүниеге келгенге дейін қызығатын дүниелерім көп болатын, өйткені бо уақытым көп еді. Қазір мен бо уақытымды барынша тиімді өткізуге тырысамын. Сурет салғанды жақсы көремін, спортпен шұғылданамын, мысалы қыз мезгілінде шаңғы тебемін.

- Қандай суреттер саласыз?

- Сюжет таңдап аламын да, саламын. Өзімді суретшімін деп айта алмаймын.

- Кинодан бөлек сізге табыс әкелетін не?

- Бірде құрбыммен бірге кофехана ашқанбыз, бірақ сол кезде түсетін фильмджерім көбейіп, ққосымша жұмыс істеуге уақытым болмай кетті. Өзімнің үлесімді құрбыма бердім. Қазір қосымша кәсібім жоқ.


- Болашақта ұлыңыздың киноға түскенін қалар ма едіңіз?

- Жоқ. Түспейді деп үміттенемін (күлді). Ол, әрине өз жолын өзі таңдайды. Мен бұрын жөргектерді жарнамалаған кезімде мен кішкентай актерлермен жұмыс істедім, бірақ ұлымды түсірілім алаңына апарған жоқпын. Біңр рет қана Алдиярды «Рэкетир 2» фильмінің түсіріліміне алып бардым. Ол кезде балам алты айлық болатын. Оны бірнеше секунд кадрға түсіргім келді. Естелікке қалсын. Басқа уақытта оны белсенді түрде көпшілікке шығарғанды, баламмен түскен суретімнің журнал бетіне шыққанын қаламаймын.

- Өзіңізді өзге кинопрофессияда сынап көргіңіз келмей ме?

- Мынап көогім келеді, бірақ дәл қазір мұның қаншалық мүмкіни екенін білмеймін. Пайда табу үшін бюджеті аз фильм түсіру керек. Режиссерлық ете аламын деп айта алмайимын, бірақ продюсерлікті үйренгім келеді. Режиссураға бар шығармашылығыңды толықтай салу керексің. Егшер бір жобаны қолға алсаң, сонымен өмір сүріп, сонымен тыныстау керексің. Отбасы бар әйел үшін бұл қиындау. Мен өзімді олай елестете де алмаймын, бәрін тастап кино түсіремін деу артық болатын шығар.

Әсел Сағатова ұлы Алдиярмен «Рэкетир 2» фильмінде

- Сүйікті фильміңіз қандай?

- Ескі сүйікті фильмім «Унесенные ветром», сондай-ақ «Дневник памяти» фильмі ұнайды. Махаббат туралы қарапайым фильмдердің бірі ғана, бірақ сол киноны көріп болғаннан кейінгі эмоциям әлі есімде. Маған фильм сюжетімен емес, оны көргенде алатын әсеріңмен ұнайды. Егер көрерменді фильмдегі оқиғадан басқа ештеңе алаңдатпайтын болса, онда режиссер ол фильмді сапалы етіп шығаруға жанын салды деген сөз. маған ойға қалдыратын, уайымдататын, өзіңді қоярға жер таптырмайтын фильмдер ұнайды. Картинаны көріп отырғанда таза эмоцияға берілу өте сирек болатын құбылыс.

- Отандық фильмдерді көресіңз бе?

- Көруге тырысамын, бірақ кейде мүмкін болмай қалады. Қазір кейбір фильмдерді ұшақта көруге болады, ондай мүмкіндік туып жатса, көремін.Уақытым бар болса, отандық фильмдердің тұсаукесерлеріне барамын.

- бала кезіңізде кімнің табынушысы болдыңыз?

- Элизабет Тейлор. Мен егшқашщан белгілі біреудің табынушысы болып, қабырғама суреттерін ілген емеспін. белгілі тұллғалардан біреу-міреу ұнап жатса, олардың да қарапайым өзіміз секілді адам екенін, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері бар екенін түсінетінмін. Олардың бойларындағы белгілі бір қасиеттер ұнайтын. Элизабет Тейлор маған өте керемет әсер қалдырды. Маған ол патшайым, ерекше адам секілді көрінетін. Ол қатысқан фильмдерді жақсы көретінмін.

- Түсірілімдерді сағынасыз ба?

- Ылғи да сағынамын! Бірақ кейде таңдау керек болады. Қалай десеук те, отбасы бірінші орында. Алдияр туғанша жұмыс қызук жүрді, тіпті жүкті кезімде де фильмдерге, телеарна түсірілімдеріне қатысып жүрдім. Ішім білініп тұрса да, мені түсірілімдерге шақыратын, бірақ мен баламның денсаулығын ойлап, тәуекелге бармайын деп бас тарттым. Ұлым туып, өзіме өзім келген соң жайлап жұмысыма кірісе бастадым. Бала екі ай тоғанда түсірілім алаңына келдім.

 

Әсел Сағатоваға сұқбаты үшін алғыс білдіреміз

 

Сұқбаттасқан Айдана Мамаева

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Интервью

26 Тамыз, 2019

Алдияр Байрақымов: «Бізге керегі – нарықты дүр сілкіндіретін қызықты, сапалы сценарий»

I Baiqonyr SFF «Үздік сценарий» номинациясы жеңімпазы Алдияр Байрақымовпен сұхбат

Brod.kaz

Интервью

24 Тамыз, 2019

Шарипа Оразбаева: «Қазақ киносының өткені ол классика. Ал бүгіні ізденіс»

І Baiqonyr SFF бас жүлдесінің иегері Шарипа Оразбаевамен сұхбат

Brod.kaz

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер