È

Данияр Ибрагимов: «Кино түсіру – әлсіздерге арналмаған»

Данияр Ибрагимов: «Кино түсіру – әлсіздерге арналмаған»

15 наурыз күні кинотеатрларда «Алтыншы бекет» фильмінің көрсетілімі басталады. Картинаға 2010 жылғы Маңғыстау облысындағы қылмыскерлердің жаппай қашқан шындық оқиғасы негіз болды. Бұл оқиғаны киноэкранға «АЮ Синема» кинокомпаниясы ҚР Ұлттық Ұланының қолдануымен, «Хабар» агенттігімен серіктесе отырып шығарды. Түсірілім кезіндегі ең қызықты сәттер мен актерларды іріктеу және кинодағы әскери жағдайлар туралы бас продюсер Данияр Ибрагимов баяндап берді.


- Данияр, Ұлттық Ұланмен бірлесе отырып фильм түсіру идеясы қайдан келді?

- Біздің «АЮ Синема» тобымыз шындық және нағыз экшн элементтерімен, әскери кинокартина, динамикалық кино түсіргісі келді. Сәйкесінше, Ұлттық Ұлан өз қаһармандары туралы кино түсіруді жоспарлаған екен. Сондықтан күшімізді біріктіру туралы шешім қабылданды. Идея авторы ҚР Ұлттық ұланы бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, генерал-майор Мұхаметқали Сатов болды. Дәл сол кісі жобаның негізгі жетекшісі болды.

Фильм түсіріліміне қатысты әртүрлі ойлар болды. Бірақ 2010 жылғы қатаң түзету бөліміндегілердің қашуы ерекше оқиға болды. Сол кезде, қатардағы жауынгер Ербол Отарбаев өз өмірін қауіпке тігіп, Қазақстанның жаңа тарихындағы ең батыл қашу оқиғасын тоқтатты. Оқиға қаһармандары – жас жігіттер, біздің қатарластарымыз. Маңызды дүниелерді жастарға жас кейіпкерлермен жеткізу оңайырақ болады деп ойлаймын.

- Фильм болған шындық оқиғадан несімен ерекшеленеді?

- Сценариймен Азамат Айтжан және Мұхит Өтешев айналысты. Расымен де, сценаристтерді ұзақ іздедім. Нәтижесінде, дәл солармен ортақ тіл табыса алдым. Ұлттық ұланмен ұзақ әңгімеден кейін, оқиғаның өткен орнын және оқиға орнындағы шынайы заттарды көрген кезде сценаристтер нені жазу керектігін нақты білді. Фильмді шығарушы ретінде, бір жағынан бізге жеңіл болды, себебі бұл оқиға болған және фактілер дайын. Бірақ, бір жағынан – бұл әдемі әрі көркем жеткізетін шындық оқиға. Егер біз болған оқиғаны дәл сол қалпында көрсетсек, қызықсыз болар еді, тіпті, қорқынышты болар еді. Сондықтан бізге көркем ойды қосуға тура келді.

- Ербол Отарбаев өзінің ерлігі жайлы фильм түсіретінін естіген кезде қалай қабылдады?

- Біздің командамыз оны қатты мазаламауға және дүрліктірмеуге тырысты. Дегенмен, Ербол бізге белсенді түрде көмектесті. Түсірілімге келіп, бақылады. Ол, тіпті, фильмде өзін, яғни Ербол Отарбаевты сомдайтын актер Санұржан Сүлейменовпен бірнеше күн бірге тұрды. Бұл актердің өзі сомдайтын кейіпкерді сезініп, ішкі жағдайын түсінуіне көмектеседі. Ербол қолынан келгеннің бәрін жасады. Біз оған өте ризамыз!

- Қоюшы-режиссердің қызметіне кімді шақыру керектігін ұзақ ойладыңыздар ма?

- Режиссерді таңдауда ешқандай мәселе туындаған жоқ. Біз Серікбол Өтепбергенмен бұрыннан таныспыз. Біріншіден, мен оның жауапкершілігі мен кәсіби шеберлігін білгендіктен, оның жобаға керек адам екенініне күмәнім болған жоқ. Ал, екіншіден, оның әскери кинода тәжірибесі бар. Біз «Жас Ұлан» хикаясымен бірге жұмыс істеген болатынбыз. Үшіншіден, оның көзқарасы ерекше. Егер белгілі бір шарттарды орындау керек болса, ол оны қызықты етіп жасайды. Кейде «бұзақылық» жасағанды ұнатады. Көптеген режиссерлар жаңа тәжірибе жасауға қорқақтайды. Ал Серікбол - батыл режиссер.

- Басты рөлдерге актерларды таңдауда нені негізге алдыңыздар?

- Актерларды кастинг бөлімі ұсынды, ал біз режиссермен бірге оларды таңдадық. Соңғы сөзді режиссер айтты. Барлық кезде ойымыз бір жерден шыққан жоқ, дұрыс шешім қабылдадық деп ойлаймын. Бас қаһарманды сомдайтын актерді таңдау оңайға соққан жоқ. Бұл кейіпкер өз бейнесімен барлығын, соның ішінде көрермендерді бақылауда ұстауы керек. Біз бейнесі, типажы жағынан сәйкес келетін актерді еш таба алмадық. Ұзақ іздедік. Серік Салқынбаевты кастинг аяқталуға таяғанда кездестірдік. Бұл бір көргеннен ғашық болу сияқты (күлді). Біз оның дәл сол жауыздың өзі екенін бірден түсіндік.

- Түсірілім кезінде команда қандай қиындықтарға тап болды?

- Бізде жобадан жобаға келе жатқан арнайы адамдардан құралған команда бар. Тек кейде біреуінің басқа түсірілімнен босамай қалатын кезі болады. Бірақ бұл жолы барлық команда түгел жиналды. Түсірілім расымен де қиын болды. Түсірілім қолайсыз кезеңдерде өтті: тауда, суықта, қар жауып тұрған кезде. Түсірілім барысы 24 сағатқа созылды, аз ұйықтадық, командаға жылы киімдер мен аяқ киімдер сатып алдық. Барлық техника аяздан мұздап қалды. Біз үзіліс жасап немесе жұмысты тоқтатуға жол бермедік. Үш түн қатарынан жұмыс істеген кезімізде болды. Адамдар түсте оянып, түсірілім алаңына келді. Таңертең оралып, түсте қайтып түсірілім алаңына барды. Бағымызға орай, тобымыз соңына дейін бару керектігін түсінді. Барлығы өз міндетін білді және жауапкершілікпен қарады. Команданың қайсарлығының арқасында фильм сәтті шықты деп ойлаймын. Тіпті, түсірілімге қатысқан әскери қызметкерлердің өзі, кино түсіру - әлсіздерге арналмағанын және қатал тәртіп пен жанын салып қызмет ететін әскермен тең екендігін мойындады.

- Әскери техникамен қамтамасыз етуде қандай да бір мәселе туындады ма?

- Бізді Ұлттық Ұлан және Ішкі істер министрлігі қолдады, сондықтан ешқандай мәселе болған жоқ. Біз сценарийді көрсетіп, қандай техниканың және оның не үшін керектігін түсіндірдік. Әскерлер тез байланыс орнатты. Фильмде жаппай түсірілім және топтық, сондай-ақ эпизодтық рөлдерді әскерлер ойнады. Актерлік құрамның 80% пайызы - Ұлттық Ұлан қызметкерлері. Құпияны ашайын, фильмде арнайы әсерлер қолданылған жоқ. Барлық жарылыс, ату, өрт шынайы болды. Әрине, қауіпсіздікті арнайы оқыған адамдар мен кеңесшілер қадағалады. Олар барлығын бақылауда ұстады. Жапа шеккендер болмады.

- Фильмді шығаруда түсірілім тобы алдына қандай міндеттер қойды?

- Басты міндет – біздің арамызда көрсетуге тұрарлық батырлардың өмір сүріп жатқанын жеткізу. Батырлар тек ертегілер мен тарих оқулықтарында ғана емес, біздің айналамыздан да табылады. Олар - біздің құрдастарымыз, тәуелсіздіктің құрдастары. Олар туралы айту қажет, көрсету керек. Тәуелсіздік жылдарында Ұлттық Ұланның көптеген жауынгерлері өз міндеттерін орындау кезінде қаза болды. Біз бейбітшілікте өмір сүре отырып, біздің тыныштығымызды қорғау үшін олардың өз денсаулықтары мен өмірлерін құрбан ететінін ойламаймыз да. Біз «Алтыншы бекет» фильмі арқылы жастарға ненің жаман, ненің жақсы екенін көрсетеміз. Көрермендер біздің еңбегімізді лайықты бағалайды деп үміттенеміз.

 

Сұхбаттасқан Әйгерім Қасқыр

2 пікір

Пікір қалдыру үшін

Maxim Bogomolov

14 наурыз 2018, 00:45

Надо сходить!

Мырзахмет

15 наурыз 2018, 01:51

В целом картина вышла не плохая, но будем подробно говорить, когда сходим на премьеру.

Рекомендуем

Интервью

26 Тамыз, 2019

Алдияр Байрақымов: «Бізге керегі – нарықты дүр сілкіндіретін қызықты, сапалы сценарий»

I Baiqonyr SFF «Үздік сценарий» номинациясы жеңімпазы Алдияр Байрақымовпен сұхбат

Brod.kaz

Интервью

24 Тамыз, 2019

Шарипа Оразбаева: «Қазақ киносының өткені ол классика. Ал бүгіні ізденіс»

І Baiqonyr SFF бас жүлдесінің иегері Шарипа Оразбаевамен сұхбат

Brod.kaz

Таныс бейне

Төлеубек Аралбай

Актер

Аян Өтепберген

Актер