È

«АЮ синема» компаниясы «Алтыншы бекет» фильмінің трейлерін жарыққа шығарды

«АЮ синема» компаниясы «Алтыншы бекет» фильмінің трейлерін жарыққа шығарды

15 наурыз күні ұлттық айналымға режиссер Серікбол Өтепбергеновтың «Алтыншы бекет» фильмі шығады. Таспа шығар алдында «АЮ синема» компаниясы трейлер мен постер жасады.

Фильмдегі оқиға қатаң тәртіптегі колонияда өрбиді, ол жаққа 18 жасар Ержанды қызметке жібереді. Жігерлі жігіт барынша өз-өзін көрсетуге тырысады. Алайда, дәл соның түнгі кезегінде тұтқындар қашуды жоспарлайды. Жас сарбаз батылдығын жинап, қылмыскерлердің қашуына жол бермеуі тиіс.

Фильмге Санұржан Сүлейменов, Жасұлан Өмірбек, Саят Исембаев, Ғани Құлжанов және Гүлнар Байбосынова түсті. Сонымен қатар, таспа түсіріліміне ҚР Ұлттық гвардия сарбаздары мен әскери техника жұмылдырылды.

«Алтыншы бекетпен» қоюшы-оператор Шерхан Таңсықбаев және композитор Асқар Шәфи айналысты. Жобаның атқарушы продюсері - Ілияс Етекбаев, бас продюсері - Данияр Ибрагимов.

Әскери-патриоттық драманың сценарийін Азамат Айтжан және Мұхит Өтешев жазды.

 

2 пікір

Пікір қалдыру үшін

Maxim Bogomolov

27 февраля 2018, 00:59

Молодцы, классно!

Мырзахмет

5 наурыз 2018, 01:45

Думаю, это посвящено к погибшим пограничникам на территории Китая и Алматы.

Таныс бейне

Нұржұман Ықтымбаев

Актер