È

Нұрлан Батыров және Нияз Әбдіғапар: «Біз өз өніміміз үшін ұялмаймыз»

Нұрлан Батыров және Нияз Әбдіғапармен сұхбат

Қазақстандық кинодағы хоррор - өте сирек жағдай. Режиссерлар тәуекел етуге қорқады, себебі отандық айналымдағы триллерді басып озу мүмкін емес. Дегенмен, американдық «Ол» фильмі 2017 жылы 700 миллион долларды, яғни, әлемдегі ең көп қаржыны жинаған қорқынышты фильм. Нұрлан Батыров пен Нияз Әбдіғапар «Проявление» фильмін хоррор элементтерімен үлкен экранға шығару арқылы Қазақстанда да қорқынышты фильм түсіре алатынын көрсетті. Алғашқы бірлескен режиссерлік тәжірибе жайлы, картинаны түсіру кезіндегі қиындықтар мен таспаның жалғасы болатынын-болмайтынын Нияз бен Нұрлан «Бродвей» кинопорталына берген сұхбатында айтып берді.


-Нұрлан, дебютті фильміңізді таныстыру қалай екен, әсерлеріңізбен бөліссеңіз?

- Мен көрсетілімге бір апта қалғанда жыладым, күлдім, кейін барлығын ойламауға тырыстым, тіпті уайымдағаннан басыма түрлі ойлар да келді. Әрине, фильм көрерменге ұнай ма, ұнамай ма - бұл мен үшін қызық. Осыдан бес жыл бұрын алғашқы қысқаметражды «Үй» картинасын түсірген кездегідей, дәл қазір де фильмнің сәтті шығуы үшін күрестім деп айтуға болады.

- Ортақ жұмыстарыңыз қалай болды?

Н.Ә.: Біз Нұрланмен бұрыннан таныспыз және мен оның қысқаметражды «Үй» фильмін көрген кезде, бұдан толықметражды фильм түсіруге болады екен деп ойладым. Нұрлан менің дебютім - «Мұрагерлікке қалған махаббат» фильміне түсті, сондықтан екеуміз тез тіл табысып кеттік. «Проявление» фильмін түсіруге қатты кіріскеніміз сонша, бас продюсер ретінде Айша Кәрім барлық қаржылық мәселелерге қатысты шешімді бірден қабылдады.

Нияз Әбдіғапар «Проявление» фильмінің көрсетілімінде. Фото: mazhor.kz

Фильмнің жұмыс барысына келер болсақ, қызықты өтті. Мен үшін хоррор түсіру - кинодағы жаңа тәжірибе.

Н.Б.: Біз киноға дейін міндеттерімізді бөліп алдық. Нияз актерлармен, қойылыммен жұмыс істесе, мен фильмнің атмосферасына көңіл бөлдім, оператордың уақытынан бұрын көрерменге саспенсті сатып жібермеуін қадағаладым. Осылайша, барлық жұмысымызды, түсірілім алаңындағы жауапкершілікті жеңілдеттік.

Н.Ә.: Мен кино түсіреміз дегенімде, ол маған сенген жоқ. Бірақ 2 күннен кейін Астанаға келді.

Н.Б.: Мен өзіммен бірге заттарымды алып келмедім, себебі келісімді жүргізіп, қайта кетемін деп ойладым. Ал маған осында қалуға тура келді, заттарымды кейін беріп жіберді.

Фильмнің алғашқы нұсқасының болғаны сюжеттің кейбір тұстарында өз септігін тигізді, бұл жағынан жолымыз болды деуге болады. Бар болғаны алдыңғы үйдің орналасқан бөлмелері толық метрге сай келмегендіктен, жаңа үй тұрғызуға тура келді. Қысқаметражды фильмнің актерлік құрамынан басты рөлді сомдаушы Жанель Мақажан ғана қалды.

-Актерларды қалай таңдадыңыздар, кастингке кім жауапты болды?

Н.Б.: Кастингке Нияз жауапты болды. Менің міндетім шебер операторды табу еді. Біздің жолымыз болып, «Проявление» фильмімен Қайрат Темірғалиды жұмыс істеуге көндірдік.

Нұрлан Батыров «Проявление» фильмінің көрсетілімінде. Фото: mazhor.kz

Н.Ә.: Біз кішкентай қыздың рөліне актриса іздеген кезде 50-ден аса балаларды көрдік. «Үй» фильмі 5 жыл бұрын түсірілгендіктен, Алисаны ойнаған актриса бой жетіп қалды. Олжас Тоғымбет пен Айсұлу Әзімбаева босай алмағандарына байланысты «Проявление» фильмінің түсіріліміне қатыса алмады, Айсұлу Әзімбаеваны Дина Тасболатова алмастырды.

- «Проявление» фильмінің сценариіне қандай өзгерістер енгізілді?

Н. Б.: Алғашқы нұсқасынан айырмашылығы, біз бас кейіпкерді ашуға көбірек көңіл бөлдік. Фильмнің сыйымдылығы 70 минут. Артық ештеңе жоқ, фильм бір-ақ сәтте өте шығады. Бұл көреремендерді қуантады деп ойлаймын.

- Фильм сценарийін жазу барысында біреудің кеңесіне жүгіндіңіз бе?

Н.Б.: Қазір қорқынышты фильм түсіру үшін менімен ақылдасатын болды. Себебі, осы кезге дейін көптеген режиссерлар аталмыш жанрда фильм түсіруге талпынғанымен, кинотаспалары айналым кезінде кассалық сәтсіздікке ұшырап жататын.

- Фильм үйден басқа жерде түсірілді ме?

Н.Ә.: Иә, аурухана мен көшеде бір-бір сахнадан түсірдік.

«Проявление» фильмінен көрініс

- Картинада арнайы эффектілер кездесе ме?

Н.Б.: Бар, бірақ көп емес. Мен Джеймс Ванның жанкүйері ретінде, іс-әрекеттің табиғилығына қатты көңіл бөлдім. Жапондық хоррорды, азиаттық қорқынышты фильмдерді құптаймын. Біз таспада ғажайыпты көрсетпейміз, бірақ болып жатқан оқиғаларды көрермендер өз қиялынша дамыта алады. Біз көрермендердің қиялына ерік береміз.

- Актерлар қалай жұмыс істеді?

Н. Б.: Актерлардың ұйықтап жатқан сахнасы өте сәтті шықты. Себебі, олар шынымен де ұйықтап жатқан болатын.

Н.Ә.: Бізде түнгі сахналар көп болғандықтан, 5-6 рет түнгі түсірілім жасауға тура келді, сондықтан түсірілім тобы ұйықтаған жоқ. Актерлар кереуеттеріне жатып, ұйықтап кеткен кезде біз сол сәтті түсіріп алдық.

- Түсірілім алаңында кішкентай баламен жұмыс істеу қаншалықты қиын болды?

Н.Б.: Оны постердегідей әдемі және аңғал қыз деп ойламаңыз. Ол қыз өзінің нені қалайтынын анық біледі. Ата-анасы дұрыс тәрбиелеген. Бастысы -онымен кішкентайлармен сөйлескендей сөйлеспеу керек. Ол өзімен ересектер тең қатарлы сөйлескенін қалайды.

Н.Ә.: Кез-келген кішкентай бала секілді, ол да шаршады, еркеледі. Егер ол өзін нашар сезінсе, біз анасын шақыратынбыз.

Лина Сұлтанова және Нияз Әбдіғапар «Проявление» фильмінің түсірілімінде

- Түсірілім барысындағы қиындықтар туралы айтып берсеңіз.

Н.Б.: Техникалық жағынан қиындықтар болды. Астанадағы түсірілім кезінде қатты жел болды, ал көшеге жарық қою керек. Сондықтан, жігіттер қолдарына құрал-жабдықтарын алып, суықта әр 20 минут сайын ауысып отыруларына тура келді. Мен мұны құрбандық дер едім. Олардың орнында болсам олай жасай алмаспын.

Н.Ә.: Прожектордың жұмыс істемей қалған кезі де болды. Бізге тез ауыстыру керек еді. Әкемнің ойлап тапқан жарық беруші шамын қолданып, жарықтандырдық. Сенесіз бе, бұл керемет үйлесе кетті. Оператор құрылғыны өзіне алды, себебі ол суық айдың жарығын беруі керек.

- Киноны неше күнде түсірдіңіздер?

Н.Ә.: 15 күн ішінде түсірдік.

- Қаражатқа байланысты ма?

Н.Ә.: Жоқ, бізде негізгі түсірілім орны біреу болды және түсірілімге дейін біз барлығын егжей-тегжейлі есептеп қойдық. Рас, алғашқыда 13 түсірілім күнін жоспарлағанымызбен, 15 күнде аяқтадық.

Нұрлан Батыров «Проявление» фильмінің түсірілімінде

- Соңғы кездері отандық режиссерларда кім тез түсіреді деген бәсекелестік бар сияқты көрінеді...

Н.Б.: Бұл бәсекелестік шектен шықса, ақымақтық болар еді. Бізде расымен де қаржы мәселесі болды. Фильмнің сапасына зиян келмесе, неліктен жолды қысқартып, продюсерге есеп беретін ақшамызды үнемдемеске деп ойлаймын.

- Фильмде әуен маңызды рөл атқарады. Фильм әуенімен айналысқан композитор туралы айтып берсеңіздер.

Н.Б.: Әуенмен әрлеу жағын Қазақстандағы тәжірибелі композитор Асқар Шәфи өз қолына алды. Ол әуенді аз уақыт ішінде жазып шықты.

Н.Ә.: Фильмнен кейінгі оқиғаларға келер болсақ, картина желтоқсанда дайын болды, бірақ бояу жағы дұрыс емес еді. Дегенмен, мамандарымыз бір айдың ішінде барлығын қолға алып, фильмді дайындап шығарды.

«Проявление» фильмінен көрініс

- Хоррор жанрымен айналымға шығуға қорықпайсыздар ма? Біздің көрермендер отандық кинематографистердің комедия, мелодрама және тарихи кино түсіргеніне үйреніп қалған еді.

Н.Б.: Әйтеуір бір байқап көру керек қой. Біз өз өніміміз үшін ұялмаймыз. Мен мұны батыл түрде айта аламын. «Ол» фильмі Қазақстанда көптеген миллион касса жинаса, онда бізге неге оны өз нұсқамызда қызықтырақ етіп түсіріп көрмеске?! Әрине, голливудтық «Ол» фильміне дейін әлі алыс екенін білемін. Бірақ, байқап көруге ешкім тиым салған жоқ.

- «Проявления» фильмінің жалғасы бола ма?

Н.Б.: Біз қазір ол туралы ойланудамыз. Бірақ, фильмде оқиғаның тарихы аяқталды. Мүмкін, «Проявление» басқа сюжетпен, тіпті басқа форматта түсірілетін шығар. Барлығы кассалық жинаққа байланысты.

Нияз Әбдіғапар мен Нұрлан Батыровқа сұхбаты үшін алғыс білдіреміз!

Сұхбаттасқан Айдана Мамаева

Превью: mazhor.kz

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Интервью

26 Тамыз, 2019

Алдияр Байрақымов: «Бізге керегі – нарықты дүр сілкіндіретін қызықты, сапалы сценарий»

I Baiqonyr SFF «Үздік сценарий» номинациясы жеңімпазы Алдияр Байрақымовпен сұхбат

Brod.kaz

Интервью

24 Тамыз, 2019

Шарипа Оразбаева: «Қазақ киносының өткені ол классика. Ал бүгіні ізденіс»

І Baiqonyr SFF бас жүлдесінің иегері Шарипа Оразбаевамен сұхбат

Brod.kaz

Таныс бейне

Ахат Ибраев

Режиссер

Әлішер Хайыров

Актер

Қуан Ликеров

Актер