È

«Проявление»: Қорқыныштарының үйі

«Проявление» фильміне пікір

Комедиялардың көбеюінен кейін, қазақстандық кинематография нарығы басқа жанрларды меңгеріп, жарыққа шығаруға тырысуда. Ақан Сатаевтың психологиялық триллердегі екінші тәжірибесі сәтті шықпаған болса, Нұртас Адамбайдың осы бағыттағы фильмі экранға шығуға дайындық үстінде, ал Нұрлан Батыровтың ұқсас бағыттағы «Проявление» дебюті шикілеу көрінгенімен, қазірдің өзінде көрерменнің жүйкесіне әсер етуде.

Оқиға Карина есімді жас келіншектің күйеуі Ринатпен және он жасар сіңілісі Алисамен бірге жақында ғана көшіп келген үйде өтеді. Ринат пен Алисаның арасында отбасылық үйлесімділікті нығайтатын достық пайда болады. Бірде Карина әлі аяқ баспаған бөлмелердің бірінен бөтен дауыстар ести бастайды...

«Проявление» фильмінің оқиғасы Батыровтың бірнеше жыл бұрын өз күшімен шығарған «Үй» қысқаметражды фильмінен бастау алады.

Шын мәнінде, қызықты қысқаметражды фильмнен толыққанды блокбастердің қалай туылғаны туралы мысалдар аз емес («Жауыз өліктер», «Ара», «Құлай берілу»). Олардың кейбіреулері бірнеше бөлімді франшизаға айналды. «Проявления» фильмінің аяқталған сюжетіне қарап, бастапқыда Батыровтың сиквел түсіру ойында да болмағанын айтуға болады.

Негізінде, бұл «Проявления» фильмінің басты артықшылығы. Қазіргі заманғы қазақстандық киноларға әдеттен тыс келмейтін оқиға, кейіпкерлердің идеясын және оның басындағы сюжетті көрсететін соңғы сәт. Көрермен сахнаның шарықтау шегінде басты кейіпкердің қандай жағдайға тап болатынын болжай алмайды.

«Проявления» фильмінің тағы бір артықшылығы ретінде оператор Қайрат Темірғалиевтің жұмысын айтуға болады. Оның жарық және кеңістікпен жасаған жұмысы аз қаражатқа бір жерде ғана түсірілсе де, арзан дүние болып көрінбейді.

Бұдан бөлек, Батыров пен фильмнің қосалқы режиссері Нияз Әбдіғапардың басты рөлді сомдаушыларға келгенде жолы болды. Атап айтқанда, фильмдегі басты рөлдегі Жанел Мақажанның қазақстандық актерлер мен актрисаның басым көпшілігінен айырмашылығы - кейіпкердің ажырамас серігі, яғни, қорқынышты әсерлі көрсете алуында. Экраннан аз ғана уақыт көрінсе де, Дина Тасболатова аудиторияның назарын өзіне аудара алды. Отандық кинодағы әйел рөлдеріндегі мәселелерді ескерсек, «Проявление» сәтті шыққан екі бірдей әйел бейнесімен ұтымды көрінді.

Осымен фильмнің артықшылығы аяқталып, кемшіліктері басталады, оның ең бастысы - өңдеудің сапасыздығы, яғни, көрерменге қорқыныш тудыратын сәттерді дұрыс көрсете алмады. Отандық қоюшы-режиссерлердің аталмыш жанрдағы тәжірибесінің жеткіліксіздігі байқалады. Біздің режиссерлар көрсету және дыбыстау жағын меңгергенімен, өкінішке орай, барлығын біріктіріп, тұтастай көрсете алмады. Сондықтан да оқиғаның шарықтау шегі мен байланысы фильмнің ортасында көрсетіліп, одан кейін ұзын сонар флэшбек байқалады.

Сонымен қатар, «Проявление» фильмінде кейіпкерлер арасындағы диалогтар мен өзара қарым-қатынастар жеткіліксіздеу болды. Нәтижесінде, Марат Әбішев пен Лина Сұлтанованы кадрдан көрінбеді деуге де болады.

Жалпы алғанда, «Проявление» - жұтаң, бірақ көрерменді аса жалықтырмайтын, соңына дейін көруге тұратын, көрерменді әсерге бөлейтін триллер, ең болмағанда экран арқылы жаман көріністерге куә болмайсың (мысалы, «Она» фильміндегідей). Қалай болғанда да, картинадан отандық киноның ілгерілеуі байқалады.

 

 

Киноға барған Кәрім Қадырбаев

Оцените рецензию

2 пікір

Пікір қалдыру үшін

Дания Кузембаева

1 февраля 2018, 14:21

Наконец-то Жанель Макажан досталась главная роль в полнометражном фильме. Удивительная актриса. А рецензии Карима Кадырбаева читаю с удовольствием!

Maxim Bogomolov

4 февраля 2018, 01:15

Нурлан и Нияз молодцы!

Рекомендуем

Рецензии

18 Маусым, 2018

«Суперотбасы – 2»: Бірлік болмай, тірлік болмас

«Суперотбасы – 2» мультфильмі жайлы пікір 

BrodKaz

Рецензии

10 Қазан, 2018

«Қаржыгер. Шығу ойыны»: Санның сапаға айналуы

Коммерциялық  кино бағытында алға ілгерілеу айқын байқалады

Brod.kaz

Рецензии

6 Қазан, 2018

«Веномның» жаңа бейнесі

«Веном» фильміне пікір

Brod.kaz

Рецензии

13 Қыркүйек, 2019

«Қымбатты әке» фильміне пікір

Фильм кинотеатрда 12 қыркүйектен басталады

Brod.kz

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер