È

«ПроЯвление» фильмінің трейлері

«ПроЯвление» фильмінің трейлері

Нұрлан Батыров «ПроЯвление» дебютті кинотаспасының трейлерін ұсынды. Картина хоррор элементтері бар психологиялық триллер жанрында түсірілген.

Сюжетте фотограф бойжеткен суреттеледі, оның айналасында тылсым бір оқиғалар болып жатады. Ол күйеуімен және сіңлісімен қарапайым өмір сүріп жүреді. Бірақ, күн өткен сайын кейіпкерге түрлі бейнелер елестейді. Кейін отбасына қауіп төніп тұрғанын түсінеді.

Басты кейіпкерді Жанел Мақажан сомдады. Сондай-ақ, картинаға Марат Әбішев пен Дина Тасболатова түсті.

«ПроЯвление» фильмінен көрініс

«ПроЯвление» фильмінің идеясы Нұрлан Батыровқа 5 жыл бұрын келген. Оны жүзеге асыруға жас режиссерға Enterprise production тобы көмектескен. Таспаның қосалқы режиссері - Нияз Әбдіғапар, продюсері - Айша Кәрім.

Фильм 2017 жылдың көктемінде Астанада түсірілді. Түсірілім барысы екі аптадан астам уақытқа созылды.

Айта кету керек, бейнеблогер Батыров мамандық бойынша киім дизайнері болып келеді. Ол бірнеше жыл бойы кино мен телевизия саласында костюм бойынша суретші болып қызмет атқарған. Оның ең алғашқы үлкен жобасы «Джокер» фильмі болатын.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Нұрлан Әлімжанов

Актер

Берік Айтжанов

Актер