È

Ринат Сафаров: «Біз нон-стоп тәртібімен жұмыс істейміз»

Ринат Сафаровпен сұхбат

Ринат Сафаров – кинематографистердің шағын ғана ортасында танымал, көпшілік ол туралы көп ести бермейді. Өкінішті-ақ... Ринат Қазақстандағы табысты киностудиялардың бірі 567 студиясының барлық коммерциялық және өндірістік жұмыстарына жетекшілік етеді. Ол сұхбатында компанияның қазір немен айналысатынын, жаңа бағыттар туралы және 567 студиясының басқа компаниялармен неліктен бәсекелесуді тоқтатқаны жайында айтып берді.


Қосымша анықтама: Ринат Ресейде дүниеге келген, Солтүстік Қазақстанда тәрбиеленді, ал жастық шағын Таразда өткізген. Сол жерде КТК ойындарының кезінде Асқар Ұзабаевпен танысқан. 10 жылын ойын кәсібіне арнады, крупьеден бастап, басқарушыға дейін көтерілген. Кейіннен продюсер-фрилансер досы Нұрлан Қожахметовтың шақыртуымен Алматыға келеді.

Сафаровтың алғашқы түсірілім алаңы - Ghetto Dogs тобының «Subarik» әніне түсірілген бейнебаяны. Ринат алғаш рет Жасұлан Пошановтың «Жел қызы» картинасында желілік продюсер болған.

Ринат Сафаров Ұзабаевпен «Боксшы жолы» фильмінің түсірілімінде жұмыс істей бастады, сол кезде локейшн-менеджер қызметіне бекітіледі. Режиссерге оның таспа бойынша жасаған жұмысы ұнап қалады да, Ринатты 567 cl тобына шақырады.

- Тарихи жоба туралы айтып беріңізші?

- Бұл жоба «Хабар» телеарнасының тапсырысы екенін айта кетейік. Хикая хронометражы 45 минуттан тұратын 12 бөлімнен құралған. Хикая сюжеті батырлар туралы, әсіресе Қарасай батыр жайында баяндайды. Көпшілігі тарихи жобаның өзіндік ерекшелігі барын айтып жатады. Сонымен қатар, кейде тарихшылар тарихи деректердің аздығына қатысты сыни пікірлер білдіреді. Дегенмен, біз батырлар туралы аңыз түсіруді ұйғардық.

- Аңыз ба сонда?

- Аңыз деп айта алмас едім. Хикаяда өмір сүруге тиіс дүниелер болады. Дегенмен, бұл расталмаған деректер, себебі бізде ол кезеңдердің қолжазбалары жоқ.

- Асқар түсіріп жатыр ма?

- Режиссері, продюсері - Асқар Ұзабаев. Хикаяны 567 cinema студиясы түсіріп жатыр.

- Хикаяда кімдер ойнайды?

- Бізде үш басты кейіпкер - үш батыр бар. Қарасайды Назар Сұлтанбаев сомдайды, Ағынтайды - Әшім Ахметов, Таймасты (кейіпкердің аты өзгеруі мүмкін) - Жандос Айбасов. Қалғаны эпизодтық рөлдер.

- Сценарийін кім жазды?

- Сценаристер бар, бірақ Асқар әр бөліммен тікелей жұмыс істеді. Ол барлық сценаристердің жұмыстарына араласты. Сценарий оның қалауымен құпталады немесе толықтыруды қажет етеді. Асқардың шығармашылыққа қатысты жұмыстары өте көп, мен оған араласпаймын. Менің жұмысым – ұйымдастыру.

- Сіз картина директоры боласыз ба?

- Мен 567-нің директоры болып сегізінші жыл қызмет атқарып келемін. Аутсорсинг ретінде қолға алған жобалармен айналысып, өзінше дамытамыз. Жалпы, продюсер ретінде, немесе атқарушы продюсер және картина директоры болып жұмыс істей беремін.

- 567 cinema қазір немен айналысуда? Сіздер бұрын 567 creative laboratory болған едіңіздер ғой.

- 567 creative laboratory бар. Қазір екі бағыт бойынша жұмыс істейміз.

- Хикаяларды өндіріске жіберетін кезде телеарналар сіздерге идеямен келе ме, жоқ әлде керісінше ме?

- Бұл бөлек оқиға, осы тақырыпқа қатысты ұзақ әңгіме айтуға болады. Телеарналар біздің креативті тобымызды, жұмыс өтілімізді білгеннен бөлек, өндірістік хикаяларымыздың көрсетіп жатқан рейтингтерінен басқа, бізде не барын сұрайды. Кейде олардың ұсынып жатқан идеялары біздің жоспарларымызбен сәйкес келіп жатады. Сондықтан, бір-біріміздікін қосып, бізді де, арнаны да қанағаттандыратын жоба жасап шығарамыз. Негізі, сен қаласаң да, қаламасаң да тапсырыс беруші – құқықтың иесі, тапсырыстың қандай болатынын сол шешеді.

- 567 түсірмейтін арнайы бір тақырып бар ма?

- Ондайды бар деп айта алмаймын. Түсірмейтін тақырыпқа кезігіп көрмептік. Сіздің айтып отырғаныңыз табу ма?

- Иә...

- Бұл туралы тіпті, ойланып көрмеген едік. Бізге көптеген жобалар келіп түседі, оны аламыз ба, алмаймыз ба деп жатуға уақыт жоқ. Біз нон-стоп тәртібімен жұмыс істейміз.

- Жобаларыңыз көп болған кезде, басқа да кәсіби мамандарды шақырасыздар ма?

- 567 студиясының қазіргі мүшелері - 100% толықтырылған топ емес. Бұл жақта басқа жобалармен айналысып тұратын фриланстар бар. Нарығымыз шағын. Барлығымыз бір-бірімізді танимыз. Штатта тұрып, бар жұмысты мойнына алатын 567-нің қатып қалған адамдары жоқ. Барлығы – фрилансер қызметкерлер, келіп жұмыс істеп, қайта кетеді. Әрине, Ұзабаев пен мені және бірнеше адамдарды қоспағанда...

- Егер фильмге бюджет жетіспесе, мемлекеттен қолдау күтесіздер ме?

- Бұл сұрақтың екі жақты мағынасы бар. Егер сен өзіңе ғана тиесілі болатын коммерциялық кино түсіріп, ақша тапқың келсе, әрине, бұл сенің ғана қаржың, белгілі бір студияға ақша салып, айналымнан кейін қайтарып аласың. Бұл жерде продакт-плейсмент теориясы бар, болды. Мұндай сұрақтармен мемлекетке жүгіну жөнсіз деп ойлаймын.

- Тарихи жобалардан бөлек, 567 қазір тағы немен айналысады?

- Қазір «Сүйе білсең» хикаясының екінші маусымын түсіріп жатырмыз.

- Жобаның режиссері кім?

- Ернар Нұрғалиев. Ол бірінші бөлімін түсірген, екіншісімен де айналысып жатыр.

Біз көпшілікке жарияламаған тағы бір бағытымыз бар, ол деректі кино. Әзірге жасап көріп жатырмыз, егер қызықты болса, әрі қарай да неге айналыспасқа?

- Киноларымызда үйлену тойына қатысты тақырыптар жиі қозғалуда. Қазір де бұл пайда әкелетіндей өзекті тақырып па?

- Коммерциялық киноның нарықта дәлелденген, өмір сүруге құқығы бар және пайда әкелетін бір өзектілігі бар. Біз өзіміздің толық метрімізді түсіру үшін ұзақ дайындалдық, техникалық жабдығымыз бен артық қаржымыз болмаса да, кино түсірудің қиын екенін жақсы түсіндік. Барлық аппаратураны жалға алу тиімсіз. Шығынның орнын толтыра алатының нақты емес. Сондықтан, біраз күте тұрып, ақша тауып, техникамызды дамытып, камера мен жарықты сатып алдық, түсірілім алаңында Асқардың алаңсыз болуы үшін барынша тырыстық.

- «Гламур для дур» үміттеріңізді ақтады ма?

- Жалпы айтсақ, иә. Мен ылғи коммерциялық жағынан қарастырамын. Бұл өте маңызды.

- «Гламур для дур» айналымға 1 қыркүйек күні шетелдіктерді айтпағанда, тағы да үш отандық картинамен қатар шықты. Айналым үшін қорқыныш болды ма?

- Мүлдем қорқыныш болған жоқ. Керісінше, кімнің кім екенін білу үшін жарысқымыз келді. Тек «Моана» мультфильмінен аздап үрейлендік. Себебі, нарықта қандай тақырып қозғалса да, ең алдымен мультфильм әрдайым жақсы пайда табады. Әр отбасының балаларымен бірге мультфильмге баратыны анық. Сондықтан, картинаның қолтаңбасы мен қаржылық саясаты мүлдем бөлек.

- Былтырғы жылы кино туралы Заң талқыланды. Көптеген режиссерлар осыған қатысты пікірлерін білдірген еді. Бірақ, 567 тобының бұл жағдайға араласқаны есімде жоқ...

- Бізге мұндай жағдайларға араласатын уақыт жоқ. Бізде жұмыс көп, шақыртулар жиі түсіп жатады. Бір орында тұрмайтын студиялардың біріміз. Мақтанғаным емес, бірақ бір жылдың ішінде 1-2 жобамен айналысамыз, бұл үлкен жұмыс. Басқа дүниелерге алаңдауға болмайды. Әрине, мен де, Асқар да қатысатын едік. Өйткені, өзіңнің өндірісіңмен айналысқан кезде, айналымның, салықтың, кинотеатрлармен бөлісудің және дистрибуцияның не екенін жақсы түсінесің. Біз барлығын өз басымыздан өткердік.

- Қазіргі таңда жекеменшік компаниялар өз бюджеттерін жасырып жатады. Неге бізде бұл құпия ұсталады деп ойлайсыз?

- Өйткені, діліміз сондай. Ешкім өзінің жеңілгенін көрсеткісі келмейді. Барлығы тек пайда тапқанын ғана жариялайды. Бірақ, нақты қанша қаражат екенін айтпайды. Бізде өз-өзін ақтамаған қаншама картина бар. Бұл туралы ешкім хабарламайды. Әр тұлғаның, продакшнның өзіндік қаржылық шектеуі бар. Нақты сандар жарияланбайды, себебі айтқысы келмегендіктен емес, басқа да мәселелері болғандығында.

- Сценаристер арасында кастинг жүргізіле ме?

- Мен оларды қайдан табу керектігін де білмеймін. 3-4 рет ҚазҰӨА-дан іздеп көруге тырыстым, бірақ мен қалағандай, таңырқайтындай штат болмай шықты. Әр жоба өзінше керемет, барлық жерге авторлар қажет. Ал іздеуге уақыт жоқ. Жұмыс қауырт болса, тіпті босамайсың. Сенің авторлық тобың бар, соған сенесің.

- Егер топ бос болмаса ше?

- О үшін біз, директорлар бармыз ғой. Біздің өзіндік амал-тәсілдеріміз бар.

- Топ жобаның табысты болуынан қандай пайда көреді? Қосымша қаржы бөліне ме?

- Тақырыпша. Топ түсірілімнен кейін қаламақыдан бөлек, тақырыпшаны күтеді. Әрине, әр адам өнімді теледидардан немесе үлкен экраннан көргісі келеді. Біздің мынадай дәстүріміз бар: монтажды аяқтаған соң, тобымызбен бірге көрсетілімге отырамыз, алғашқы көрермендеріміз – авторлар. Қарап отырып, талқылаймыз, әр адам ненің ұнағанын немесе ұнамағанын айтады.

- Бізде жекеменшік киностудиялар аз, бірақ олар бар. Бәсекелестік сезіле ме?

- Шынымды айтсам, жоқ. Бұл тақырыпқа ойланатын уақыт жоқ. Неге екенін белмеймін, бірақ өзімізді үздік деп санаймыз. Асқар Ұзабаев тобын өз саласының үздік маманы екендігіне сендіре алады. Бұрын кеудемсоқтық көп болатын, қазір ол кезеңнен өтіп кеттік. Өмірге деген көзқарасымыз өзгерді. Біз туралы біреудің не айтып жатқаны қызықтырмайды. Біз кімге не қажет, барлығын баяғыда дәлелдеп қойдық.

- Отандық киноға не жетіспейді?

- Бұл сұрақ маған арналмаған, мен шығармашылық адамы емеспін.

- Дегенмен, коммерциялық бағытты ойлаушы адам ретінде біздің киномызға не жетпейді деп ойлайсыз?

- Өзіміздің киномызды көретін адамдар жетіспейді. Ақша бар, бірақ көретін адамдар жоқ.

- Егер Қазақстан нарығымен ғана шектелмесек ше?

- Мұндай дүниелер өңделіп біткен, барлық жердің өзіне тән шарттары бар. Біздің нарығымыз екінші орында. Егер Ресей мен бізді салыстырсақ, біз Ресейге қызықты емеспіз. Егер өзімізді Қырғызстанмен салыстырсақ, олар бізге қызық емес.

- Ал Қытай ше?

- Қытай, әрине, қызықты. Бірақ, Қытайдың бірден айтатын өз ережелері бар: солардың ойынан шығатын жағымды актер табу және пайда әкелетін аудиторияның болуы.

 

Ринат Сафаровқа сұхбаты үшін алғыс білдіреміз!

 

Әңгімелескен Айдана Мамаева

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Интервью

26 Тамыз, 2019

Алдияр Байрақымов: «Бізге керегі – нарықты дүр сілкіндіретін қызықты, сапалы сценарий»

I Baiqonyr SFF «Үздік сценарий» номинациясы жеңімпазы Алдияр Байрақымовпен сұхбат

Brod.kaz

Интервью

24 Тамыз, 2019

Шарипа Оразбаева: «Қазақ киносының өткені ол классика. Ал бүгіні ізденіс»

І Baiqonyr SFF бас жүлдесінің иегері Шарипа Оразбаевамен сұхбат

Brod.kaz

Таныс бейне

Алексей Пантелеев

Актер

Асылхан Төлепов

Актер