È

Қазақты әлемге танытатын тағы бір «Боксер» экрандалмақ

Қазақты әлемге танытатын тағы бір «Боксер» экрандалмақ

Адам баласының жекпе-жекке деген қызығушылығы әуелден-ақ бар екендігіне гладиаторлар шайқасы, одан берідегі дуэльдер, кейінгі кездегі ережесіз жекпе-жектің сұранысқа ие екені дәлел. Шетелдің бір емес бірнеше ұрпақты еліктірген «Рокки» сынды фильмнің елімізде түсірілуіне не кедергі?!


Бокстан әлемдік рейтингте Қазақстан боксерлерінің мықты екені бәрімізге мәлім. Осыған орай, қазақстанның танымал режиссері Ақан Сатаев өзінің аталмыш тақырыптағы жаңа жобасын келер жылы өтетін «Токио 2020» жаздық олимпиада ойындарының қарсаңында жарыққа шығармақшы. Киножоба 2005 және 2007 жылдары бокстан әлем чемпионы атанған, 2012 жылғы олимпиада ойынарының чемпионы Серік Сәпиевтің биографиясына жүгіне отырып түсіріледі деп жоспарланған. Алайда, жақында ғана режиссер бұл фильм тек бір адамның өмір жолын емес, еліміздің бокс чемпиондарының жинақталған бейнесін көрсететін үлкен жоба болғалы тұр деген жаңа ақпаратпен бөлісті. Елімізді күллі әлемге танытып жүрген осындай қазақ чемпиондарының қайсарлығы мен батылдығын, сабырлылығы мен спортқа деген махаббатын көрсете алатын бас кейіпкер роліне жарияланған кастинг әлі де жалғасуда. Кастинг туралы ақпаратпен режиссер өз әлеуметтік парақшаларында бөлісті.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен «Ұлттық киноны қолдау» мемлекеттік ортылығы» КЕ АҚ қолдауымен түсірілгелі жатқан фильмнің жұмысшы атауы «Боксер» деп бекітілген. Туынды орыс тілінде түсіріліп, қазақ тілінде дубляждалатыны мәлім.

«Рэкетир», «Жау жүрек мың бала», «Анаға апарар жол», «Томирис» сынды халық назарындағы фильмдерінен кейін, Ақан Сатаевтің спорттық драма және экшн жанрын қамтитын бұл туындысы да, бас кейіпкерін идол тұтатын Голливуд фильмдерінен кем түспейтініне күмәніміз жоқ.

Ұлт қаһармандарын үлгі тұту үрдісін қалыптастыруға жол ашатын сапалы фильмдердің артып келе жатқаны рас. Халықты асыға күттіретін «Боксер» фильмі де жас талғамай еліктіретін және қазақ киносының қорына қосылатын алтын жобалардың бірі болар деп үміттенеміз.

Балнұр Батырханқызы

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мнения

13 желтоқсан, 2019

«Хайп ұстаған ата»: Хайп па? Айып па?

«Хайп ұстаған ата» фильміне пікір

Brod.kaz

Рецензии

10 Қазан, 2018

«Қаржыгер. Шығу ойыны»: Санның сапаға айналуы

Коммерциялық  кино бағытында алға ілгерілеу айқын байқалады

Brod.kaz

Мнения

6 Қазан, 2018

Baikonyr SFF-2018: Үздік фильмдерге шолу

Baikonyr Short Film Festival – байқауы көркемсуретті, анимациялық және деректі кино секциясы бойынша бағаланды

Brod.kaz

Мировое кино

27 Апреля, 2016

Стиаен Сигал Тайландтың туризімін дамытпақшы

 Сонау 90 жылдары өзінің кинодағы төбелестерімен атағы шыққан белгілі актер Стивен Сигал Тайланд территориясында түсірілетін фильмге продюсерлік етпек. 

Айнур

Таныс бейне

Айнұр Ниязова

Актриса