È

Анимациялық байқаудың қазылар алқасымен танысу

Анимациялық байқаудың қазылар алқасымен танысу

VII BAIQONYR International Short Film Festival анимациялық байқауының жеңімпаздарын төрт сарапшыдан тұратын халықаралық қазылар алқасы анықтайтын болады.

Қазылар алқасының жұмысын Батумидегі (Грузия) Tofuzi Халықаралық анимация фестивалінің директоры, продюсер Зураб Диасамидзе басқарады. Онымен бірге Дмитрий Власов, Георгий Богуславский және Рамиль Усманов жұмыс істейді.

Белгілі аниматор Дмитрий Власов бір кездері «Өзбекфильм» киностудиясының бас режиссері қызметін атқарған. Оның портфолиосында ондаған фильмдер бар және олар бүкіл әлем бойынша 20-дан астам фестиваль марапаттарын жеңіп алған.

Ресейлік мультипликатор режиссері Георгий Богуславский өз жобаларын құрып қана қоймай, сонымен қатар ЭЖМ ҒЗУ дизайн мектебінде талантты жастарды оқытады.

Анимациялық фильмдердің қазақстандық жасаушысы Рамиль Усмановтың қызметтік тізімінде халықаралық фестивальдердің көптеген жүлделері бар. Сонымен қатар, анимацияға мүлдем қызығушылық танытпайтын адамдардың әлі күнге дейін есінде сақталған «Совы нежные» жобасының авторы.

Естеріңізге сала кетсек, VII BAIQONYR International Short Film Festival 7-11 қыркүйек аралығында Алматыдағы «Арман» киноорталығында өтеді.

Дәстүрлі түрде Baiqonyr фестивалінің ұйымдастырушысы еліміздің жетекші кинопорталы – «Бродвей» (brod.kz).

Фестиваль ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының қолдауымен өтеді. Ақпараттық қолдауды «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» АҚ көрсетеді.

Фестивальдің ақпараттық серіктестері «Хабар» және El Arna телеарналары, «Жұлдыз FM» және «Эльдорадио Алматы» радиостанциялары, Tengrinews.kz, Massaget.kz, Baribar.kz, 365 Info.kz, «Экспресс К» интернет порталдары, Egemen Qazaqstan, «Казахстанская правда», Almaty Aqshamy, «Вечерний Алматы» және «Комсомольская правда Казахстан» басылымдары.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер