Фестивальдің ашылуы
- 20 Қыркүйек, 2022
- Brod.kz
- 763
- 0

7 қыркүйекте «Арман» киноорталығында VII BAIQONYR International Short Film Festival салтанатты ашылуы өтті. Фестиваль Президенті Әнуар Кенжібаев қонақтарға кинофорум бағдарламасы туралы айтып, осы қысқа метражды кино мерекесінің серіктестерін таныстырды.
Кеш соңы жылдың көптен күткен премьераларының бірі - режиссер Айдын Сахаманның аты аңызға айналған топтың қалыптасу тарихын баяндайтын «Дос-Мұқасан» атты дебюттік картинасын тамашалаумен аяқталды. Көрсетілім толық аншлагпен өтті, тіпті соңғы титрлерге дейін қонақтар ұзақ уақыт бойы тарамай, фильмнен алған әсерлерімен бөлісті.
- 20 Қыркүйек, 2022
- Brod.kz
- 763
- 0
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін