È

«Байқоңыр» кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды

«Байқоңыр» кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды

11 қыркүйекте VII Baiqonyr International Short Film Festival-і ресми түрде жабылды.

Кинофестивальдің ұлттық байқауындағы басты марапат «Үздік фильм» атағын режиссер Михаил Плисконың «Рух» атты қысқаметражды картинасы жеңіп алды. Фильм өмірдің мәнін материалдық пайдаға ауыстырған Ерғалым есімді орта жастағы жүргізушінің оқиғасын баяндайды. Ол баласыз әйелі Жұлдызбен ажырасуға өтініш береді. Осы уақытта балалар үйінен 12 жасар бала Фарух қашып кетеді. Тағдыр Ерғалым мен Фарухты кездестіреді, нәтижесінде екеуінің де өмірі түбегейлі өзгереді.

Халықаралық байқауда Саха республикасынан (РФ) келген режиссер Илларион Яковлевтің «Таксист» картинасы үздік атанды. Бұл жұмбақ жолаушыны кездестірген Толи есімді жүргізушісінің оқиғасы…

Анимациялық байқауда ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының көмегімен түсірілген Дильшат Рахматуллиннің «Бесік жыры» туындысы үздік атанды. Бұл мультфильм үшін бірінші марапат емес – жыл басында туынды Түркиядағы кинофестивальде жүлделі атанған, ал өткен жылы «Бастау» халықаралық кинофестивалінде ерекше атап өтілді.

Ұлттық байқауда ҰКҚМО-ның қолдауымен түсірілген тағы бір картина жүлделі болды –«Құс» фильміндегі рөлі үшін Ақмарал Зықаева «Үздік актриса» атанды.

Сонымен бірге «Қазақфильм» киностудиясының арнайы сыйлығын - толық метражды көркем фильмді бірлесіп шығару кезінде техникалық қамтамасыз ету мүмкіндігін Әлішер Жәдігеров «Қантар» атты жұмысы ұтып алды.

Марапатты табыстай отырып, Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ президенті Ақан Сатаев былай деді: «Біздің жүлде сіздің арманыңызды жүзеге асыруға көмектеседі және сіздің талантыңызды одан әрі ашады деп сенемін. Армандарыңызға берік болыңыздар, өз мүмкіндіктеріңізге сенімді болыңыздар. Және де ұйымдастырушыларға ерекше рақмет», - деді ол.

Бұл Әлішердің халықаралық кинофестивальдердегі бірінші жүлдесі емес. Жәдігеровтің бұған дейінгі еңбектері – «Отау» және «Балық сорпа» қысқаметражды фильмдері Оңтүстік Корея, Португалия, Иран, Түркия және Италиядағы халықаралық кинофестивальдердің жүлдегерлері атанған. Ал «Карантин» атты деректі фильмі 5-ші Baiqonyr ISFF-нің «Ең үздік деректі фильм» деп танылған. Сол бесінші «Байқоңырда» ол сценарийлер питчингінің жеңімпазы болып та атанды – осының арқасында ол өзінің алғашқы толықметражды «Отау» картинасын түсірді. Бұлфильм жақында өткен Қазақстанның киносыншылар қауымдастығының «Сыншылар таңдауы» байқауында «2020-21 жылдардың үздік дебюті» номинациясында жүлде алды.

«Мен VII Baiqonyr-дің ештеңеге қарамастан өткеніне өте қуаныштымын. Біз тек ТМД елдерінен ғана емес, Оңтүстік Кореядан да жаңа қонақтарды қарсы алдық. Бізде 23 жаңа лауреат бар. Биыл біз анимацияның жаңа конкурсын қостық және оны жақсы өткіздік. Келесі жылы кездескенше!»- деді, фестиваль жұмысын қорытындылай келе, «Байқоңырдың» президенті Әнуар Кенжебаев.

VII Baiqonyr International Short Film Festival жеңімпаздарының толық тізімі:

Ұлттық байқау:

  • Үздік фильм«Рух», реж. Михаил Плиско
  • Үздік режиссерӘлішер Жәдігеров, «Қаңтар»
  • Үздік сценарийИнкар Еркинказыкызы, «Қасен мен Құсайын»
  • Үздік операторБагдат Аргинов, «Ласточка»
  • Үздік қоюшы-суретшіАлтынай Кумарбекова, «Қызыл алма»
  • Үздік монтажАлен Кенемолдин, «Детские рисунки»
  • Үздік актерНурдаулет Алматулы, «Чикен»
  • Үздік актрисаАқмарал Зыкаева, «Құс»
  • Үздік деректі фильм«Невидимки», реж. Виктория Шегай
  • Қазылар алқасының арнайы сыйлығы«Ұйқым келді», реж. Темирлан Сагимбаев
  • Қазылар алқасының ерекше атауы«Aybat», реж. Мейрамбек Сагынов

Халықаралық байқау:

  • Үздік фильм«Таксист» (Республика Саха), реж. Илларион Яковлев
  • Үздік режиссерТелжан Нурмахан, «Қора» (Казахстан)
  • Үздік деректі фильм«Слишком большой» (Таджикистан), реж. Абдулло Гурбати
  • Қазылар алқасының арнайы сыйлығы«Жизнь без весны» (Узбекистан), реж. Шокир Холиков
  • Үздік операторАнна Шепилова, «Сегодня я вешался», (Россия – Армения)
  • Үздік актрисаАлиса Лозовская, «Параллели» (Россия)
  • Үздік актерРахат Жұмаханов, «Қора» (Казахстан)

Анимациялық байқау:

  • Үздік фильм«Бесік жыры», реж. Дильшат Рахматуллин
  • Үздік графикалық шешім«Острые предметы», реж. Амина Тазиатова
  • Үздік сценарий«Ищу наследника дома», реж. Маржан Жубаныш
  • Үздік экспериментальді фильм - «Пшик», реж. Алиби Мукушев
  • Қазылар алқасының арнайы сыйлығы«Воспоминание о яблоне», реж. Линара Миргалиева

Естеріңізге сала кетсек, фестивальдің байқау бағдарламасына қатысуға барлығы 306 киножоба үміткер болды. Оның ішінде бағдарламалық қызмет жеті елден: Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Тәжікстан, Армения және Ресейден 48 фильмді іріктеп алды.

Дәстүрлі түрде Baiqonyr фестивалінің ұйымдастырушысы еліміздің жетекші кинопорталы – «Бродвей» (brod.kz). Фестиваль ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының қолдауымен өтті. Ақпараттық қолдауды «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» АҚ көрсетті.

Фестивальдің ақпараттық серіктестері «Хабар» және El Arna телеарналары, «Жұлдыз FM» және «Эльдорадио Алматы» радиостанциялары, Tengrinews.kz, Massaget.kz, Baribar.kz, 365 Info.kz, «Экспресс К» интернет порталдары, Egemen Qazaqstan, «Казахстанская правда», Almaty Aqshamy, «Вечерний Алматы» және «Комсомольская правда Казахстан» басылымдары.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

VII Baiqonyr International Short Film Festival-не өтінімдер қабылдау басталды

1 сәуірден бастап VII Baiqonyr International Short Film Festival-не қатысу үшін өтінімдер қабылдау басталады

Brod.kz

Таныс бейне

Сәбит Мұстафа

Актер

Ғабит Мұстафа

Актер