È

VIII BAIQONYR кинофестивалінің халықаралық байқауына қатысушылар жарияланды

VIII BAIQONYR кинофестивалінің халықаралық байқауына қатысушылар жарияланды

Іріктеу комиссиясы VIII BAIQONYR кинофестивалінің халықаралық көркем және деректі қысқаметражды фильмдер байқауына қатысушылардың құрамын жариялады.

Конкурсқа қатысу үшін барлығы 14 елден 560 өтінім келіп түсті. Географиялық тұрғыдан олар Түркіменстаннан басқа барлық посткеңестік кеңістікті қамтыды.

Нәтижесінде 6 елден 18 фильм таңдалды:

  • «Қашқын» (Грузия), режиссер Саломе Кинцурашвили.
  • «Галина Петровна» (Қырғызстан), режиссер Никита Ловецкий.
  • «Йети балалары» (Ресей, Татарстан), режиссер Айдар Шарипов.
  • «Женя сценарий жазуда» (Ресей), режиссер Виктор Коженков.
  • «Содат тірі» (Өзбекстан), режиссер Шерзод Назаров.
  • «Лилит атты қуыршақ» (Армения), режиссер Астхик Казарян.
  • «Кішкентай махаббат» (Қазақстан), режиссер Айжан Қасымбек.
  • «Маринад» (Ресей, Саха Республикасы), режиссер Василий Слепцов.
  • «Медик» (Қырғызстан), режиссер Алижан Насиров.
  • «Монтаж» (Өзбекстан), режиссер Дильшодбек Усмонов.
  • «Маңызды нәрсе туралы» (Ресей), режиссер Гоша Евдокимов.
  • «От» (Өзбекстан), режиссер Сайдалоксон Масудхонов.
  • «Аня, кешір мені» (Ресей), режиссер Клавдия Коршунова.
  • «Қоштасу болмайды» (Ресей), режиссер Вера Водынски.
  • «Ромео» (Армения), режиссер Марина Арзуманова.
  • «Әкесінің баласы» (Қырғызстан), режиссер Дастан Мадалбеков.
  • «Екі айнымалысы бар теңдеу» (Армения), режиссер Лусине Папоян.
  • «Эй, Гюнеш!» (Грузия), режиссерлер Марита Тевзадзе және Ана Джегнарадзе.

Естеріңізге сала кетсек, VIII BAIQONYR кинофестивалі 2023 жылғы 6-10 қыркүйек аралығында Алматыда, "Арман" киноорталығында өтеді.

Фестиваль дәстүрлі түрде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының қолдауымен өткізіледі.

Фестиваль жаңалықтарын baiqonyr.kz сайтынан және біздің Instagram және Facebook парақшаларымыз – baiqonyrfilmfestival-дан оқысаңыздар болады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Геннадий Балаев

Актер

Нұржұман Ықтымбаев

Актер