È

Айнұр Ниязова Ресейге көшу себебін айтып берді

Айнұр Ниязова Ресейге көшу себебін айтып берді

Жақында ғана отандық актриса Айнұр Ниязова Мәскеуге көшіп кетті. Оның басқа елге кетуінің басты себебі - кәсіби өсуге деген ұмтылысы. Актриса отанын неліктен тастап кеткенін және өмірдегі мақсаты туралы «Cosmo.kz» сайтына берген сұхбатында баяндап берді:

«Мен бұл жақта актриса ретінде өспейтінімді түсіндім. Жасым 30-ға толғанда, өз-өзіме «Осы уақытқа дейін не бітірдім?» және «Әрі қарай немен айналысқым келеді?» сынды сұрақтарды қойдым. Өмірімді сарапқа салып, топшыладым. Өзіммен-өзім жеке қалған уақытта көптеген сауалдарды қойдым. 30 жасыма дейін мансап құрғанымды түсіндім. Бірнеше рет сүрініп, жылаған кездерім де болды. Бірақ, мойымай әрі қарай жүре бердім. Әрине, мен әлеуметтік желілерде көптеген оқырманы бар танымал тұлға болғаным жоқ, бүкіл әлем талқылайтын әйгілі картиналарға да түспедім. Дегенмен, мен өз фильмографиямды толықтырдым, біраз «қор» жинадым. Алайда, барлығы мен қалағандай бола қоймады. Мен қанша талпынсам да, маған бұл жақта кинода өсуіме мүмкіндік бермейді. Бір күні белгісіз бір кісі Instagram-дағы парақшама: «Еліміздегі бағаланбаған дарын иесі болғаныңыз өкінішті» деп жазған болатын. Маған осы сөз қатты әсер етті. Содан кейін, әрі қарай талпынуым қажет деп шештім».

Сурет: cosmo.kz

Әртістің әзірге продюсері жоқ. Сондықтан, ол өзі талпынып жүр. Оның айтуынша, Мәскеуде бәсекелестік жоғары әрі азиаттық бейне аса бағаланбайтын көрінеді. Бірақ, отандасымыздың оңай берілер түрі жоқ, кішкентай қадамдармен болса да алға жылжып, мақсатына жетуге тырысып келеді.

Сонымен қатар, Айнұрдың көшіп кетуіне Қазақстандағы актерлік еңбекке деген көзқарас себеп болған. Жақында Ниязованы отандық хикаялардың біріндегі рөлге бекіткен болатын. Алайда, авторлардың құрметтемеуі және ұсынған қаламақысы көңілінен шықпаған.

«Еліміздегі актерлерге деген қарым-қатынас менің көңілімнен шықпайды. Басқа елге кетуімнің басты себептерінің бірі осы. Бізде актерлардың еңбегі дұрыс бағаланбайды. Маған төленетін қаламақының көлемін естігенде, қатты таң қалдым. Әлі де сондай баға ұсынатындар бар екен-ау. Мемлекеттік арна болғандықтан, хикая түсіріліміне белгілі бір бюджет бөлінген шығар. Бірақ, актерлік құрамға сондай қаржы бөлінгені таң қалдырды. Маған соманың барлық актерлерге бірдей екенін айтты. Ең қызығы, біз жоба жайында толық сөйлесіп үлгерген жоқпыз, мен ешқандай да келісім-шартқа қол қоймадым, келісімімді де берген жоқпын. Бірақ, мені актерлік құрамның мүшесі ретінде баннерге қосып қойған. Қатты таң қалдым. Еліміздегі жағдай осындай»,-дейді актриса.

Сурет: cosmo.kz

Дегенмен, Айнұр Ниязова көңілін түсірмейді, өмір бір орнында тұрмайды ғой. Әртіс тамыз айында «NZ» атты жеке киім үлгісін таныстырмақ. Дизайнердің айтуынша, алғашқы топтама «sport» пен «casual» стильдерінде жасалған.

Актриса әзірге мәскеулік өмірдің бар рахатын көріп жүр: түрлі кітаптар оқып, театр қойылымдары мен картина көрмелерін, мұражайларды аралауда.

 

Превью: cosmo.kz

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Құралай Анарбекова

Актриса