È

Айсұлтан Сейітов L'One-нің «Жол» атты бейнебаянына режиссерлік етті

Айсұлтан Сейітов L'One-нің «Жол» атты бейнебаянына режиссерлік етті

Жақында рэп орындаушы L'One және әнші Jasmine екеуінің «Жол» атты бейнебаяны жарыққа шықты, туындының режиссері Айсұлтан Сейітов болды. Ғаламтор қолданушылары бейнебаянға жақсы бағаларын беріп үлгерді.

«Тобымыз көп еңбектеніп, бейнебаянға бар ықыластарын салды! Біз ыстық Гонг-Конгтың арасында камерамен бірге жүгіріп жүрдік, Қапшағайда нөсер жауынның астында қалдық, сондай-ақ, Jasmine үшін қатты алаңдадық, себебі жеңіл көйлекпен қайықта отырған кезінде, артынан жауын араласқан жел соғып тұрды... Бірақ, нәтижесіне риза болдым, тобымызбен бірге жақсы туынды жасай алдық! L'One-ге сенім білдіргені үшін алғыс айтамыз!»,-деп жазған Айсұлтан өзінің Инстаграм парақшасына.

«Жол» бейнебаянынан көрініс

Жас режиссер L'One-мен бірінші рет жұмыс істеп отырған жоқ. Алдыңғы жолдары «Алғашқылар дәуірі» және «Медальға медаль» бейнебаяндарымен айналысқан болатын.

Сонымен қатар, бейнебаян түсіріліміне қоюшы-оператор Азамат Дулатов атсалысты.

Айта кету керек, Айсұлтан Иван Дорнмен, Noize MC және Монеточкамен, сондай-ақ Скриптонитпен, T-Fest-пен бірге жұмыс істеп келеді.

 

Превью: gq.ru

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер