Айсұлу Азимбаева Эльбрусты бағындырды
Актриса Айсұлу Азимбаева тағы да тауларды бағындыруда. Осы жолы ол Эльбрус шыңына шықты. Өткен айда Айсұлу Совет шыңына шыққан болатын, бұл үлкен мақсатқа жету жолындағы дайындық болған секілді.
Өзінің Instagram желісіндегі жеке парақшасында актриса былай деп жазды: «Эльбрусқа шығу идеясы кездейсоқ келді. Бұған дейін жай әншейін «Грузияға барғым келеді, хачапури, Батуми жеп, вино ішсе ғой деген ой болған. Грузия – бұл Кавказ, ал онда таулар бар. Кавказдың ең биік нүктесі – Эльбрус». Оның үстіне Мағжанның мақсаты бар: «7 шың» бағдарламасын орындау, бұл бағдарламаға құрлықтағы ең биік жеті шың жатады. Ал өзіме келетін болсақ, мен үшін бұл жаңа шың, өз басым авантюристпін ғой, тауды жақсы көремін, қызықты сяхатты жаным сүйеді».

Кафказдың ең биік шыңына Азимбаева саяхатшы, әуесқой альпинист Мағжан Сағымбаевпен бірге шықты.
«Менің шыңды бағындыруым, ең алдымен өзімді өзім қамшылау. Екіншіде, біреуге бірнәрсені ділелдеу. Үшіншіден, өмірде мүмкін емес нәрсе жоқ екенін бәріне айқай салып жеткізу. Мен бұл шыңды бағындыруымды ешкімге арнамаймын, өйткені мен әлі үйреніп жүрмін, бірақ менің жақындарымның, достарымның таныстарымның мен үшін алаңдап, маған қолдау білдіргеніне қатты қуаныштымын. Менің бұл әрекетімді жай ғана еріккен қыздың ермегі деп түсінбегендері үшін алғысым шексіз. Эльбрус, мені қабылдағаныңа рахмет. Бұл дегеніміз ғжап сиқыр, мен мұндай сықрыды тек таудан ғана іздемеймін», - деп өз ойымен бөлісті актриса.
Айсұлудың келесі бағындыратын шыңы Нұрсұлтан (Комсомол шыңы) болуы мүмкін, оның биіктігі 4330 метр.
Тақырып бойынша:







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін