È

Айсұлу Әзімбаева: «Сексуалдылық – қысқа белдемшелер мен үлкен кеуде емес»

Айсұлу Әзімбаева: «Сексуалдылық – қысқа белдемшелер мен үлкен кеуде емес»

Айсұлу Әзімбаева түсірілім алаңында, театр сахнасында және шынайы өмірде ашық әрі адал болуға қорықпайтындардың қатарынан. Театр және кино актрисасы көпшілікті ерекше әрі өрескел образдарымен, белсенді өмір салтымен үнемі таң қалдырып жүреді. Айсұлу Әзімбаева «The Эфир» бағдарламасында осы жайында және сексуалдылық, «ұят» феномені мен романдары жайлы айтып берді.

«Мен арандатушылық әрекеттерді әдейі жасаймын, себебі «Уа, халайық, бәрін жақсы жағынан ғана көретін көзілдірікті шешуді қойыңыздар! Мұндай жағдай болып тұрады» деп айтқым келеді. Мен белгілі бір ережелерге бағынсам деймін. Өзім нақты айтқым келетін әңгімелер бар, себебі оған толықтай құқылымын. Мысалы: «Мен тұрмысқа шыққым келмейді». Секс бар және ол керемет. Сүйісудің сезімді жеткізудің жолы екенін және оны кинода көрсетуге болатынын айтқым келеді. Неге кадрда адамды өлтіруге болады, бірақ сүйісуге қатысты көріністі телеарналар көрсетпейді? Мені осы сұрақ мазалап, ашуымды келтіреді», -дейді Айсұлу.

Сондай-ақ, актриса сексуалдылық туралы сөз қозғап, көпшілігі оның табиғатын түсінбейтінін алға тартты.

«Сексуалдылық – қысқа белдемшелер мен үлкен кеуде емес. Бұл әрекет немесе әлсіз көзқарас пен күрсініс емес. Мен бұл нәзік дүниені «Ашына» қойылымынан кейін жақсы түсіндім. Сексуалдылық – адамдарды өзіне тартатын қасиет деуге болады».

Фото: Comode.kz
Фото: Comode.kz

Сонымен қатар, Әзімбаева жеке өмірі жайында баяндады.

«Менде ешқандай жақын қарым-қатынас жоқ, себебі оған уақыт та, күш-қуат та жоқ. Егер маған бір адам ұнаса, мен онымен үнемі бірге болғым келеді. Жарым болатын адамға анама, Шыңғыс Қапинге деген махаббатым секілді сезімді бастан өткеремін деп сенемін. Біз Шыңғыс екеуіміз тек доспыз! Дегенмен, екеуіміз бір-бірімізді қатты жақсы көреміз, бірақ көпшілігі бізді түсінбейді. Бірақ, қалай ойласа да бәрібір», - деп түсіндірді актриса.

Еске сала кетсек, 2017 жылы Ақан Сатаевтың «Она» картинасы шыққан болатын, фильмде Айсұлу Әзімбаева басты рөлді сомдады. Туындыны тек қазақстандықтар ғана емес, Армения, Беларусь пен Ресей тұрғындары тамашалады.

 

Превью: The-steppe.com

3 пікір

Пікір қалдыру үшін

Даник

12 января 2018, 18:04

Красивая и дерзкая актриса! Но иногда слишком откровенна...

Мырзахмет

14 января 2018, 02:11

Думаю, что она как луна любит говорит о красоте.

Bahut Saparov

31 января 2018, 11:59

красиво когда груди нормальные, а слишком большие это уже вымя.

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер

Вадим Шлахтер

Актер

Анастасия Фёдорова

Актриса

Игорь Бабичев

Актер