È

Ақан Сатаев: ««Она» фильмі ТМД мен Ресейдің 400 кинотеатрында көрсетіледі»

Ақан Сатаев: ««Она» фильмі ТМД мен Ресейдің 400 кинотеатрында көрсетіледі»

Алматыда Ақан Сатаевтың «Она» фильмінің тұсаукесері болды. Картинаны дәстүр бойынша режиссермен қатар, қоюшы-оператор Азамат Дулатов, композитор Әлім Заиров, актрисалар Айсұлу Әзімбаева мен Анастасия Вострова, продюсер Эрнар Құрмашев сынды белгілі жандар таныстырды.

«Она» - әр адамның басынан өтетін жалғыздықты сипаттайтын психологиялық триллер. Кейбірі жалғыздықпен күресе алмай жатады, енді бірі керісінше толтыруға тырысады. Таспа кейіпкері осындай жалғыздыққа тап болып, өз-өзімен арпалысып жүреді.

Ақан Сатаев триллер жанрында жұмыс істеудің жағымды болғандығын жекізді.

inform.kz

«Жоба кәсіп көзімен қарағанда, тәуекелді талап ететін жанр, өйткені мұндай туындыны комедияға қарағанда көпшілігі көре бермейді немесе аз ғана аудитория тамашалап жатады. Сондықтан, біз бастапқыда халықаралық айналымға бағыттап, түсірдік. Қазір де біз ойлағандай болып жатыр. Жобамызды «Жиырмасыншы ғасыр Фокс ТМД» сияқты ең ірі компаниялардың бірі қолдағаны үлкен сәттілік қой. Соның арқасында, «Она» ТМД мен Ресейдің 400 кинотеатрында көрсетілетін болады. «Адасқандардың» түсірілімінен кейін триллермен қайта жұмыс істеу толқыныс тудырды»,-деп бөлісті режиссер.

Сатаев фильм идеясын Айсұлу Әзімбаева ұсынды. Актриса кездесулердің бірінде қоюшыға өз ойын айтқан екен, кейін бұл идея толық метрге ұласқан. Алайда, Айсұлу идея авторы ғана болып қоймай, басты рөлді де сомдады.

inform.kz

«Мен үшін су астындағы түсірілім қиынға соқты. Мен ұзақ уақыт бойы су астында дем алуды үйреніп, маған оттегі қажет болғанда үйретушіге белгі беруім керек болды. Осы көріністі екі рет суға сүңгіп, 30 минуттан түсірдік. Рухани әрі физикалық жағынан да қиын болды»,-дейді актриса.

«Она» таспасы Алматыда 19 күн бойы түсірілді. Әзімбаевадан бөлек, фильмге жас актриса Анастасия Вострова және Ярослав Стаховский («Рухтанғандар») түсті.

Айта кету керек, фильмнің әлемдік тұсаукесері Оңтүстік Кореяда Busan International Film Festival-да болған. Алғашқылардың қатарында ресейлік көрермендер де бар: Мәскеудегі тұсаукесер 28 қарашада өтті.

«Она» фильміне арналған билеттерді кинотеатрлар афишасынан алуға болады.

 

Превью: inform.kz

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер