Айжан Байзақова кино түсіруді армандайды
Актриса әрі танымал блогер Айжан Байзақова кино түсіруді армандайды. Алайда, қандай жанрда және қашан түсіретінін нақты айтқан жоқ. Бойжеткен Caravan.kz-ке берген сұхбатында болашақтағы жоспарларымен бөлісті.
«Мен үнемі режиссер болуды армандайтын едім. Оқуымды соңына дейін аяқтап, киномды түсірсем деймін. Ал актерлық мамандық екінші орында, актриса ретінде тәжірибе жинағым келеді», - деді актриса.
Айжан Байзақова Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның «Ғылыми-танымдық кино режиссері» мамандығын бітірген. Ол 2010 жылы «Жаным» хикаясына түсіп, актерлік салаға алғашқы қадам жасады. Кейін «Сыныптастар», «Үлкен шаһардағы өмір» және «Такая Life» жобаларында түрлі рөлдерді сомдады. Биыл оның қатысуымен «Бір сен үшін» мелодрамасы жарыққа шықты.
Еске салсақ, алдыңғы жолдары актриса қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін қамауға алынған болатын.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін