Ақбота-Нұр Сейтмағамбет өзінің жігіті жайлы әңгімелеп берді
Жас актриса және Кеш You тобының әншісі Ақбота-Нұр Сейтмағамбет көптеген алып-қашпа әңгімеге ілікті. Актриса отбасылы актер Дәурен Айдарқұловпен кездесіп жүр деген сыбыс шыққан болатын.
Ақбота-Нұрдың жақында үйлену тойы болатынын, жігіті бар екенін алғашқы болып продюсер Баян Есентаева өзінің Instagram парақшасына жазды. Жазбада Ақбота-Нұрдың Кеш You герлз-бэндінен кететіні айтылған болатын. Актриса өзінің жұбын «Гламур для дур» фильмінің түсірілім алаңында кездестірген десті. Отандастарымыз оның жігіті актер Дәурен Айдарқұлов деп шешіпті, ол Ақботамен жұп болып жұмыс істеген болатын. Кейінен актердың әйелі, үш баласы бар екені белгілі болды.

Актрисаның өзі бұл жағдайға қатысты ешқандай пікір білдірген жоқ. енді міне, Ақбота бар шындықты жайып салуды ұйғарыпты. Ол өзінің Instagram парақшасы арқылы оқырмандарына былай деп жазды:
«Мен өзімнің жеке өміріме қатысты жаңалықпен бөлісейін деп шештім. Бір нәрсе айтқым келеді; мен ешкімнің отбасын бұзған жоқпын! Дәурен Айдарқұлов екеуміздіздің арамызда ешқандай байланыс жоқ! Бізді кездесіп жүр деген өсекті тоқтатуларыңызды өтінемін! Мен тұрмысқа шыққалы жүрген жігіттің шығармашылық жұмысқа еш қатысы жоқ. Ал Дәурен айдарқұловқа келсек, ол өз отбасының мәселесін өзі шешсін. Мені бұған араластырмауларыңызды сұраймын!»
Сондай-ақ Ақбота-Нұр салтанатты тойдың келесі жылы болатынын да жазды.







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін