È

«Альфа»: мұз дәуіріндегі хикая

«Альфа»: мұз дәуіріндегі хикая

Sony Pictures студиясы режиссер Альберт Хьюздің («Илайдың кітабы», «Тозақтан») мұз дәуіріндегі хикаялар жайлы баяндайтын «Альфа» таспасының жаңа трейлерін ұсынды. Фильмге қызығушылық орташа сарында басталды, авторлар мен продюсерлер әлі де бұл жобаның мақсатты аудиториясын анықтай алмаған секілді. Жалпы, «Альфа» балалар мен жасөсіпірімдерге негізделген сияқты.

«Альфадағы» оқиға Еуропада, 20 000 мың жыл бұрын, әйгілі мұз дәуірі кезеңінде өрбиді. Зета (Коди Смит-МакФи, «Икс адамдары: Ақырзаман», «Қатаң түрде батысқа») есімді жас жігіт тайпаның ең мықты жауынгерлерімен бірге өмірінде алғаш рет нағыз аңшылыққа шығады.Аң аулау барысында ол ауыр жарақаттанады, жанындағылар Зетаны өлдіге санайды. Кейін есін жинаған соң, ол құлау кезінде алған жарақатымен жалғыз қалғанын байқайды.

Зета өз тайпасына оралып, қаһарлы қыс келмей тұрып үйін табу үшін белгісіз мекенде аман қалуға тырысады, көптеген қиындықтарды еңсереді. Ол бір ұя қасқырлардан қалып қойған жалғыз қасқырды әрең дегенде қолға үйретеді. Аталмыш жұп саяхатта бір-біріне сенімді одақтастарға айналады.

«Альфа» шытырман оқиғалы фильмі 2018 жылдың 23 тамызынан басталады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Вадим Шлахтер

Актер

Анастасия Фёдорова

Актриса

Игорь Бабичев

Актер

Максим Митрофанов

Актер