Алматыда жаңа студия ашылады
Режиссердің айтуынша, ол 567 creative laboratory шығармашылық командасынан кетпек. Бұл командада оның әріптестері Ернар Нұрғалиев, Асқар Ұзабаев, Ринат Сафаров және Азамат Дулатов еңбек етеді.
«Біз өте жақсы достармыз, серіктеспіз және осылай болып қаламыз да. Студиядан алыстамаймын, тек студия аясында басқа жобаны жүзеге асырмақпын», – деді Жасұлан.

Қазір студияда тарихи-шытырман фильмнің сценарийі әзірленуде, бұл фильмнің түсіріліміне Пошанов маусым айында кіріседі.
Көп сериялы фильмдердің қатарында режиссердың қоржынында «Кұләш», «Парыз», «Сұнқар»,«Шалғайдағы оқиға» секілді картиналар бар. Естеріңізге сала кетейік, біздің сайттан Жасұлан Пошановтың «Алматы – Шымкент» атты қысқа метражды фильмін және толық метражды «Ай астындағы үшеу» фильмін көрулеріңізге болады.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін