È

«Американдық хайуандар»: қылмыстық драмаға арналған алғашқы трейлер

«Американдық хайуандар»: қылмыстық драмаға арналған алғашқы трейлер

Қаңтар айында «Сандэнс» фестивалінде ұсынылған «Американдық хайуандар» қылмыстық драмасы көптеген жағымды пікірлерге ие болып, айналымның алдында алғашқы трейлерін шығарды. Бұл режиссер Барт Лэйтонның («Жалған атақты») екінші фильмі болып табылады. Ол 2004 жылы орын алған шынайы оқиға негізінде түсірілген. Колледж студенттері тонаудың ерекше түрін, яғни, өздерінің оқу орындарындағы 12 миллион доллар тұратын сирек кездесетін кітаптардың арнайы жинағын ұрлауды көздейді.

Лэйтон Кентукки қаласындағы Трансильвания университетіндегі төрт студенттің шынайы оқиғасын нағыз драмалық деңгейге дейін жеткізе білді. Олар Гай Ричидің «Үлкен куш» фильмінің оқиғасынан шабыттанып, Джон Джеймс Одюбонның «Американың құстары» және Чарльз Дарвиннің «Түрлердің пайда болуы» сияқты сирек кездесетін түпнұсқа туындыларын ұрлауға дайын. Кітапхананың әлсіз күзеті мен миллионға бағаланатын нарықтық баға жастарды осындай қылмыстық қадамға итермелейді.

«Бұл қауіпті әрі қызықты болуы керек», - деді Эван Питерстің («Сомали қарақшылары», «Икс адамдар») кейіпкері Уоррен роликте өзінің үш досын тонауға шақырған сәтте. Оларды Блейк Дженнер («Сидни Холлдың жоғалуы», «Он жетінші»), Барри Кеоган («Дюнкерк», «Қасиетті еліктің өлімі») және Джаред Абрахамсон сомдады.

«Американдық хайуандар» қылмыстық драмасының көрсетілімі 2018 жылдың 1 маусымынан басталады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Әмір Қарақұлов

Режиссер

Бибігүл Ақтан (Сүйіншәлина)

Актриса