È

Тимур Бекмамбетовтың жобасы «Сандэнс» фестивалінде көзге түсті

Тимур Бекмамбетовтың жобасы «Сандэнс» фестивалінде көзге түсті

Өткен аптада продюсерлерінің бірі Тимур Бекмамбетов болып табылатын «Іздеу» триллерінің «Сандэнс» фестиваліне өткенін хабарлаған болатынбыз. Таспа фестиваль сыйлықтарының бірі – NEXT көрермендер көзайымы жүлдесін иеленді. Одан бөлек, «Іздеудің» авторлары Альберт Слоан қорынан грант есебінде 20 мың долларға ие болды.

Бір қызығы, 26 жасар режиссер әрі «Іздеу» сценарийінің авторы Аниш Чаганти 2014 жылы «Google Glass: Тұқым» қысқаметражды фильмін түсірген, ол 24 сағаттың ішінде YouTube арнасында бір миллион көрсетілімге ие болған. Осы табыстан соң Аниш Нью-Йорктегі Google Creative Lab-қа қосылуға шақырту алады, сол жақта екі жыл жұмыс істеп, айтарлықтай дамыды. Ол Google жарнамасының түсірілімімен және құрумен айналысқан.

Чаганти хикаялары да лайықты түрде бағаланды. Қоғамдық пікірге сәйкес, ол хикаяларды өзгеше жолмен баяндап, қорқынышсыз өмірді сипаттады, оның жұмыстары болашақ кино сценарийлер бағытын қалыптастыруға септігін тигізетіні анық. Еске сала кетсек, «Іздеуде» смартфондар мен мониторлар экранында өтіп жатқан жағдайлар бейнеленген.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер