Американдық Vice лайфстайл-журналы «Жүзбен жүгіруші 2049» жайында 2 ролик жариялады
Vice басылымы «Жүзбен жүгіруші 2049» фильмінің түсірілім алаңында болып, картина авторы Дени Вильневпен және басты рөлді сомдаған қос актер Райан Гослинг және Харрисон Фордпен әңгімелесіп қайтты.
Нәтижесінде sci-fi триллерін құру туралы екі бейнежазба жарыққа шықты. Кейіпкерлер Ридли Скоттың түпнұсқа фильміне қатысты пікірлерін білдіре кетті.
Алдағы уақытта жарыққа шығатын картинаның сюжеті Ридли Скоттың «Жүзбен жүгіруші» фильмінен соң 30 жыл өткеннен кейінгі хикаяны баяндайды. Көпшілік назарында полиция офицер Кей болады, оны Райан Гослинг сомдады. Кейіпкер әлемді аласапыранға айналдырып жіберетін көне жұмбақты зерттей бастайды. Сонымен қатар, көшірмелерді – андроидтарды шығаратын үлкен корпорациямен байланысты лас істі шешеді. Тергеу барысында Кей қартайған Рик Декардпен кездеседі. Рик көрерменге бірінші фильм арқылы таныс, оны қайтадан Харрисон Форд сомдады.
Фильмнен Джаред Лето, Ана де Армас, Робин Райт, Сильвия Хукс және Дэйв Батистаны көре аламыз.
Фильм тұсаукесері 5 қазанда болмақ.







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін