È

Әнуар Нұрпейісов: «Шашуды» ешқашан жақсы көрген емеспін»

Әнуар Нұрпейісов: «Шашуды» ешқашан жақсы көрген емеспін»

Актер әрі танымал влогер Әнуар Нұрпейісов қазақ дәстүрлерінің бірі - «шашуды» ұнатпайтынын айтты. Белсенді GakkuFM-нің «Шынымды айтсам» бағдарламасында қазақ дәстүрлері мен қоғамымыздың дамуына кедергі келтіретін жәйттар жайлы айтып берді.

«Қызды алып қашу» - бұл жабайылық, қылмыстық кодекстің бұзылуы. Бірақ, кейбіреулер үшін бұл қалыпты нәрсе. Жақында «шашуды» жақсы көрмейтінім туралы ойландым. Мені ылғи итеріп: «Кәмпиттер мен тиындарды ал» деп жататын. Мен ешқашан тиындарды алғым келмейтін! Меніңше, бұл дәстүр кезінде түп-тамырымыздың байлар мен шенеуніктердің алдында иілуден қалған сияқты. Екінші, әйелдерге қатысты теңсіздік. Мен күн сайын әйелдермен бірге жұмыс істеймін, олардың жауапкершілігіне, креативтілігіне және барлығын мінсіз атқара алатынына таң қаламын. Біз қоғамымыздың осындай бөлігін бағаламаймыз! Бұл дамуымыздың 50%-ға тоқтап қалуының бір себебі сияқты», - деді Әнуар Нұрпейісов.

Актер қазақ тіліне қатысты сауалды да айналып өтпеді. Белгілі болғандай, Әнуар үшін тіл байланысу құралы ғана екен. Ол сонымен қатар, туған тілі – қазақ тілінің мәңгіге жойылып кететініне сенімді.

«Мен барлық тілдерге жақсы қараймын және тілге ең алдымен, байланыс пен адамдар арасында ақпарат тарату құралы ретінде қараймын. Мен үшін идеология жоқ. Кейбір адамдар мен күштер тілді әлеуметтік немесе электорат капиталын жинау мақсатында пайдаланады. Алайда, тіл мен үшін – дыбыстар жиынтығы, болды. Мен бір күні бүкіл әлемнің қазақ тілінде сөйлеп кететініне сенбеймін. Қазір әлем қысқарып жатыр, аз ғана халықтың тілдері де, өздері де жойылады. Мен бір жыл бұрын да айтқанмын, қазақтар бір күні жоғалып кетеді. Бұл менің сөздерім емес, адамзат ұлтқа бөлінбейтін болады деп ғалымдар айтқан. Мысалы, сақтар мен ғұндар қайда?», - деп қоса кетті Әнуар.

 

Превью: Әнуар Нұрпейісовтың Instagram-дағы жеке парақшасынан алынды

 

3 пікір

Пікір қалдыру үшін

Bauirzhan Turginovych

19 апреля 2018, 19:08

Бауырым Ануар қазақтың салт дәстүрін талқылайтындай ел алдында бір ерен еңбек сіңірген ба едің.саған ұнасын ұнамасын ол жалғасын табатын дәстүр.елің мен халқың құрмет көрсеткен екен соған лайық болуға тырысып бақ бауырым.Қазақ пен оның тілінің жоғалуы әрбір қазақтың намысына сын боларлық дүние деп ойлаймын.

Акимбек Мусабеков

8 мамыр 2018, 17:22

Я полностью согласен с Ануаром

Даник

14 мамыр 2018, 14:50

Шашу мен тілге қатысты айтқаны дұрыс болмапты. Ел алдында жүргендер осылай десе, басқаларынан не үміт, не қайыр? Әрине, "шашудың" түп-төркінін түсінбеген адамға бәрібір, дегенмен бір сәт ізденіп, мағынасын білсе болады ғой! Шашуды қуаныш көбейсін, басқаларына да жұғысты болсын деп шашады!!! Байлардың аяғына жығылудан қалған салт емес!!! Біреуге сын айтқанша, адам алдымен өзін түзесе екен! Ал тілге келер болсақ, Алаш ағартушысы Ахмет Байтұрсынұлы: "Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады" деген. Сондықтан, тілдің жоғалмауы сіз бен бізге байланысты! Ел ағалары осыны қашан түсінер екен?!

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Ержан Жарылқасынұлы

Актер

Әмір Қарақұлов

Режиссер