Әнуар Нұрпейісов «Қазақстан аруы» сұлулық байқауы жайлы пікір білдірді

Жақында «Қазақстан аруы - 2018» байқауы өз мәресіне жеткен болатын, нәтижесінде Атыраулық Альфия Ерсайын жеңімпаз атанды. Актер әрі белсенді Әнуар Нұрпейісов сұлулық байқауының орнына интеллектуалды олимпиадалар өткізу керектігін айтты. Бұл туралы ол «НТК» арнасының «Ревю» бағдарламасында сөз қозғады.
«Бұл байқау 5 жыл бұрын өзінің бастапқы қалпынан айырылған еді. Барлық қатысушылар маған ренжімесін, бірақ сырт көзге қарағанда, бұл иттер көрмесі секілді. Мұның орнына сол ақшаға он интеллектуалды олимпиада өткізіп, ең ақылды, дарынды балаларды марапаттағаны жақсы еді ғой. Сұлулық мәңгілік емес. Ол кетеді, ал білім, кешіріп қойыңыз, мәңгі бағаланатын дүние», - деді Әнуар Нұрпейісов.
Еске сала кетсек, Нұрпейісов «Қазақстан аруы – 2016» байқауында қазылар алқасының мүшесі болған. Байқау аяқтала салысымен, ол аталмыш шараға соңғы рет қатысқанын мәлімдеді.
.jpg)







2 пікір
Пікір қалдыру үшін
Мырзахмет
6 апреля 2018, 00:45Я думаю Ануар Нурпеисов немного строг. Надо немного верить, она поможет
Владимир Путин
6 апреля 2018, 17:36Да нет Мырзахмет,ты неправ! Ануар все верно заметил и сказал,что этот конкурс красоты уже давным давно устарел и потерял всякую на то значимость! Полностью поддерживаю мнение Анвара,что красота девушек увядает,а знания остаются и лучше эти деньги выделяемые для проведения конкурса красоты потратить на 10 десять интеллектуальных школ