Әсел Сәдуақасова «Құрмет» орденін иеленді
Еліміздің президенті Нұрсұлтан Назарбаев продюсер әрі актриса Әсел Сәдуақасоваға «Құрмет» орденін ұсынды.
«Бір сағат бұрын Мемлекетіміздің басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ең алғашқы үлкен марапатым – «Құрмет» орденін маған өз қолымен ұсынды!!! Қуанышымда шек жоқ!!! Құрметті достарым, барлығы сендердің арқаларыңда!!! Сіздердің маған және менің шығармашылығыма деген махаббатарыңыздың арқасында!!! Сіздерге бар жақсылықты тілеймін! Жақсы көремін! әрі қарай да қуанта беретін боламын! (орфография мен пунктуация сақталған – ред.), - деп жазған өзінің Instagram парақшасына продюсер.
.png)
Әсел Сәдуақасова 11 жыл бойы әйгілі «Дауыс International» тобының құрамында болған. Оның актерлік қызметі 17 жасында «Шегіртке» хикаясынан басталған, ал алғашқы продюсерлік жобасы - «Адель» мелодрамасы. Қазіргі таңда продюсер бесінші толықметражды фильмі – «Қазаққа ғашық болмаудың бес себебі» комедиясын дайындап жатыр.
Еске салсақ, «Құрмет» ордені 1993 жылы бастау алған, ол ғылым, мәдениет, экономика және мемлекеттік органдар мен қоғамдық салада үлгі боларлық қызмет атқарған азаматтарға табысталады.
Превью: Зарина Құлмұрзина (ZA photographer)






1 пікір
Пікір қалдыру үшін
Мырзахмет
21 желтоқсан 2017, 22:47В кино она внесла много вклада, и думаю она еще больше сделает еще лучшие успехи на ее развитие дальше в будущем.