Әсел Сәдуақасова Model of Asia Awards мүсініне ие болды
Продюсер әрі актриса Әсел Сәдуақасова Корея елінің Сувон қаласында өткен Model of Asia Awards байқауының құрметті қонағы болды. Актриса «Шоу-бизнес арқылы Азия мәдениетін дамтыуға қосқан үлесі үшін» марапатына ие болды.
Салтанатты ісшараға Азия елдерінен мәдениет саласының өкілдері шақырылған.
«Мені фотограф Ян Рей шақырды. Жүлде сән бизнесімен байланысты, алайда мерекеге актрисалар, әншілері, актерлер де қатысты. », - дейді Әсел.
Ісшараның алғашқы күні ең үздік сәнбике таңдалды, сосын fashion-көрсетілімнен кейін үздік дизайнер анықталды, кеш соңында барлық қонақтарға естелік мүсін табыс етілді.
_b12j.jpg)
«Шараның масштабы өте үлкен, тіпті музыкалық байқау секілді. Көрейлік атақты әншілер өнер көрсетті, шынымды айтсам, мен оларды танымайды екенмін. Бірақ олар шыққандағы көрерменнің көңіл-күйлеріне, менің Instagram парақшамдағы Корей жұлдыздарын танып, маған олар туралы жазған тыңдармандарының көптігіне қарап мен олардың аса танымал әртістер екеніне көзім жетті», - дейді актриса.
Сәдуақасова болашақ жобалары туралы былай деді: «Сәуір мен мамыр айларында мен демалдым, өйткені бұған дейін жарты жылдай демалыссыз жұмыс істеген едім. Міне, енді ғана жұмысқа кірісіп жатырмын. Осы жылы жаңа жобаның түсіріліміне кірісетінім анық. қазір қызықты сценарий іздестірудемін», - деп жоспарымен бөлісті продюсер.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін