È

Әсел Сәдуақасова жаңа жобасына топ жинауда

Әсел Сәдуақасова жаңа жобасына топ жинауда

Актриса әрі продюсер Әсел Сәдуақасова жаңа жобасының іске қосылғанын хабарлады, оны жүзеге асыру үшін қазір топ жинап жатыр.

«Рухани жағынан маған жақын, шығармашыл, идея мен киноға берілген жандарды іздеймін. Барлығын қуана қабылдаймын», - деп жазды Сәдуақасова Инстаграм парақшасына.

Sunny production компаниясы режиссер-сценарист, оператор, гример, стилист пен суретшіні іздестіруде.

Егер сіз Әсел Сәдуақасова тобының құрамында болуды қаласаңыз, өз портфолиоңызды sunnyprod@mail.ru поштасына жіберіңіз.

Sunny production қоржынында «Келін де адам баласы», «Класстастар», «30-да күйеуге шығу», «Қазаққа ғашық болмаудың 5 себебі», «Әйел кедергі емес» фильмдері бар.

Әсел Асқар Бисембин, Асқар Ұзабаев, Ернар Нұрғалиев сынды қазақстандық режиссерлармен жұмыс істеген.

Еске сала кетсек, биылғы жылы қыркүйектің басында «Келін де адам баласы» кинокартинасының екінші бөлімінің түсірілімі басталған болатын.

 

 

Арайлым Танкаева

 

Превью: Sunny Production-ның vk-дағы жеке парақшасынан


1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

13 қараша 2018, 00:26

Асель думаю ведет гонки в киноиндустрии нашего отечественого жанра как и Адамбай

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер