È

Әсел Сәдуақасова мен Асқар Ұзабаев «Келін де адам баласы 2» комедиясын түсіріп жатыр

Әсел Сәдуақасова мен Асқар Ұзабаев «Келін де адам баласы 2» комедиясын түсіріп жатыр

Продюсер әрі актриса Әсел Сәдуақасова және режиссер Асқар Ұзабаев көрермендерді қуантуды ұйғарып, «Келін де адам баласы» фильмінің жалғасына кірісіп кетті. Келін мен ененің арасындағы күрделі қарым-қатынасты баяндайтын комедияның екінші бөлімі Алматыда түсірілуде.

«Келін де адам баласы» картинасы енесінен күнде сөз еститін Айжан жайлы баяндайды. Бірінші бөлімде екі әйелдің қарым-қатынасы өрши түседі. Бірақ, тылсым жағдай арқылы тәндері мен жандары ауысып кеткен кейіпкелер көптеген дүниелерге деген көзқарастарын өзгертеді. Жалғасында оларды қандай шытырман оқиғалардың күтіп тұрғаны әзірге белгісіз. Авторлардың өздері сюжет желісін құпия ұстап отыр.

Дегенмен, көрермендердің алдыңғы бөлімдегі актерларды қайтадан көретіні белгілі, олар – Данагүл Темирсұлтанова, Әбунасыр Серіков, Әсел Сәдуақасова, Данияр Алшынов және Әмина Малғаждар. Осы актерлік құрамға Қазақстанның Халық әртісі, қазақстандық примадонна Роза Рымбаева қосылды.

Еске салсақ, «Келін де адам баласы» фильмі 2017 жылдың 23 ақпанында экранға шыққан болатын.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ақылжан Мақашев

Актер

Еркебұлан Тасынов

Актер

Меруерт Қасымбек

Актриса

Әділет Әбдірәсіл

Актер

Әсет Әбдірәсіл

Актер

Ахат Ибраев

Режиссер