Аян Өтепберген ресейлік әнші Элджейдің бейнебаянына түсті

Желіде ресейлік әнші Элджейдің (Алексей Узенюк) «360°» әніне түсірілген бейнебаянының тұсауы кесілді. Музыкалық бейнебаянға отандық актер Аян Өтепберген түсті. Бейнебаян 1 миллионнан астам көрсетілімге және 20 мың пікірге ие болды.
Сюжет бойынша Аян Өтепберген – жапондық мафия, ол Элджей кейіпкерінің қызын ұрлап әкетеді. Сүйіктісін құтқару үшін жігіт көптеген кедергілерден өтеді. Бейнебаян автоматты атыс пен төбелестері бар голливудтық атыс-шабыс фильмдерінің бағытында түсірілген.

Түсірілімге қоюшы-оператор Мадияр Сатыбалдиев және Kazakh Union Action Team каскадерлары атсалысты. Төбелес қойылымымен Бауыржан Әбішев айналысты.
Актер Аян Өтепберген көрермендерге «Жаужүрек мың бала», «Рэкетир 2: Жаза» және «Қазақ хандығы» картиналарындағы рөлдері арқылы жақсы таныс. Сондай-ақ, актер «Тайталас» хикаясында басты рөлді сомдаған.
Еске сала кетсек, алдыңғы жолы Элджейдің «Suzuki» әніне түсірілген бейнебаяны жарыққа шыққан болатын, оның түсірілімі Алматыда өткен.
.jpg)






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін