È

Азамат Сатыбалды жеке театр ашты

Актер Азамат Сатыбалды жеке театр ашты

Отандық театр және кино актері Азамат Сатыбалды продюсерлік саламен айналысуды шешті. Ол биыл «Cinema 28» киностудиясының негізін қалап, «Бір сен үшін» жаңа фильмінің продюсері атанды. Сонымен қатар, «Театр 28» атты өзінің жеке театрын ашып үлгерді.

«Театр ашу идеясы 10 жыл бұрын туындаған еді. Осыншама жыл аралығында мен оған ұзақ дайындалдым. «Театр 28» жоғары жастағы аудиторияға бағытталған, ол жерде қойылымдарды арнайы шақырылған режиссерлар мен актерлар қояды. Ал мен театр қойылымдарының продюсерлігімен айналысамын»,-дейді Азамат Сатыбалды.

Театрдың алғашқы қойылымы Михаил Задорновтың аттас комедиясының желісімен қойылған режиссер Айдын Сахаманның «Күйеуіңізді сатыңызшы» туындысы болмақ. Негізгі рөлдерді актрисалар Ажар Мағзұм және Жанар Мақашева сомдайтын болады. Қойылымның тұсаукесері 15-мамыр күні Алматы Мемлекеттік қуыршақ театрында болады.

Қазіргі таңда «Театр 28» тобы аталған қойылымға қызу дайындық үстінде.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Игорь Бабичев

Актер

Максим Митрофанов

Актер

Джон О’Нил

Актер

Талас Бойченко

Актер

Сәбит Мұстафа

Актер