È

Қазақстандық актерлердің негізгі мамандықтары

Қазақстандық актерлердің негізгі мамандықтары

Ал қазақ киноөндірісінде қалай? Біздің киножұлдыздарымыздың негізгі мамандықтарын білгіңіз келе ме? Онда ары қарай оқыңызар.

Ерден Телемісов – өзінің арманына жеткен қазақстандық актер. Сарань қаласының тумасы Қазағанды университетінже биолог мамандығы бойынша диплом алған. Ұзақ уақыт сауда-саттық саласында еңбек еті. Алайда шығармашылық қабілеті алға сүйреп, ол 30 жасында «Вторжение» жобасына қатысты. Актер «25-інші шақырым» комедиясында басты рөлге түсті. Бүгінде актер 15 кинокартинаға түсіп үлгерген.

Сұлу да, сымбатты актриса Қарлығаш Мұхамеджанова да киноға кездейсоқ келді. Заңгер мамандығын игерген жас қыз 2009 жылы «Лавэ» фильмінде дебюттық рөл ойнады. Одан кейін «Возвращение в «А», «Махаббат тәлкегі» фильмдерне түсті. Жалпы актрисаның қоржынында 10-астам фильм бар.
Келесі актер баршаға таныс, бірақ оның бала кезінде кәуап пісіргіш болғысы келгенін екінің бірі біле бермейді. Фархат Абдраимов өз арманына жетті де, ол Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінде технология және қоғамдық тамақтануды ұйымдастыру факультетін бітіріп, тіпті мейрамхана директоры болып қызмет те атқарды. Алайда тағдырдың жазуымен ол қазақстандық-ресейлік жоба «Тот, кто нежнее» картинасына түсіп, алғаш реет рөл ойнады. Сөйтіп «1996 жылдың ең үздік актеры» марапатына ие болды. Қзақатсандықтарға актер ойнаған «Фара», «Жел адам», «Алқызыл қоян туралы ертегі» фильмдері жақсы таныс. Қыздардың жүрегін жаулаған актер Санжар Мәдиев Қазақ ұлттық университетінің экномика факультетін тәмамдаған. Сондай-ақ ол Қазақ өнер академиясында да оқыды. Оның кинодағы алғашқы қадамы 2009 жылы «Арман қала» фильмінен басталды. Содан бері актер 10-нан астам картинаға түсіпті. Бүгінде көрермен оның «Защитиник» фильміндегі кезекті рөлін асыға күтуде. Келесі актриса қысқаметражды «Қара қу» лентасына жасалған пародия арқылы танылды. Иә, бұл Айсұлу Әзімбаева. Жас актрисаның негізгі мамандығы қаржыгер, жарнама саласында да еңбек етті. Мерекелер мен түрлі салтанатты іс-шараларды ұйымдастырумен де айналықан. Ал актерлық карьерасын Айсұлу 2010 жылы «Әсел және оның достары» фильміне түсуден бастады. Оның соңғы түскен жобасы – «Один из нас» сериалы.

Келесі кейіпкерді танымау мүмкін емес! Еліміздің ең басты комикстерінің бірі, Сабина келінді ойлап тапқан – Нұртас Адамбай. Көбіміз оның халықаралық қатынастар саласының маманын екенін біле бермейміз. Ол университеті қабырғасында жүріп КВН арқылы көпшілікке танылып үлгерген. Әйтпесе еліміз мұндай дарын иесінсіз қалар еді. Актер ертінде ол ең алғаш «Откройте дверь – я счастье» жобасынан бастады. Сабинаның рөлі де оған сәттілік әкелді. Картинада ол тек актер ғана емес, өзі режиссер, өзі сценарист әрі продюсер.

Қазақстандағы ең сымбатты актерлердің бірі Тәуекел Мүсілім, ол инженер-механик. Ол шоу-бизнеске қалай келді, солай бірнеше жарнамалық роликтерге, одан кейін телебағдарламаларға түсті, содан кейін бірден «Махаббатым жүрегімде» фильмінде басты рөлде ойнады. Қазақстандық кино саласында мұндай мамандық иесі тек Тәуекел ғана емес. Жас актриса Динара Бақтыбаеваның да негізгі мамандығы инженер. Ол «Қыз бен жігіт» картинасы арқылы танымал. Киноға кездейсоқ келген актриса әзірге екі фильмге, үш сериалға түсіп үлгерді.

Жалпы кинемотограф әлемі кімге болса да әрқашан да ашық. Ең бастысы, керек кезде, керек жерден табылсаң болғаны. Сондай-ақ дарының мен арманыңның болғаны да маңызды.

Әйгерім Қасқыр

Аударған Айнұр Сенбаева

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Ержан Рүстембеков

Режиссер

Әнуар Нұрпейісов

Актер