È

«Қазақстандық тұсаукесер». №6 Шығарылым: «Игра престолов» тересериалының 6 маусымы

«Қазақстандық тұсаукесер». №6 Шығарылым: «Игра престолов» тересериалының 6 маусымы

Журналсит: – «Игра престолов» – драмалық сериалдардың ішіндегі ең ірі бюджеттісі, ол көптеген марапаттардың иегері және ең көп көрермен жинаған картина. Алтыншы маусымға аз қалды, табынушылар, дайындалыңыздар.

<iframe width="560" height="315" src="https://www.youtube.com/embed/AX9SCqHIXDc" frameborder="0" allowfullscreen></iframe>

Журналист: – «Игра престолов» фильмі неліктен көрерменді ынтық етті деп ойлайсыз?

Нариман Набиев, «Меломен» компаниясының өкілі: – Мен де сериал табынушыларының бірімін, өзіме ұнайды. Жалпы фэнтези жанры кинода үнемі танымалдыққа ие. Мұндағы фэнтези қашанда адамдарды қызықтыратын саяси шиеленістермен сауатты байланыстырылған.

Журналист: – Сіз «Игра престолов» фильмінің табынушысысыз ба?

Тұрар Рахымберлин, әнші: – Табынушысымын деп айта алмаймын, бірақ кейінгі кезде қатты қызығып көрдім. Мен сериал қарсыластарының бірі едім, өйткені «Игра престолов» сериалын көру міндетті бір дәстүрге айналып кеткендей әсер қалдыратын. Сондықтан мен көрмейтінмін, кейін достарым бұл сериалды көрмесең, өмірден бос қаласың деп бой бермей көрсетті. Мен қалай бастап көрдім, солай қатарынан 5 маусымын көріп шықты. Енді міне, алтыншысын күтудемін. Онда Джон Сноуға не болатыны ғана емес, жалпы жалғасы қалай болатыны қызық. Маған ұнаған кейіпкерлер шетінен өлтірілгенде менің таңданысымда шек болмады. Меніңше, оларға кейіпкерді өлтіру, біздің су ішкеніміз секілді оп-оңай. Сондықтан мен егер алтыншы бөлімде барлық кейіпкелерді өлтіріп, жетіншісінде жалғыз Арья Старк өсіп шығып, басқа жаңа кейіпкерлерді тауып алса да таң қалмаймын. Меніңше, неде болса жалғасы керемет болады, немен аяқталатынын көрейік. Бірінші сериясында бірден бәрін түсіну мүмкін емес, дегенмен қызық болатынына сенемін. Барлығымыз күтудеміз.

Журналист:Ерден, «Игра престолов» картинасының табынушысыз ба?

Ерден Телемісов, актер: – Иә, осы тұста бір қызық оқиға есіме түсіп тұрғаны. Мені сериалдың алғашқы маусымы басталғаннан-ақ көруге үгіттеді. Бірақ мен уақытымды босқа кетірмейін деп, көруге аса құлқым болмады. Бірақ бесінші маусымның аяғында Джон Сноу өлген кезде айналамдағылардың бәрі оның өліміне қатты қаййғырды. Сол кезде мені бір сұрақ мазалай бастады. Сонша көрермен оның өліміне қайғыратындай қандай кейіпкер? деп ойладым. Сондай-ақ YouTube-та Джон Сноудың өлімін адамдардың қабылдауы деген роликтерді көрдім. Осындай қызығушылықтан кейін мен сериалды басынан бастап көріп шықтым. Бес күнде барлық 50 сериясын көріп тастадым.

Журналист:Алтыншы маусымнан не күтесіз?

Ерден Телемісов, актер: – Алтыншы маусымда Джон Сноуды тірілтетін шығар деп ойлаймын. Маған қызық болып тұрғаны осындай сериалдың авторлары басқа не ойлап табуы мүмкін. Өйткені өткен 5 маусымда бірнеше мәрте жүрегім қарс айрылды, небір жақсы, мейірімді адамдарды аяусыз өлтірді сценарийстер. Енді осы маусымда немен таң қалдырар екен?

Журналист: – Сүйікті кейіпкеріңіз бар ма?

Ерден Телемісов, актер: – Сүйікті кейіпкерім Карлик шығар. Өйткені бәріміздің ішкі дүниеміз әртүрлі. Кейбіреуіміз үлкенбіз, бірақ арланамыз, ал кішкентай адам өте ақылды, мықты, құрметке лайық. Сериалдағы менің батырым Карлик.

Журналист: – Әсел, Сіз «Игра престолов» картинасының табынушысыз ба?

Әсел Сәдуақасова, актриса: Иә, болғанда қандай. Мен алғашқы маусымынан бастап көрмеген едім. Осыдан 1-2 жыл бұрын қыстың күні зеріккен кезімде маған осы сериалды көруге кеңес берді. Сөйтіп бірнеше сериясын көргеннен кейін қатты қызыққаным соншалық барлық маусымын бір аптада көріп тастадым да, бесінші маусымды күттім. Сол секілді қазір алтыншы маусымды күтудемін. Бірақ мен әр апта сайын бір сериясын көрмеймін, бүгін ғана алғашқы сериясын көрдім. Енді барлық 10 сериясы шыққан кезде мен асықпай, рахаттанып отырып көремін.

Журналсит:Алтыншы маусымынан не күтесіз? Сюжеті қандай болады деп ойлайсыз?

Әсел Сәдуақасова: – Меніңше бәрі де бұрынғыларындағыдай қым-қуыт болады, көп қан төгіледі, бас кейіпкерлердің көбі өлтіріледі, жаңа кейіпкерлер пайда болады. Трейлерінен-ақ экшнның көп болатыны белгілі. Бұған дейінгі трейлері мұндай әсерлі болмаған. Қызық көп болатын секілді.

Журналист:Сіздің сүйікті кейіпкеріңіз бар ма? Ол тірі ме?

Әсел Сәдуақасова: – Иә, менің сүйікті кейіпкерім – Дейенерис, екінші – Джон Сноу, ол тіріледі деп үміттенемін. Бұл «Игра престолов» болғандықтан бәрін де күтуге болады. Старки де ұнайды.

Міне, «Игра престолов» телесериалының алтыншы маусымының бірінші сериясы да көрсетілді. Сериалдың сансыз табынушыларына фэнтези драмасын бағалаушылар тағы да көптеп қосылады деп ойлаймыз.

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

17 Мамыр, 2016

Джон Сноудың тағдыры Кит Харингтонға айппұлдан құтылуға көмектесті

Өткен аптада «Игра престолов» фильмінде Джон Сноудың рөлін ойнаған актер Кит Харингтон өміріндегі қызық жағдйды БАҚ өкілдерімен бөлісті. 

Айнур

Мировое кино

2 Мамыр, 2016

«Игра престолов» ересектерге арналған фильмдерден де танымалырақ

Танымал сайттардың бірі жазғанындай, Внстоерос тұрғындары турады фильмнің алтыншы маусымының алғашқы сериясы көрсетілген күні ересектерге ғана арналған бірнеше миллион қолданушысы бар сайттың күнделікті көрермендерінің саны 4 пайызға азайған.  

Айнур

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Таныс бейне

Дастен Шәкіров

Актер

Құралай Анарбекова

Актриса