Өткен аптада «Игра престолов» фильмінде Джон Сноудың рөлін ойнаған актер Кит Харингтон өміріндегі қызық жағдйды БАҚ өкілдерімен бөлісті. Былтыр сериалдың 5 маусымы енді түсіріліп біткен кезде Харрингтон көлігімен жол полициясын байқамай, жылдамдықты асырып жіберген көрінеді. Заң қызметкері оны тоқтатып, бұл жағдайдан шығудың екі жолын ұсыныпты, бірі бөлімшеге барып жол тәртібін бұзғаны түсініктеме беру, екіншісі жазадан құтылу үшін Джон Сноудың ары қарайғы тағдыры туралы айтып беру. Кит полиция қызметкерлеріне кейіпкерінің тірі қалатынын айтқан екен. Полиция қызметкері қуанып кетіп, оған «Жолың болсын» деп қоя бергенін айтты. Кейіпкерінің құпиясын актер тек төрт адамға ашқан – ата-анасына, сүйікті қызы Роуз Леслиге және полиция қызметкеріне.